Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет17/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   132
 
 
2.
 
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫ 
 
 
 
2.1. АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ 
 
Тыңдалым. Айтылым 
 
1-тапсырма. 
Тыңдаңыз. Сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз

Өскен орта, оң бағыт беру, теріс жерін дереу жөндеу, демеп жіберу, 
жүктелер міндет, жағымсыз қылық, арылту, ақылдылық таныту, асыл 
қасиеттер, үздіксіз ұялату, айналасымен санасу.
 
2-тапсырма. 
Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз. 
1) Адамгершілік әліппесі дегенді қалай түсінесіз? 
2) Адамгершілік дегеніміз не? 
3) Адамгершілікке не жатады? 
4)
Адам бойында адамгершілік қасиет қалай қалыптасады? 
Оқылым. Айтылым
 
3- тапсырма. 
Мәтінді оқыңыз.
 
 
Адам бойында адамгершілік қасиеттің болуы жанұяға, өскен ортасына 
байланысты. Бала ісінің дұрыс екенін қоштап, оң бағыт беріп, теріс жерін 
дереу жөндеп, демеп жіберу – ата-ана мен тәрбиешіге жүктелер міндет. 
«Адам бойында жақсы қасиеттер көп болса, оған бақ та, бақыт та қонады» 
деген сөзге сүйенсек, жағымсыз қылық-қасиеттер болса, одан арылту қажет. 
Көптеген қайырымды істер жасап, жақсы мінез-құлықтарды өн бойыңа 
жинап, ақылдылық танытсаң, міне, адамшылдық деген осы!
Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт 
бере білсек, ол бала солай бола алады», - дейді. Демек, балаға жан-жақты
Үш-ақ нәрсе адамның 
қасиеті: 
ыстық қайрат,
нұрлы ақыл,
жылы жүрек. 
(А.Құнанбаев) 


23 
терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз 
ұялата білсек, ертеңгі азамат – жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының 
қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. 
(Өтегенова Ә.Ж. bilimsite.kz.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет