Республикасы


Теориялық оқуға түсу жасы



Pdf көрінісі
бет27/36
Дата06.03.2017
өлшемі7,73 Mb.
#7884
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36

Теориялық оқуға түсу жасы
  – 
қандай
 
да бір бағдарлама немесе нақты бір білім 
деңгейін студент немесе оқушы екінші жылға қалмай немесе сыныпты аттап кетпей, толық 
мерзімде сыныптан сыныпқа қалыпты көшу арқылы оқыған ресми жас.
 
Жоғары  білім  беру  (ЖББ) 
– 
мамандарды  жоғары  білім  беру  бағдарламасымен 
дайындайтын білім беру деңгейі.
 
Жоғары оқу орны (ЖОО)
 – 
жоғары және жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім беру 
бағдарламаларын  жүзеге  асыратын,  ғылыми  зерттеулер  жүргізетін  жоғары  кәсіптік  оқу 
орны  (институт, академия, университет).
 
Гимназия 
– 
білім алушылардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес бастауыш, негізгі 
орта  және  жалпы  орта  білім  берудің  гуманитралық  бейіндері  бойынша  жалпы  білім 
беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны. 
 
GEP (Global Education Provider) – 
менеджмент,  маркетинг,  қаржы,  есепке  алу 
және  құқық  саласындағы  қазақстандық,  ресейлік  және  халықаралық  білім  беру 
бағдарламаларының провайдері.
 
Білім  беру  ұйымдарын  мемлекеттік  аттестаттау   
– 
білім  беру  ұйымдары 
көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына 
сәйкестігін бақылау мақсатымен жүргізілетін рәсім. 
 
Мемлекеттік  білім  беру  тапсырысы 
  - 
мемлекеттік  бюджет  есебінен 
қаржыландырылатын  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  білім  беру,  экономика  мен  өндірістің 
сұраныстарын  білікті  жұмыс  күшімен  және  қоғамның  интеллектуалды  әлеуетімен 
қамтамасыз ету үшін білікті қызметкерлер мен мамандар даярлау, біліктіліктерін арттыру 
және  қайта  даярлау,  сондай
-
ақ  білім  беру  жүйесін  оқу
-
әдістемелік  жағынан  қамтамасыз 
ету бойынша қызметтер көлемі.  
 
Ересектердің  сауаттылығы 
– 
15  және  одан  да  жоғары  жастағы  сауатты  халық 
үлесін көрсетеді.
 
    
Философия  докторы  (РһD),  бейіні  бойынша  доктор
  – 
тиісті  мамандықтар 
бойынша  докторантураның  кәсіптік  білім  беретін  оқу  бағдарламаларын  меңгерген  және 
диссертация қорғаған адамдарға берілетін ғылыми дәреже;
 

                                                                                   
ҰЛТТЫҚ
  
БАЯНДАМА
 
 
                                                                                                                                       
Ұлттық
 
білім беру ститистикасы
 
                                                                                                                                                     
және бағалау орталығы
 
201
 
Қосымша
 
білім  беру
  – 
білім  алу  қажеттерін  жан
-
жақты  қанағаттандыру 
мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі . 
 
Мектепке  дейінгі  ұйымдар
  – 
мектеп  жасына  жетпеген,  1  жастан  6  жасқа  дейінгі 
балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыратын білім беру ұйымдары. 
 
Ұлттық
 
бірыңғай  тестілеу  (ҰБТ) 
– 
орта  білімнен  кейінгі  немесе  жоғары  білім 
беретін  білім  беру  ұйымдарына  түсу  емтихандарымен  біріктірілетін,  жалпы  орта  білім 
беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі. 
 
Адами  даму  индексі  (АДИ)  немесе  адам  әлеуетінің  даму  индексі  (АӘДИ)   
– 
әлемдегі
 
елдердің  өмір  сүру  сапасының  интегралдық  көрсеткіші.  Бұл  көрсеткіштің  негізгі 
құрамдары: орташа өмір сүру ұзақтығының индексі; халықты білім беру жүйесімен  деңгейі 
мен сауаттылық деңгейін сипаттайтын білім индексі; ЖІӨ индексі
  
    
Инклюзивтік  білім  беру
  – 
оқытудың  тиісті  білім  беретін  оқу  бағдарламаларына 
білім  алушылардың  өзге  де  санаттарымен  тең  қолжетімділікті,  арнайы  жағдайларды 
қамтамасыз  ету  арқылы  дамытуға  түзету
-
педагогикалық  және  әлеуметтік  қолдауды 
көздейтін, мүмкіндігі шектеулі адамдарды бірлесіп оқыту және тәрбиелеу.
 
    
Шетелдік студенттер 
– 
Қазақстан Республикасының оқу орындарында білім алып 
жатқан шетелдік студенттер. 
 
Білім  алушыларды  қорытынды  аттестаттау 
– 
тиісті  білім  беру  деңгейінің 
мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартында  көзделген  оқу  пәндерінің  көлемін  олардың 
меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында
 
жүргізілетін рәсім. 
 
Біліктілік
  – 
білім  жөніндегі  құжатта  көрінетін  түр  және  түлектің  кәсіптік  қызметті 
орындауға немесе білімін жалғастыруға мүмкіндік беретін кәсіптік дайындық деңгейі. 
 
Қабылдау
 
квотасы
  – 
Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  анықталған 
белгілі  бір  санаттағы  азаматтарды  техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  және 
жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына қабылдау үшін бөлінетін мемлекеттік білім 
беру тапсырысының, оның ішінде білім беру гранттары көлемінің шекті саны.
 
Колледж
 – 
жалпы білім берудің оқу бағдарламалары мен жалпы орта білім беретін 
техникалық  және  кәсіптік  ,  орта  білімнен  кейінгі  білім  берудің  кәсіптік  оқу 
бағдарламаларын іске асыратын оқу.
 
Қабылдау
 
контингенті 
– 
оқу орнына қабылданған үміткерлердің саны мен жалпы 
сипаттама.
 
Бітіру контингенті
 – 
оқу орнын бітірушілердің саны мен жалпы сипаттама.
 
Білім алушылар контингенті  
– 
оқу орнында білім алып жатқандардың саны мен 
жалпы сипаттама. 
 
Магистранттарды  қабылдау  контингенті 
– 
оқу  орнына  қабылданған 
магистранттардың саны мен жалпы сипаттама
.  

ҰЛТТЫҚ 
 
БАЯНДАМА
 
 
                  
Ұлттық білім беру статистикасы
 
                   
және бағалау орталығы
 
 
202
 
Кешенді тестілеу  
– 
ақпараттық технологияларды қолданып, бірнеше оқу пәндері 
бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны.
 
Бәсекеге қабілеттілік 
– 
бәсекелестікті ұстап тұра алу, бәсекелестікке қарсы тұра 
алу қабілеттілігі.
 
Бітіру  коэффициенті 
– 
бітірушілер  санының  оқу  орнындағы  білім  алушылардың 
жалпы санына ара қатынасы.
 
Білім берумен қамту коэффициенті 
– 
жас ерекшеліктері ескерілмеген, белгілі бір 
білім беру деңгейінің типтік жас тобындағы халық санынан пайыздық қатынастағы, белгілі 
бір білім беру деңгейіндегі білім алушылар саны. 
 
Жалпыға ортақ бастауыш білім берумен қамту коэффициенті 
– 
бастауыш және 
орта білім берумен қамтылған мектеп жасындағы балалар үлесі. 
 
Білім берудің бір деңгейінен келесі бір деңгейіне көшу коэффициенті  
– 
білім 
берудің белгілі бір деңгейін аяқтап, келесі деңгейін оқуға көшкен түлектер үлесі
. 
Лицей
 – 
негізгі орта білім берудің және жалпы орта білім берудің жаратылыстану
-
ғылыми,  физика
-
математикалық  бейіндері  бойынша  жалпы  білім  беретін  оқу 
бағдарламаларын білім алушылардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес іске асыратын оқу 
орны. 
 
   
Магистр 
 
жоғары  білімнен  кейінгі  білім  берудің  тиісті  бағдарламаларын 
меңгерген тұлғаларға берілетін академиялық дәреже. 
 
        
Магистратура
  – 
тиісті  мамандығы  бойынша  «магистр»  академиялық  дәрежесі 
беріле  отырып,  ғылыми  және  педагог  кадрлар  даярлауға  бағытталған,  жоғары  оқу 
орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламасы;
 
             
Шағын жинақты мектеп 
– 
білім алушылар контингенті шағын, сынып
-
жинақтары 
біріктірілген  және  оқу  сабақтарын  ұйымдастырудың  өзіндік  нысаны  бар  жалпы  білім 
беретін мектеп. 
 
Медиана (медиандық мән) 
– 
көрсеткіштер қатарының орташа мәні.
 
Білім берудің халықаралық
 
стандарттық жіктеуіші (БХСЖ) 
 
мемлекет іші мен 
халықаралық  деңгейде  салыстырмалы  көрсеткіштер  және  статистикалық  мәліметтерді 
жинау, құрастыру және көрсетуге арналған құрал есебінде жасалған білім мен білім беру 
салаларын жіктеу жүйесі. 
 
«Болашақ»  халықаралық  стипендиясы 
– 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  шетелдік  оқу  орындарында  күндізгі  оқыту 
нысанында  оқуы және мемлекеттік  ғылыми  ұйымдар  мен  жоғары  оқу  орындары  ғылыми 
қызметкерлерінің  әлемнің  жетекші  жоғары  оқу
 
орындарында,  ғылыми  орталықтары  мен 
зертханаларында тағылымдамадан өтуі үшін тағайындайтын стипендия;
 

                                                                                   
ҰЛТТЫҚ
  
БАЯНДАМА
 
 
                                                                                                                                       
Ұлттық
 
білім беру ститистикасы
 
                                                                                                                                                     
және бағалау орталығы
 
203
 
Айлық есептік көрсеткіші (АЕК) 
– 
бұл  Қазақстанда  зейнетақы,  жәрдемақы  және 
басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеуде, сонымен қатар айыппқұл шараларына, салық 
және басқа төлемдерде қолданылатын көрсеткіш. 
 
Модульдік оқыту
  – 
нақты  кәсби  құзыреттіліктердің  құрылымдық  компоненттеріне 
бағытталған аяқталған блоктардан тұратын оқыту жүйесі.
 
Ұлттық
 
білім  беру  сапасын  бағалау  жүйесі 
– 
білім  беру  сапасын  мемлекеттік 
жалпыға  міндетті  білім  стандарттарына  тұлғаның,  қоғамның,  және  мемлекеттің 
сұраныстарына сәйкестендіріп бекітудің институционалдық құрылымы, үрдіс және үлгілер 
жиынтығы.
 
Білім беру гранты
 — 
кәсіптік білім алуға төлеу үшін Қазақстан Республикасының 
заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы құны;
 
Білім беру мониторингі 
– 
білім беру үрдістерін
 
с жүзеге асырудың жай
-
күйін және 
нәтижелері  мен  шарттары  өзгеруінің  серпінін,  білім  алушылар  контингентін,  білім  беру 
ұйымдары желісін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау.
 
Жалпы білім беретін мектеп 
— 
бастауыш, негізгі орта және жалпы білім берудің 
оқу бағдарламаларын, сондай
-
ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қосымша білім 
алуының оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу орны.
 
Күтілетін  оқу  ұзақтығы 
– 
халықты  білім  берумен  қамту  деңгейін,  оқу  ұзақтығын 
есепке  ала  отырып,  кез
-
келген  елдегі  білім  беру  жүйесі  туралы  жалпы  түсінік  алуға 
мүмкіндік береді.
  
Халықты  білім  берумен  қамту 
– 
білім  берумен  қамту  коэффициенті  (ЮНЕСКО
-
ның халықаралық баяндамаларында 
– 
брутто 
– 
қамту коэффициенті БҚК)  

білім берудің 
нақты  бір  деңгейін  білім  алушылардың
 
жас  ерекшеліктеріне  қарамай  жалпы  қамту.  Бұл 
белгілі бір білім беру деңгейі үшін ресми түрде бекітілген жалпы халық санынан пайыздық 
қатынаста  есептелетін  үлес  саны  (мысалы:  Испанияда  4  және  одан  да  төмен  жастағы 
балаларды  қамту    122,8  %
-
ды  құрайды.  Бұл  жерде,  берілген  жас  ерекшеліктері  тобына 
кірмейтін, бірақ берілген білім беру деңгейінде білім алатын балалар саны да есептеліп 
тұр). 
 
Педагог кадрлар 
– 
білім алушының оқуы мен тәрбиесін тікелей қамтамасыз ететін, 
оқу орнына қабылданған қызметкер. 
  
Толық  контингент
  – 
оқу  орындарында  білім  алушылардың  саны  мен  жалпы 
сипаттамасы.
 
Магистранттардың  толық  контингенті 
– 
оқу  орындарында  білім  алушы 
магистранттардың жалпы саны. 
 
Жоғары  білімнен  кейінгі  білім  беру  (ЖБКББ) 
– 
жоғары  білікті  педагог  және 
ғылыми
-
педагог кадрларды даярлау мақсатында берілетін үздіксіз білім беру жүйесінің ең 
жоғары сатысы (магистратура, аспирантура, докторантура).
 

ҰЛТТЫҚ 
 
БАЯНДАМА
 
 
                  
Ұлттық білім беру статистикасы
 
                   
және бағалау орталығы
 
 
204
 
Мектепалды  даярлық   
– 
мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарының  мектепалды 
топтарында  немесе  жалпы  білім  беретін  оқу
 
орындарының  мектепалды  топтарында 
жүзеге  асырылатын,  мектеп  бағдарламасын  меңгеруге  бағытталған,  5  (6)  жастағы 
балаларды міндетті және тегін дайындау үлгісі.   
 
Өмір
 
сүру ұзақтығы  
– 
жас нәрестенің өмір сүрген кезеңінде өлім деңгейінде  ол 
туған кезде орын алған деңгейіне сәйкес келетін өмір сүретін жыл саны
. 
Білім алушыларды аралық аттестаттау
  - 
білім алушылардың бір оқу пәнін оны 
зерделеп  бітіргеннен  кейінгі  бір  бөлігінің  немесе  бүкіл  көлемінің  мазмұнын  меңгеру 
сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім
 
Кәсіптер мен мамандықтардың тізбесі 
 - 
оқытудың неғұрлым жалпы өлшемдерін: 
кәсіби  біліктілік  деңгейін,  базалық  біліміне  байланысты  оқыту  мерзімдерін  анықтайтын 
кәсіптер мен мамандықтардың жүйеленген тізілімі
 
Кәсіптік  лицей 
– 
жалпы  орта  білім  берудің
 
жалпы  білім  беретін  оқу 
бағдарламалары  мен  техникалық  және  қызмет  көрсету  еңбегінің  білікті  кадрларын 
даярлау жөнінде техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске 
асыратын оқу орны. 
 
Бейінді  оқыту  бағдарламасы
  – 
бейінді  пән  бойынша  білім  беру  мазмұнын 
айқындайтын және белгілі бір пәнді тереңдетіп оқытуды қарастыратын құжат. 
 
Бейінді  пән 
  – 
жалпы  орта  білім  берудің  жоғары  сатыларында  тереңдетіп 
оқытылатын оқу пәні. 
 
PISA  (Programme for International Student Assessment)  –  15-
16  жастағы 
оқушылардың  математикалық  және  оқу  сауаттылықтарын  бағалауға  бағытталған 
халықаралық зерттеу.  
 
Аккредиттеу  стандарты  (регламенті)
  – 
аккредиттеу  рәсіміне  қойылатын 
талаптарды белгілейтін аккредиттеу органының құжаты.
 
SIFE (Students In Free  Enterprise)  –
экономиканы,  еркін  кәсіпкерлікке,  өз 
қаласының, ауданының, облысының халық бизнесіне оқыту саласындағы қатысушыларға 
шығармашылық және инновациялық жобаларды өз бетімен іске асыру мүмкіндік беретін 
кең көлемді халықаралық студенттік бағдарлама.
 
Типтік жас 
– 
оқуға түскен және оқу оқыған жастан шығатын, белгілі бір білім беру 
деңгейіне сәйкес халық тобының жас ерекшелігі. 
 
 
Оқу жоспары 
– 
білім берудің тиісті деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін, 
оларды зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын қадағалайтын құжат.
 
     
Училище
  - 
мәдениет  пен  өнер  саласында  негізгі  орта,  жалпы  орта,  техникалық 
және  кәсіптік  немесе  орта  білімнен  кейінгі  білім  берудің  білім  беретін  оқу 
бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
 

                                                                                   
ҰЛТТЫҚ
  
БАЯНДАМА
 
 
                                                                                                                                       
Ұлттық
 
білім беру ститистикасы
 
                                                                                                                                                     
және бағалау орталығы
 
205
 
Білім  беру  ұйымдарының  филиалы
  – 
бас  оқу  орны  орналасқан  жерден  басқа 
жерде орналасқан оқу орнының құрылымдық бөлімшесі. 
 
Оқыту  нысаны
  – 
оқыту  мен  тәрбиелеуді  ұйымдастыру.  Күндізгі  (күндізгі  және 
кешкі)  және  сырттай  (сырттай  және  экстернат)  оқыту  нысандары  арқылы  жүзеге 
асырылады. 
 
Экстернат
 – 
ерекше санаттағы білім алушылардың сабаққа үнемі       қатыспай
-
ақ 
тиісті  білім  беру  бағдарламасының    оқу  пәндерін  өз  бетімен  оқитын  білім  беру 
нысандарының бірі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҰЛТТЫҚ 
 
БАЯНДАМА
 
 
                  
Ұлттық білім беру статистикасы
 
                   
және бағалау орталығы
 
 
206
 
БИБЛИОГРАФИЯ
 
 
Жалпыхалықтық мәні бар құжаттар
 
 
1. 
Қазақстан Республикасы Президентінің халқына жолдауы «Қазақстанды әлемнің 
бәсекелеске қабілеттілігі бар 50 елдердің қатарына ену стратегиясы»  Астана, 
наурыз, 2006.
 
2. 
Қазақстан
 
Республикасы  Президенті  Н.Назарбаевтың  халықына  жолдауы  «Жаңа 
әлемдегі жаңа Қазақстан» Астана, ақпан, 2007.
 
3. 
Қазақстан
 
әл
-
ауқатын  арттыру
-
мемлекеттік  саясаттың  басты  мақсаты  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  жолдауы,
 
Астана, ақпан, 2008.
 
4. 
Қазақстан
 
Республикасы  Президенті  Н.Назарбаевтың  халықына  жолдауы 
«Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Астана, наурыз, 2009.
 
5. 
Қазақстан
 
Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің халқына жолдауы «Жаңа 
онжылдық 
– 
жаңа  экономикалық  Өрлеу 
– 
Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері» 

Астана, қаңтар
, 2010. 
6.   
Қазақстан
 
Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтің  халқына  жолдауы 
«Болашақтың іргетасын бірге қалаймыз!» . Астана, қаңтар, 2011.
 
 
 
Қазақстан
 
Республикасының заңдары
 
 
7. 
Қазақстан
 
Республикасының «Білім туралы» заңы (2011.24.10 берілген өзгерістер 
мен толықтыруларымен).
 
8. 
Қазақстан
 
Республикасының  «Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  жастар 
саясаты туралы»
 
Заңы, 2004. 
 
9. 
Қазақсатан
 
Республикасының «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік медико
-
педагогикалық қолдау» Заңы
, 2002. 
 
Мемлекеттік бағдарламалар
 
 
10. 
Қазақстан
 
Республикасында
 
.білім  беруді  дамытудың  2011
-
2020  жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы.
 
 
 
      
Қазақстан
 
Республикасы Үкіметінің Қаулылары 
 
11. 
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 
– 
2015 жылдарға 
арналған  стратегиялық  жоспарын  бекіту  туралы»  Қазақстан
 
Республикасы 
Үкіметінің  2011  жылғы  19  ақпандағы  №  160  қаулысына  өзгерістер  мен 
толықтырулар енгізу туралы
 
12. 
Қазақстан
 
Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011 

2020жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 

2015 жылдарға 
арналған  іс
-
шаралар  жоспарын  (І  кезең)  бекіту  туралы  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 130 Қаулысы
  
13. 
Республикалық  бюджеттен  қаржыландырылатын  білім  беру  ұйымдарында 
(Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  қауіпсіздік  комитетінің  білім  беру 
ұйымдарындамамандардаярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан 
кейінгі  білімі  бар,  сондай
-
ақ  техникалық  жәнекәсіптік  білімі  бар  мамандар 
даярлауға  2011/2012  оқу  жылына  арналған  мемлекеттік  білім  беру  тапсырысын 
бекіту  туралыҚазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2011  жылғы  4  наурыздағы 
                          
№ 232 Қаулысы(2011.07.10. берілген 
өзгерістер
 
мен толықтыруларымен
) 

                                                                                   
ҰЛТТЫҚ
  
БАЯНДАМА
 
 
                                                                                                                                       
Ұлттық
 
білім беру ститистикасы
 
                                                                                                                                                     
және бағалау орталығы
 
207
 
14. 
Қазақстан
 
Республикасы Үкіметінің «ҚР Үкіметі жанынан техникалық және кәсіптік 
білім  беруді  дамыту  мен  мамандар  даярлау  жөнінде  Ұлттық  кеңес  құру  туралы» 
2009 жылғы 11 тамыздағы №1211 Қаулысы.
 
15. 
«Кәсіпқор» холдингі» коммерциялықемесакционерлікқоғамынқұру және Қазақстан 
РеспубликасыҮкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
 
Қазақстан
 
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 шілдедегі № 777 Қаулысы
 
16. 
«Мұқтаж  азаматтарға  олардың  бiлiм  алу  кезеңiнде  берiлетiн  әлеуметтiк  көмектiң 
мөлшерлерi  мен  көздерi  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкiметiнiң      
                      
2000 жылғы 17 мамырдағы N
 
738 Қаулысы.
  
17. 
«Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен 
қамтамасыз
 
ету  ережесін  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 
              
2003 жылғы  19 ақпандағы №173 қаулысы.
 
18. 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  мемлекеттік  қызмет 
көрсету  стандарттарын  бекіту  және  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 
                           
2007  жылғы  30  маусымдағы№  561  қаулысына  өзгеріс  енгізу  туралы  Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 140 Қаулысы 
 
19. 
Қазақсан
 
Республикасы  Үкіметінің  «Даму  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды 
әлеуметтік  және  медициналық
-
педагогикалық  түзеуді  қолдау  жөніндегі 
                        
2007-
2009  жылдарға  арналған  іс
-
шаралар  жоспарын  бекіту  туралы»  2007  жылғы 
           
5 ақпандағы №81 қаулысы. 
 
20. 
«Азаматтарға  патриоттық    тәрбие  беру  жөніндегі  республикалық  кеңес  туралы» 
Қазақстан
 
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы №174 қаулысы.
 
21. 
Қазақстан
 
Республикасы  Үкіметінің  «Білім  беру  жүйелерінің  кепілдендірілген 
мемлекеттік нормативтерін бекіту туралы» 2007 жыл №1256 қаулысы.
 
22. 
Қазақсан
 
Республикасы  Үкіметінің  «Білім  беру  ұйымдарын  мемлекеттік  аттесттау 
және  аккредиттеу  ережелерін  бекіту    туралы»  2007  жыл  24  желтоқсандағы 
             
№1270 қаулысы.
  
23. 
«Қазақсан  Республикасы  экономикасының  бәсекеге  қабілеттілігі  мен  экспорттық 
мүмкіндіктерін  сапалы  жаңа  деңгейге  жеткізудің  2008
-
2015  жылдарға  арналған 
тұжырымдамасы  туралы»  Қазақсан  Республикасы  Үкіметінің  2007  жылғы 
                       
28 желтоқсандағы №1332 қаулысы.
 
24. .  2010-
2014  жылдар  аралығындағы  мектепке  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу  мен 
оқытудағы « Балапан» бағдарламасын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы 
үкіметінің 2010жылы 28 мамыр №488  Қаулысы.
 
25. 
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында 
дарынды  балалардың  оқуын  төлеу  үшін  Қазақстан  Республикасы  Тұңғыш 
Президентінің 
– 
Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесі мен 
мөлшерін  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2009  жылғы 
                     
14 наурыздағы № 317 қаулысы

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет