1-жүргізуші: Той пердесін ашайық Аналарды құрметтеп Ән маржанын шашайық 2-жүргізуші



бет1/4
Дата07.05.2023
өлшемі53 Kb.
#90839
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Ана-өмірдің шуағы!




Сабақтың мақсаты: оқушылардың ата-ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый-құрметке тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

Күннің жылынғанын, көктем мезгілінің келгенін «Аққу» биімен көрсету.


Музыка әуенімен балалар ортаға шығады.




1-жүргізуші: Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.
Ана барлық - өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, 
Аяулы аналар мен әжелер, арулар! 
2-жүргізуші: Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке ! 
Тәуелсіз еліміз тұрғындары ертеңгі күнге сеніммен қарайды. Бұл сенімділік қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және ауқымды жоспарларды іске асыру мүмкіндігіне көмектеседі. Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек , жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан –ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. 
1-жүргізуші:
Той пердесін ашайық 
Аналарды құрметтеп 
Ән маржанын шашайық 
2-жүргізуші:
Құтты болсын ардақты анам 
Асыл анам мерекең 
Құтты болсын ұстаздарым 
Қуанышты берекең 
Алиакбар Ұлдананың орындауындағы «Ана туралы жыр» әнін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: Көрініс: «Ана мен бала».
Сахнада әке мен бала отырады. Әкесі қайтаратын қарыздарын есептеп отырады, оны көрген баласы бірден бөлмесіне келеді. Басына бір ой келіп, анасына жасаған ұсақ-түйек көмегі үшін ақша сұрамақшы болады.
Келесі күні анасы ас үйдегі үстелдің үстінен қағазды көріп оқиды. Онда былай деп жазылыпты. Анасының ұлына қарызы: дүкеннен сөмке тасығаны үшін – 100 теңге, хаттарды поштаға салғаны үшін – 70 теңге, жақсы бала болғаны үшін – 500 теңге, гүлдерге су құйғаны үшін – 300 теңге, барлығы – 970 теңге.
Келесі күні бала үстелдің үстінен 970 теңгені көріп қатты қуанып кетеді. Оның қасында тұрған бір парша қағазды алып оқиды. Онда былай деп жазылған екен. Ұлының анасына қарызы: үйде өткізген 10 жыл бақытты өмірі үшін – ешнәрсе, 10 жыл ішінде ішіп-жегені үшін – ешнәрсе, ауырған кезде бағып-күткені үшін – ешнәрсе, жақсы анасы болғаны үшін – ешнәрсе. Оны көрген бала ұялғанынан анасына қарай жүгіреді. Анасын құшақтап кешірім сұрайды. Ақшаны анасына қайтарып береді.


2-жүргізуші:
Дүниенің жарық күні анамыз 
Дана болсақ анаменен данамыз 
Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын 
Анаға арнап тағы бір ән саламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет