Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет97/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   132
 
Үлкенге ізет 
 
Бала кезімізде ауылда тұрдық. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрін, әдеп-
ғұрпын қанымызға сіңіріп өстік. Қарт кісілердің айтқанын екі етпей орындап, 
алдын кесіп өтпейтінбіз. Ата-ана тәрбиесі сондай болды. Көпшіліктің 
мәселесін негізінен ауылдың бетке ұстар, сыйлы ақсақалдары шешетін. Ауыл 
басшылары да жиналыстарға өмірді көрген, талай қиыншылықтарды 
бастарынан өткізген, өмірлік тәжірибелері мол, көкірегі ашық, парасатты 
көнекөз қарияларды шақырып, салиқалы ой-пікір бөлісіп, олардың айтқан 
ақылын зерделеп, зейін қойып тыңдайтын, ой таразысына салып, оны 
қорытатын. Сөйтіп барып қана соңғы шешім қабылданатын. Қазақтың 


117 
«кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген философиялық сөзіне сай, содан 
кейін қателесу, өкініш пен «әтеген-ай»-лар өте сирек болатын.
Ағайын арасындағы кішігірім кикілжің, дау-жанжал, шекісу, 
түсініспеушілік те елге сыйлы, парасатты ақсақалдардың кеңесінен кейін 
шешіліп, өзара бітімге келіп, әрі қарай өршімей доғарылатын. Тіпті, кейде 
бұзақы, тентек, мазасыз жастарды орталарына салып, олардың жағымсыз
теріс қылықтарын беттеріне басып, ұялтып, тергеу органдарына, сотқа 
жібермей-ақ өздері түзу жолға, жөнге салатын. Ауыл ақсақалдарының 
айтқаны, қабылдаған шешімі – баршаға жазылмаған заң болатын. Солардың 
сол бір іс-әрекеттерін көріп, қазақтың «қариясы бар ауылдың – дариясы бар» 
деген қанатты, дана сөзін еске алатынбыз. 
Иә, ауылдың көреген, қадірлі қарияларының рөлі ол кездері ерекше 
болатын еді-ау, шіркін! Сырттан келген басшылар да оларға бұрылып келіп 
сәлем беріп, ел ұйтқысы болып отырған ақсақалдарды қадірлейтін, 
құрметтейтін, ардақ тұтатын. Тіпті, бұны біз сол кездері ұлтымыздың атадан 
балаға жалғасып келе жатқан жақсы бір салт-дәстүрі деп қабылдайтынбыз. 
(https://massaget.kz/blogs/) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет