Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Қазақтың қасиетті дәстүрі



Pdf көрінісі
бет98/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   132
Қазақтың қасиетті дәстүрі 
 
Қазақта келін шайы деген бар. Той өткеннен кейін ауылдың кемпір-
шалдары келіннің тәтті шайын ішеміз деп мәз боп келеді. Келіннің шай 
құйғаны, шай ұсынғаны, жүріс-тұрысы барлығы сарапқа салынады. Алғашқы 
келіндік сыннан өтеді. Содан кейін әжелер шай ішіп болғаннан кейін кесеге 
сақинасын салады, аталар батасын береді. «Мә, мынаны итаяғыңа сал» деп 
біреуі білезігін, сақинасын береді. Неге? Тұңғышын қырқынан шығарған 
кезде күмісті суға салады. Болмаса, «мен келін шайын берген кезімде 
пәленше әжем беріп еді» деп сақтап қойып, келініне береді. Қазақта «Алтын 
сәндікке, күміс емдікке» деп айтады. Қазақ күмісті көп пайдаланған. Өйткені 
күмістің қасиеті көп. Баланы қырқынан шығарар кезде күміс салатын, себебі 
біріншіден, судың күшін күшейтеді, екіншіден, залалсыздандырады. Ұлдарға 
да, қыздарға да күміс сала береді.
Қазақ – керемет данышпан халық. Қырық күннің қасиетін қазақ атам 
ерте заманнан білді. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 42 күнді 
айтады. Бұл бала үшін де, ана үшін де қауіпті. Қазақ осыны қайдан білді? 
Неге жас босанған келінді 40 күн суық суға қолын салғызбай, шаруаға 
салмай күтті? Баланы 40 күнге дейін сүйгізбейді, қол-аяғын жерге тигізбей 
алып жүреді. 40 күндік баланың көзі көрінбейді, ал қырқынан қалай шығады, 
көзі жылтырап қалады. Не үшін қырқынан шығарады? 40 күннен соң ет пен 
сүйек бірігеді, ал оған дейін ұстап көрсең, баланың буын еті былқылдап 
жатады. Адам қайтыс болғанда қырқын береді. Онда ет пен сүйек ажырайды. 
Біз соның құрметіне береміз. 
(З.Ахметова) 
 
 


118 
2.
 
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫ 
Жеңімпаз 
 
Бір бозбала ұстазға келіп, одан білім үйренгісі келетінін айтады. Сонда 
ұстаз:
- Оның саған керегі не? - деп сұрайды. Бозбала:
- Мықты әрі жеңімпаз болғым келеді, - деп жауап беріпті. 
- Онда жан-жағыңдағының бәріне мейіріммен қара, сыпайылық, 
әдептілік таныт, қырағы бол. Мейірімді және әдепті болсаң, ел саған 
құрметпен қарайды. Ал сенің жаның тазарып, мейірімің артады, демек күшің 
де көбейе түспек. Қырағылықтың арқасында кез келген өзгерісті байқай 
білесің. Осылайша түрлі келеңсіздіктің алдын алып, күреске түспей-ақ 
жеңімпаз бола аласың.
- Қалайша?
- Өйткені сенімен күреске түсетін ешкім де болмайды, - дейді ұстаз. 
Бұл әңгімеден кейін өз жөнімен кеткен бозбала бірнеше жылдан кейін 
ұстазға қайта келеді. 
-
Саған не керек болды? - деп сұрайды ұстаз.
Сонда ол:
- Мен Сіздің хал-жағдайыңызды біліп, көмегім керек емес пе екен деп 
келдім, - депті... Бозбаланың сөзіне разы болған ұстаз оны шәкірт қылып 
жанына алыпты...
(https://massaget.kz/layfstayl/debiet/tmsil/52163/)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет