Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет96/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   132
Бесік жыры 
 
Бесік жыры сәбидің дұрыс жетілуіне әсер етеді. Сәби үшін ана сүтінің 
маңызы қандай болса, бесік жыры да дәл сондай маңызды. Сәбидің миы 
жақсы даму үшін, бесік жырынан артық тиімді нәрсе жоқ.
1916 жылы психоневрология институтының ғалымы, академик 
Владимир Бехтерев: «Балалардағы невроз ауруының алдын алу үшін бесік 
жырын тыңдату керек» деген тұжырым айтқан. Ал психолог Виталий 
Леутиннің айтуынша, бесік жырын тыңдау сәбидің ми қыртыстарының 
дұрыс дамуына әсер етеді.
2001 жылы Ресейдің Тюмень қаласының ғалымдары ұзақ мерзімді 
тәжірибе жүргізеді. Олар жастары шамалас бірнеше сәбиді іріктеп алып, екі 
топқа бөліп бақылайды. Алғашқы топтағы сәбилер анасынан тұрақты түрде 
бесік жырын ғана тыңдайды. Ал екінші топтағылар әртүрлі әуендер 
тыңдайды. Алты ай мерзімнен соң бөбектердің ми қыртыстары тексеріледі. 
Нәтижесінде бесік жырын тыңдамаған балалардың миындағы нейрон 
жасушалары баяу дамып, ойлау қабілеті бәсеңдегені байқалады. 
Мамандар бесік жырын баланы емізгеннен кейін күніне 2-3 рет айтуға 
кеңес береді, ал оның ұзақтығы 10 минуттай болуы тиіс. Бесік жырын 3 


116 
жасқа дейін тоқтатпай айтқан дұрыс. Сәби тәтті ұйқыға кеткеннен кейін де 
бес минут бойы үзбей айтса, пайдасы көп. 
Нәресте барлық ақпаратты есту арқылы қабылдайды. Сондықтан 
сәбиге бар мейірім, махаббатты жеткізудің бірден-бір жолы бесік жырын 
айту екен.
(Амангүл Ермекқызы.
 
http://mazhab.kz/

 
Бәсіре 
 
Қазақ халқы – ежелден салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа бай халықтың 
бірі. Ата-бабадан жалғасып келе жатқан ұлттық құндылықтарымыздың 
астарында ұрпақ тәрбиесі жатыр. Мәселен, шаңыраққа тұлымды ұл келсе, 
бабаларымыз сол күні туған құлынды немесе ботаны нәрестенің бәсіресі деп 
атайтын болған. Ұмытылып бара жатқан салт-дәстүріміздің бірі осы – бәсіре. 
Бәсіре – ер бала ат жалын тартып мінуге жараған кезде ата-анасының 
немесе нағашыларының мінгізетін тайы. Бәсірені баламен бірге қадағалайды, 
бұла қылып өсіреді. Бұл дәстүрдің тәрбиелік мәні зор. Меншігіне тиген 
тайын бала өзі күтіп, баптап жүріп өзіне үлкен жауапкершілік артылғанын 
сезініп, шаруаға бейімделеді. Яғни, есейе келе бәсіресі бар баланың малға 
деген ықыласы артып, пейілі түзу болады. Сондай-ақ бәсіре дәстүрі бала 
денсаулығын да шыңдап, физикалық тұрғыдан мықты болып өсіп-жетілуіне 
септігін тигізеді. Кішкентайынан ат үстінде отырып, буынын бекітіп, дене 
тұлғасын түзейді. 
Қазақ халқының ұғымы бойынша, дүниеге келген баланың болашағы 
өзіне атаған бәсіремен тығыз байланысты. Сондықтан оны ешкімге мінуге 
бермейді, сатпайды. Бастысы, оны сойып жемейді. 
Ал енді бәсіре сыйдың салмағы – баланы жастайынан еңбекке 
баулудың бірден-бір жолы. Еншісіне тиген тайды баптап-өсіру бала үшін де 
қызықты. Сыйға тартқан бәсіресі – өсіп келе жатқан жеткіншекті болашаққа, 
жақсы күндерге апаратын көлігі, қанаты болсын деген жақсы ырымы. 
«Бәйгеге салса жүлдесі, додаға түссе қайраты, тойға барса мақтанышы, жауға 
шапса сенімді серігі, әрі қаруы болсын» дейтін ұлы тілегі.
(Г.Әбдіханиқызы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет