Ширатпа (жгут) немесе бұраумен қою әдістері. Ширатпа жазда екі сағаттан артық, ал қыста бір сағаттан артық қойылмайды, бұл аяқ-қолдың жансыздануына әкеп соқтырады.Ширатпаны салар алдында созады да тартуды әлсіретпей аяқ қолға салады, бұл жағдайда ширақ қабатының әрбір орамын алдын ала салады. Қысудың жеткіліктігін бақылау: күре тамырдың сезімтал жерлерінде тамыр соғуының жоғалуы және қанның тоқтауы болып табылады. Әлсіз қойылған ширатпа қан ағуды күшейтуі мүмкін ал, қатты тартылған ширатпа жүйкені зақымдауы мүмкін.
Таяқшаны бұрау арқылы, жгутты қысып қан тоқтағанша тартады.
Байланған таяқша ашылып кетпес үшін бинтпен орау қажет. Қан жүруінің тоқтап қалмауы үшін, әрбір 15 минут сайын, жгутты босатыпотыру керек.
Ширатпа– қаң тоқтатудың соңғы тәсілі
Жарақаттың жоғарғы жағына, жұмсақ орамның (зақымданушының киімдерінен) үстіне жгут салу керек. Жгут салып болған соң оны созу керек.
Бірінші орауды байлаудың алдында, қан тамырларының соғуын, қанның тоқтағанын-тоқтамағанын көру қажет, ал жгут астындағы терінің ағарғанын көру керек.
Жгуттың келесі орамын, қатты қыспай орау керек, орағанда шығыс бағытында спираль тәрізді етіп, алдыңғы орамды басып орау керек.
Ширатпаның (жгуттың) жанына тура уақыты мен күнін көрсетіп мәлімдеме қалдыру қажет. Жгутты таңғыш және шинамен орамау керек. Көрінетін жерге
«жгут» (маркет) көрсетіп қою керек.
Қан тамырды басып тұрып, бірнеше қабат салынған таңғышты (асептикалық) немесе бірнеше қабат оралған бинтпен байлау қажет.
Егер де таңғыш суланса, жоғарғы жағына тағы да бірнеше қабат таңғыш салып, алақанмен басу қажет.
Қан көп кеткен жағдайда аяғын жоғары көтеру, капиллярлық және веноздық қан тоқтату тәсілі ретінде қолдану.
Күйік - деп ыстық сұйықтықтар, қышқыл-сілті, жалынның шарпуы, сәулелі ыстық, қатты ысыған заттар, электр тогы немесе электромагниттік радиацияның әсерімен теріге және одан төмен жатқан адам денесінің ұлпаларына жасалған зиянды әрекетті айтады. 50°С температураға шалдыққан теріні 5 минуттан кейін күйік шалады.
Күйіктіңі себептеріне байланысты 3 түрін ажыратады:
Термиялық – ыстық судың, будың, жоғары температураның тері қабатына әсері.
Химиялық – қышқылда мен сілтілердің тері қабатына әсері.
Сәулелік – ультракүлгін, жарық, атом және рентген сәулелерінің әсері.
Неміс ғалымы Э.Крейбихт ұлпалардың зақымдану тереңдігіне байланысты күйіктің 5 дәрежесін ажыратады:
дәрежесінде – тері қабаты қызарып, ашып ауырады.
дәрежесінде – күлдіреген ұлпалардың ішінде су толады. 3-дәрежесінде – терінің үстіңгі қабаты жансызданады.
дәрежесінде – ұлпалар жансызданады.
дәрежесінде – ұлпалар қараяды, ол күйіктің сүйекке дейін жеткенін білдіреді.
Күйік шогы – тері қабатының 50%-дан аса аумағы зақымданған кезде ауырсыну процесі басым жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы байқалады. Күйік шогы кезінде 3 патологиялық процесс байқалады: