Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет35/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   132
Жазылым 
 
10-тапсырма. 
Мәтіннен адам қасиеттеріне байланысты сөздерді теріп 
жазыңыз. 
 
11-тапсырма. 
Сұрақтарға жауап беріңіз. 
 

«Білім – инемен құдық қазғандай». Неге? 

«Білікті маман болу үшін, ең алдымен, адам білімді болу керек» деген
пікірмен келісесіз бе? 

«Тура биде, туған жоқ» дегенді қалай түсінесіз? 

«Білмегеніңді сұрауға ешқашан ұялмау керек» деген пікірге
көзқарасыңыз қандай? 

Сіздің бойыңызда мәтінде айтылған қабілеттер бар ма? 

Қандай адамды көшбасшы дейміз? Кез келген адам көшбасшы бола ала
ма? 
 
3.2. ҚАБІЛЕТ ЖӘНЕ МҮМКІНДІК 
 
Тыңдалым. Айтылым 
 
12-тапсырма.
Тыңдаңыз. Сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз

Асыл мұра, әрқилы деңгей, қастерлеу, біте қайнасу, еңбегінің жемісін 
тату, сый-құрметке бөлену, ел игілігіне жұмсау, несібе, іске кірісу, сын 
тұрғысынан қарау. 
 
13-тапсырма.
 
Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз. 
 
1) Қабілет дегенді қалай түсінесіз? 
2) Қабілетті қалай байқауға болады? 
3) Адам қабілетінің дамуы қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына, 
ғылыми-техникалық прогреске байланысты бола ма? 
4) Сіздің бойыңызда қандай да бір қабілет бар ма? Мысал келтіріп айтыңыз. 
5) Мүмкіндік дегеніміз не? 
6) Бүгінде жастарға қандай мүмкіндіктер жасалып отыр? 
 
Оқылым. Айтылым 
 
14-тапсырма. 
Мәтінді оқыңыз. 
 
Қабілет
– адамның бір іс-әрекетті орындауда әрқилы деңгейде 
көрінетін жеке қасиеті. Оны данышпандар асыл мұраға да теңейді. Өйткені 
кез келген адамда ерекше бір көзге түсетін қасиет болады. Егер де сол адам 


42 
оны қастерлеп, өмірмен біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса, 
иесінің қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Мұндай жан бәрібір өзінің алдына 
қойған мақсатына жетіп, еңбегінің жемісін татады. Олардың өз отбасына да, 
туған-туыс, қоғамына да тигізетін пайдасы зор. Яғни, адам неғұрлым 
қабілетті болса, ол соғұрлым қай істі де табысты орындап, сый-құрметке 
бөленеді. Иә, адамдар үшін өз қабілетін жақсы істерге, ел игілігіне 
жұмсағаннан артық бақыт жоқ. Тек есте болатын бір жағдай, кейбір 
адамдарда ерекше бір көзге түсетін бірнеше қабілет қатар кездеседі. Бұл – 
Жаратқан Иеміздің сол адамға берген несібесі. 
 
Ұлы ойшыл Кіші Сенека: «Адам өз қабілетінің қандай екенін бір іске 
кіріскенде ғана біледі», - депті. Ол рас. Сол себепті әрдайым өз ісіңе сын 
тұрғысынан қарап, одан қорытынды шығара білуің қажет. 
(Қабілет Malimetter.kz) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет