Республикасы


Экожүйенің құрылымы: Экожүйе = биоценоз + биотоп



бет21/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   121
Байланысты:
Мусина Р. Т., Кейкин Е. К., Сарсембаева А. Ш

Экожүйенің құрылымы: Экожүйе = биоценоз + биотоп


Экожүйенің негізгі қасиеттері:

  1. зат айналымына қатысу қабілеттілігі;

  2. сыртқы әсерлерге қарсы тұруы;

  3. биологиялық көбеюі. Экожүйенің деңгейлері:

  1. микроэкожүйе- кішкене су қоймасы, жануарлар өлексесі олардың тіршілік ететін әртүрлі ағзаларымен бірге, аквариум, жайылым , су тамшысы

  2. мезоэкожүйе- орман, өзен, тоған, т.б.

  3. макроэкожүйе- мұхит, континент, табиғи зона, т.б.

  4. глобальдық экожүйе- биосфера


Биоценоздағы қоректік тізбектің маңызы зор. Биоценоздардағы организмдер тобының тәуліктік, жылдық, маусымдық белсенділігі біркелкі емес. Кейбір организмдер түнде белсенді болса, кейбіреулері керісінше болып келеді. Сондықтан биоценоз құрамындағы түрлер сан және сапа жағынан үнемі ауытқып отырады. Бұл жағдайда негізінен жер шарының климаттық белдеулері мен табиғат аймақтарына көп байланысты. Биоценозда барлық тіршілік иелері қоректену тізбегіне біріктірілген. Өзара қосылу және ажырау нәтижесінде белгілі қоректік буындардан күрделі трофикалық тор құрылады. Құрлықтағы қоректену тізбегі қысқа (3-4 буыннан тұрады). Мыс: ағаш- құрт- құс-жыртқыш құс. Су ортасында қоректену тізбегі едәуір ұзын: фитопланктон - зоопланктон- майда балықтар - жыртқыш балықтар- адам.


Қоректену тізбегінің бірнеше деңгейден тұрады:

  1. трофикалық деңгей- автотрофты ағзалар-продуценттер

  2. шөпқоректі жануарлар (фитофагтар) – 1-ші ретті консументтер

  3. трофикалық деңгей- жыртқыш жануарлар немесе зоофагтар- 2-ші ретті консументтер.

  4. ірі жыртқыштар.

  5. өлі организмдердегі заттарды және қалдықтарды тұтынушылар (деструкторлар, редуценты)- сапрофаг, сапрофиттер,детритофагтар .

Тізбектегі I-IV дейінгілер–> жеу тізбегі; соңғы – детриттік тізбек

  1. трофтық


Биоценоздағы организмдер арасында тұрақты қоректік байланыстар қалыптасқан. Осы қатынастар белгілі бір организмдердің тобын біріктіріп отырады. Ол қоректік тізбектер бірнеше құрамдас бөлімтерден тұруы мүмкін. Ол үш бөлімнен тұрады.


Біріншісі – продуценттер немесе өндірушілер. Мұнда автотрофты жасыл өсімдіктер органикалық заттар түзіп, алғашқы биологиялық өнімділікті түзеді және күн энергиясын жұмсайды.
Екіншісі – консументтер немесе тұтынушылар, бұған жануарлар жатады. Консументтер екіге бөлінеді: өсімдік қоректенетін жануарлар (фитофагтар) немесе 1 ретті консументтер және жыртқыштар (зоофагтар) немесе 2 ретті консументтер.
Үшіншісі – редуценттер немесе қайта қалпына келтірушілер. Оларға микроорганизмдер жатады. Олардың ролі ерекше. Яғни, редуценттер заттарды ыдыратып, қайта қалпына келтіріп, зат айналымын жалғастырып отырады. Әрбір қоректік тізбектің қатарында белгілі бір трофикалық деңгей қалыптасады. Ол өзінен өтетін зат және энергия ағымының белсенділігмен сипатталады.
Биогеоценозда барлық тірі иелер қоректену тізбегіне біріктірілген. Өзара қосылу және айырылу нәтижесінде белгілі буындардан күрделі трофикалық тор құрылады. Құрлықтағы қоректену тізбегі қысқа(3-4 буыннан тұрады). Мыс: ағаш- құрт- құс-жыртқыш құс. Су ортасында қоректену тізбегі едәуір ұзын: фитопланктон-зоопланктон- майда балықтар- жыртқыш балықтар- человек.
Әрбір қоректік тізбектің қатарында белгілі бір трофикалық деңгей қалыптасады. Ол өзінен өтетін зат және энергия ағымының активтілігімен сипатталады.
Зат және энергия ағымы. В.И. Вернадскийдің биосферадағы тіршіліктің тұрақты дамуы ондағы тірі заттардың (биогенді) табиғаттағы үздіксіз айналымы жемісінің нәтежесі екенін айтқан болатын . Өйткені, тірі заттардың элеметтері
қоршаған табиғи ортаға түсіп, одан соң тірі организмдер арқылы қайтадан айналымға ауысатыны белгілі.Осылайша әрбір элемент тірі организмдерді әлденеше рет пайдаланып отырады. Соның нәтижесінде жер бетінде тіршіліктің дамуы үнемі даму үстінде жүзеге асып,
Биоценоздағы биогенді айналымынды жүзеге асырады.Бірақ та, заттардың биогенді айналымын абсолютті тұрғыда деп түсінбеу керек. Себебі, айналымдағы заттар бір трофикалық деңгейден екіншісіне өткен кезде әлсін-әлсін зат айналымына түсіп үздіксіз қайталанып отырады. Нәтежесінде жер шарында органикалық заттардың қоры (торф, көмір, мұнай, газ, жаңғыш сланц) жинақталады. Бұл қорлар да өз кезегінде жұмсалып, қайтадан айналымға түсіп, зат айналымының үздіксіз (шексіз) процесін жалғастырып жатады.
Биогенді айналымның негізгі көзі жер бетінде жасыл өсімдіктердің пайда болып, фотосинтез құбылысы басталғаннан бастау алады. Мәселен, атмосферадағы барлық оттегі тірі организмдер арқылы (тыныс алу т.б.) 2000, көмір қышқыл газы 300, ал су 2000000 жылда бір рет өтіп отыратыны дәлелденген.
Жоғарыдағы әлемдік биологиялық айналым үшін энергия ауадай қажет. Оның негізгі көзі – автотрофты (жасыл өсімдіктер ) организмдер сіңіретін күн радиациясы. Күн энергиясы биоценозда үнемі әрекет етеді. Күн энергиясының , зат айналымының ерекшелігі сол, ол үнемі жұмсалып отырады. Ал, зат айналымы тек бір деңгейден екінші деңгейге ауысып отаратыны белгілі. Мысалы, күн энергиясының 30 % атмосферада сейілсе,
20 % атмосфера қабатында сіңіріледі де, ал 50 % құрылық және мұхиттар бетіне жылу ретінде сіңіріледі. Тек қана күн энергиясының 0,1-0,2 % ғана биосфера шегіндегі жасыл өсімдіктер үлесіне тиіп, әлемдік зат айналымын қамтамасыз етіп отырады. Оның жартысы фотосинтез процесі кезінде өсімдіктердің тыныс алуына жұмсалып, ал қалған бөлігі қоректік тізбектің желісін түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет