Биоценоздағы қоректік тізбектегі қоректің (азық) барлығы бірдей организмнің өсуіне немесе биомассаның жинақталуына жұмсалмайды. Оның біразы организмнің энергия қуатына: тыныс алу, қозғалу, көбею, дене температурасын ұстап тұруға жұмсалады. Сондықтан бір тізбектің биомассасы екнішісіне дейін толық өңделмейді. Егер ондай болған жағдайда табиғатта қор ресурсы таусылған болар еді. Осыған байланысты әрбір келесі қоректік тізбекке өткен сайын азықтың биомассасы азайып отырады. Нәтижесінде, бір трофикалық деңгейден екіншісіне өткен сайын биомасса, сандық құрамы және энергия қоры азайып отыратыны анықталған. Бұл заңдылықты кезінде эколог Ч.Элтон зерттеп өзінің есімімен «Элтон пирамидасы» деп атаған.
Экологиялық пирамиданың негізгі 3 типі бар:
Саны бойынша- сандық пирамида организмдердің жеке сандық көрсеткішін айқындайды.
Салмағы бойынша – биомасса пирамидасы- жалпы құрғақ салмақты немесе «өнімділікті» анықтайды.
Энергия мөлшері бойынша – энергия пирамидасы - энергия ағымының қуатын немесе жылу энергиясын анықтайды.
Энергияның пирамида ережесі: Төменгі деңгейден жоғары деңгейге дейін энергияның 10% көп емес беріледі.
Экологиялық пирамидалар ережесі
Егер энергияны, өндірілген өнімдерді, биомасса немесе организмдер санын әрбір трофикалық деңгейде үшбұрыш масштабында бейнелесек, онда олардың орналасуында пирамида түріне ие болады.
Экожүйе тұрақтылығы мен динамикасы.
Биоценоздардағы организмдер тобының тәулік, жылдық, маусымдық белсенділігі біркелкі емес. Кейбір организмдер түнде автивті келсе, кейбіреулері керісінше болып келеді. Сондықтан биоценоз құрамындағы түрлер сан дәне сап жағынан да үнемі ауытқып отырады. Бұл жағдайда негізінен жер шарының климаттық белдеулері мен табиғат аймақтарына да көп байланысты. Экожүйенің өнімділігі – трофикалық деңгейдегі көп мөлшері тыныс алуға кетеді, ал қалғаны энергия мен биомассаның өсуін анықтайды.