Республикасы



бет39/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   121

Шөлдену проблемалары


Шөлденуге қарсы күресу БҰҮ конвенциясы мәліметтері бойынша әр жылы Қазақстан топырақтары қарашірінді мөлшері азайғаннан келетін зияны 2,5 млрд. америкалық долларын құрайды, ал эрозиядан келетін зияны 779 млн. доллармен бағаланады.
Б.Г. Розанов айтуы бойынша шөлдену бұл топырақтардың өсімдіктермен қалпына келмейтін өзгеріс үрдістері және биологиялық өнімдіктің төмендеуі, келешекте бұндай жағдай биосфераның толық бұзылуына алып келуі мүмкін.
Әлемде барлық құрлықта 1 млрд, гектар жер шөлейттенуге ұшыраған. Шөлденуге алып келетін факторлар: табиғи (қолайсыз метеожағдайлар,
топырақтың сорлануы, жеңіл топырақтар, жер асты сулардың төмендеуі, жел және су эрозиясы) антропогенді (орманды кесу, жайылымды дұрыс пайдаланбау, қарқынды жерді өңдеу, жерді дұрыс пайдаланбау). Көбінесе шөл осы факторлардың бір қалыпты әсер етуінен пайда болады. Шөлейттену әлеуметтік – экономикалық және табиғи үрдіс болып табылады. Ол дүние жүзі бойынша 3,2 млрд. гектар жерге, сонда тіршілік ететін 700 млн. адамға қауіп келтіреді.
Шөлейтке ұшыраған жерлерде топырақтың физикалық қасиеттері нашарлайды, өсімдіктер жойылады, жерасты сулар сорланады, биологиялық өнімдер күрт азаяды, соның барлығы (экожүйелердің қайта қалыптасу қабілетін төмендетеді). Осындай экологиялық апатқа ұшыраған аймақтарға Қазақстан аумағында Арал және Балхаш өңірлері жатады.
Қазақстанда шөлейттену қауіпі бар жерлер, жалпы жер ауданының 75% құрайды. Шөлейттену және жағымсыз экологиялық өзгерістерге әкеліп соғатын басты себептердің қатарына тың игеру кезінде топырақтың жаппай жыртылуы, шабындықтар мен мал жайылымдардың жүйесіз пайдаланып, оталып тақырлануы, топырақ құрылымының бұзылуы, суармалы жерлердің қайтадан сорлануы, ормандардың жөнсіз кесіліп, өртенуі жатады.
Еліміздің Жер ресурстарын басқару агентігінің 2006 жылғы мәліметі бойынша орташа және үлкен дәрежеде тапталып бүлінген жайылымдар 26,6 млн. гектарды құрайды.
Орман қорының жері елімізде онша мол емес (23,4 млн. га), ал орманды алқапты барлық республика территориясында тек қана 3,8% қамтиды. Соған қарамай бұл жерлердің экологиялық мәселесі өте өзекті болып отыр. Тек қана 2000 жылы 934 орман өрттері болып, ол 27 мың 487 гектар жер ауданын қамтыды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы, Қарағанды, Алматы облыстарында байқалған. Тек қана Павлодар облысында кейінгі 10 жыл ішінде орман өрттері мен жөнсіз ағаштарды кесу салдарынан 45 мың гектар жерде орман жойылып, осы жерлерде шөлейттену қауіпі туып отыр.
Батыс Қазақстан аймағында мұнай-газ өндіру кезінде ауыр техника мен транспорт салмағымен, мұнай-битум қалдықтарымен шамамен 4-5 млн. гектардай жер бұзылып, ластанған.
Топырақ бетінің бүлінуі, оның қоршаған ортаға жағымсыз әсері туралы сөз қозғағанда ең бірінші Арал теңізі аумағындағы жағдайды атап өту керек. 1960 жылдан бастап Арал теңізі деңгейі 15-16- м-ге төмендеп, ол жүздеген шақырымға шегінді. Сондықтан су астынан босаған, теңіз табанының шаңы мен тұзы желмен
ұшып тек қана Қазақстанның халқына емес әлемнің басқа елдеріне жетіп, зиянын тигізуде. Арал өңірі экологиялық апат аймағы болып жарияланды.
Каспий теңізі аймағында керісінше жағдай байқалуда. 1978 жылдан бері теңіз деңгейі 2- м-ге дейін көтерілген және бұл құбылыс әлі жалғасуда.. Сондықтан Атырау, Маңғыстау аймағында, біраз жерлерге су жайыла бастады. Теңіз деңгейі көтерілген сайын су басқан жер ауданы көбейіп бұл аймақтың экологиялық жағдайы төмендей түседі.
Елімізде егіншілікте көп жылдар бойы пайдаланып келе жатқан топырақтардың құнарсыздануы құбылыстары байқалуда. Павлодардың ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институты ғалымдарының (Қ.Е. Қанапиянов. С.У. Асқаров, 2004) мәліметі бойынша оңтүстік карбонатты қара топырақты егіншілікте 1965 жылдан 2003 жылға дейін пайдаланғанда (38 жыл ішінде) оның 0-22 см қабатында қарашірінді мөлшері 5,2-5,9%-давн 3,2-3,6%-ға дейін, ал 22-40 см қабатында 2,8-3,4%-дан 1,9-2,2% -ға дейін кеміген.
Топырақ құнарлылығынаң төмендеуінің топырақтың азып-тозуының басты себептерінің бірі оның жел және су эрозияларына шалдығуы. Еліміздің белгілі топырақтанушы ғалымы Р.Джанпейсовтың мәліметтері бойынша республикамызда жел эрозиясына (дефляцияға) шалдығу қауіпі бар жер ауданы 75 млн. 997 мың гектарды құрайды. Оның ішінде 10 млн. 736 мың га карбонатты, 24 млн. 361 мың га «жеңіл» гранулометриялық құрамды топырақтар және 24 млн. га құмдар. Су эрозиясына шалдығу қауіпі бар тау беткейінің, қырат жерлердің ауданы 50 млн. гектардан асады. Бұл жерлер, әсіресе Қазақстанның таулы аймағында мол кездеседі. Осы топырақтардың экологиялық қызметін сақтап қалу үшін оларды қатерлі құбылысқа шалдықтырмай, топырақты дұрыс пайдалануды жүзеге асыру бүгінгі күннің негізгі экологиялық мәселелерінің бірі болып табылады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет