Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет42/132
Дата20.10.2023
өлшемі3,06 Mb.
#119864
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   132
Байланысты:
В1. Қазақ тілі. Асанова, Абдуова, Әділбек, Мағзұмбекова

3.4. ЖҰМЫС ТҮРІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ 
 
Тыңдалым. Айтылым 
 
10-тапсырма. 
Тыңдаңыз. Сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз

Еңбекақы, еңбек ұжымы, өндірістік қызмет, жалпылама атау, сыйақы, 
төлем, жұмыс беруші, төлем мөлшері, күндік ақы, сағаттық ақы. 
11-тапсырма. 
Ойыңызды білдіріңіз. 
 
1) Еңбекақы дегеніміз не? 
2) Жұмыстың қандай түрлері болуы мүмкін? 
3) Сіз ақылы жұмыс түрін істеп көрдіңіз бе? 
4) Егер жұмыс істеген болсаңыз қанша жалақы алдыңыз? 
5) Алғашқы еңбекақыңызды қалай және қайда жұмсадыңыз? 
6) Алғашқы табысыңызға кімдерге сыйлық жасар едіңіз? 
 
Оқылым. Айтылым 
 
12-тапсырма. 
Мәтінді оқыңыз. 


48 
Бір кедей күні бойы жұмыс істеп, қатты шаршайды. Бір арша ағашын 
әрең кесіп жерге құлатқанда, жоғарғы жағынан екі жұмыртқа домалап түседі 
де, жарылып қалады. Біріншісінен бүркіттің балапаны шығады да, лезде өсіп, 
адам бойымен бірдей болады. Екінші жұмыртқадан алтын жүзік шығады. 
Бүркіт кедейге: 
– Ей, адам, сен мені құтқардың. Мен саған мына алтын жүзікті 
сыйлаймын. Бұл – сиқырлы жүзік. Бірақ жүзіктен бір-ақ рет тілек тілейсің. 
Тілегің орындалған соң, жүзігің жай жүзікке айналады. Сондықтан тілегіңді 
айтпастан бұрын жақсылап ойлан. Әйтпесе, кейін өкініп жүрерсің,– деп 
бүркіт ұшып кетеді. 
Егінші жүрегі жарылардай боп үйіне қайтады. Жолда зергердің 
дүкеніне соғып, жүзіктің қанша тұратынын сұрайды. Зергер: 
– Екі алтындай болатын шығар,-дейді. Кедей қарқылдап күліп, жүзіктің 
сиқырлы екенін, оған ешбір баға жетпейтінін айтады. Зергер қара жүректі 
адам еді. Ол кедейді қоярда-қоймай қонаққа шақырады. Үйінде ұйықтап 
жатқан егіншінің жүзігін ұрлап алып, соған ұқсас жай жүзік салып қояды. 
Келесі
күні кедей байғұс жөніне кетеді. Зергер есік-терезені мықтап бекітіп 
алып: 
– Жүз мың алтыным болса,– деуі мұң екен, үстіне алтын жауа 
бастайды. Зергер жанталасып, арлы-берлі қашады, бірақ есікті аша алмайды. 
Дүниеқоңыз зергер алтынға көміліп өледі. Ал қайырымды егінші болса 
әйеліне жүзікті көрсетіп: 
– Алла бізге рақым етті. Енді қалаған тілегіміз орындалады,– дейді. 
Әйелі: 
– Біз жер тілейік. Егістікке жер жетпей жүр ғой,– дейді. 
– Жоқ, бір жыл тырмысып еңбек етсек, жерді өзіміз-ақ сатып аламыз,– 
дейді күйеуі. Сол жылы өнімдері мол болып, жер сатып алады. Егіншінің 
әйелі: 
– Енді жүзіктен ат пен сиыр тілейік,– дейді. 
– Соны да жүзіктен сұраймыз ба? Тағы бір жыл ерінбей еңбектенсек, 
оған да қол жеткіземіз,– дейді кедей. Келесі жылы ат пен сиыр сатып алады. 
Әйелі тағы да: 
– Бұрын сен Аллаға жалбарынып, тілек тілеуші едің. Алла тілегіңді 
берді. Қазір патша боламын, зәулім сарайда тұрамын десең де, бәрі қолыңда. 
Шаршап-шалдығып жүргенше, рахатқа батып тыныш отырмайсың ба?– 
дейді. Сонда егінші тұрып: 
– Біз әлі жаспыз, өміріміз алда. Аллаға шүкір, бізде қазір бәрі бар. 
Жүзіктен бір тілек сұрасақ, сиқырын жоғалтады. Алдымызда қиын жағдайлар 
тап болмайтынына кім куә? Бізді қандай сынақтар күтіп тұрғанын қайдан 
білеміз? – дейді. Олардың арасындағы келіспеушілік осымен бітеді. Кедейдің 
қоймалары жыл сайын астыққа толып, бақытты да бақуатты отбасының 
біріне айналады. Жылдар тез өтіп жатады. Адал еңбекпен өмір сүрген егінші 
де өмірден өтеді. Жерлейтін кезде немерелерінің бірі қолындағы жүзікті 
шешіп алмақшы болады. Екіншісі оған қарсы болып: 


49 
– Атамыз өмір бойы бұл жүзікті қатты қадірледі. Өзі үшін аса қымбат 
ескерткіш болса керек, өзімен бірге кеткені дұрыс болар, – дейді. Осылай 
үйге бақыт пен байлық әкелген жай жүзік егіншімен бірге көміледі. 
(https://bilim-all.kz/article/2526)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет