Курс
|
1
|
Күні
|
26.01.2021
|
Тарау
|
I ТАРАУ. Таным жолында
|
Сабақтың нөмірі және тақырыбы
|
№18 сабақ. Өзіңді табу
|
Құндылық
|
Дұрыс әрекет.
|
Қасиеттер
|
Адалдық, жауапкершілік
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушыларға өмірді жақсылық жағынан танып – білу – өзін – өзі танудың негізі екенін дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып түсіндіру.
|
Міндеттері
|
Оқушыларды адамның ойы, сөзі, ісінің жақсылыққа бағытталуының үйлесімділікте өмір сүру негізі екенін ұғындыру.
Оқушыларды өзіне және өзгелерге жақсылық жасауға баулы отырып, үйлесімділікте өмір сүруге үйрету
Қайырымдылыққа, ризашылыққа тәрбиелеу
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңдері
|
Мұғалім сөзінің мәтіні
|
Ресурстар
(материалдар, дереккөздер)
Bilimland
|
Мұғалімнің кіріспе сөзі
|
Жағымды күйге келу
Балалар ережені есімізге түсіріп, тәртіпті сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік
|
|
Дәйексөз
|
Айнымайтын ақжүрек пен
Таза ақылды адамның
Таппасы жоқ өмірде,
Осынымды ұқ, балам!
Шәкәрім
Дәйек сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?
Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?
|
|
Оқиға әңгімелеу
|
Бейнефильм
|
https://www.youtube.com/watch?v=RvTwU79sQ8Y
|
Әңгімелесу
|
Бейнефильмдегі адамдардың өмірлік ұстанымдары қандай құндылықтармен қасиеттерге негізделген?
- Бейнефильмдегі оқиғаны «Жақсылық жалғасын табады» деп қорытындылауға бола ма?
- Бейнефильмнен қандай ой түйдіңіздер?
|
|
Шығармашылық іс-әрекет
|
Тапсырма
Лев Толстойдың «Жастарға өсиет» атты мәтінінен түрлі адамдардың(ізгі, тоғышар) өмірлік ұстанымдарын салыстырып, кестені толтырыңыздар. Ойларыңызды дәйектеңіздер.
Тапсырма
Лев Толстойдың «Бақытты болу үшін қалағаныңды істемей, істеп жүргніңді жан-тәніңмен қалауың керек» деген ойын басшылыққа алып эссе жазыңыздар.
|
|
Жоба жұмысы
|
Жоба күнделігі.
|
|
Сабақтың аяқталуы
|
Рахмет!
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.
|
|