Республикасы



бет107/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   121
Байланысты:
Мусина Р. Т., Кейкин Е. К., Сарсембаева А. Ш

Бас жарақаттары


Бас сүйегі мен бас миының зақымдануы механикалық жарақаттардың аса ауыр түріне жатады. Бас сүйегі мен бас миының жарақаттары ашық және жабық болып бөлінеді.
Бас сүйегі мен бас миының жарақаттануы шартты түрде үш топқа бөлінеді: жұмсақ ұлпалардың жаралануы, өте алмайтын (қатты ми қабы жарақаттанбайды) және (қатты ми қабы зақымданады).
Бас миын зақымдаған заттардың сипаты бойынша ол мидың шайқалуы, сыдырылуы және қысылуы болып бөлінеді.
Басқа қатты соққы тиген кезде мидың зақымдануы мүмкін (мидың шайқалуы және сыдырылуы).

Сынық белгілері.


Егер адамның қабырғасы сынса, терең тыныс алғанда не жөтелгенде ауырады. Сынықтың бітуі – өте күрделі биологиялық процесс. Сүйектің тез бітуіне жарықшақтардың бір-бірімен дұрыс бірігуі мен сүйекті бір қалыпты ұстап тұрудың маңызы зор. Сонымен қатар Сынықтың бітуі қандай сүйектің сынғандығына да байланысты. Мысалы, саусақ сүйектері 2,5 аптада, ал ортан жіліктің басы 6 айдан астам уақытта бітеді. Сүйек жарықшақтарының арасы алшақ болып, бір-біріне дұрыс орналаспағанда немесе олардың арасында жұмсақ тіндер жаншылып қалса, бір қалыпта ұсталып тұрмаса Сынықтың бітуі баяулайды немесе мүлдем бітпей қалуы, жалған буынның пайда болуы мүмкін. Сынық дұрыс бітпесе, қол-аяқтың қисаюына не қысқаруына әкеліп соқтырады.
Ашық Сынық кезінде жараға инфекция түсіп, іріңді инфекцияның дамуы мүмкін.
Алғашқы медициналық көмек адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т.б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру. Өту ағымына байланысты аурудың мынандай түрлері болады: асқынған, ауыр және өте ауыр. Ал кейбір аурудың түрлері жазылған сияқты болып, жаңадан қайталанады (рецедивтер).
Әрбір ауру өзіне тән, ерекше бір ауру белгісі (симптомы) түрінде өтеді. Симптомдар мен синдромдарды білу, дұрыс диагноз қойып, емдеу шараларын жүргізуге көмектеседі. Нақты диагностика жүргізу үшін әртүрлі зерттеу әдістерін қолданған дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет