Республикасы


№7 Дәріс Ғаламдық биогеохимиялық айналымдар. Дәріс жоспары



бет41/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   121

№7 Дәріс Ғаламдық биогеохимиялық айналымдар. Дәріс жоспары:


1. Зат айналымы және олардың адаммен бұзылуы:
а) азот айналымы;
ә) көміртегі айналымы; б) күкірт айналымы;
в) фосфор айналымы.
Дәріс ұзақтығы: 1 сағат
Тiршiлiк – заттар мен энергияның үнемi алмасуынан тұрады. Тiптi, жеке организмдегi әрбiр клетканың өзiне тән тiршiлiгi бар. Ескiрiп, мезгiл жетiп, тозғандарының орнына жаңа жас клеткалар пайда болып отырады. Сөйтiп ескi мен жаңаның үздiксiз алмасып келуi – бiр-бiрiмен өзара тығыз байланысты заңды құбылыс. Организм өзiнiң тiршiлiгiне қажеттi заттарды өмiр бойы өзiн қоршаған ортадан алады. Жердегі тіршілік күн энергиясынан құралған. Жер бетіндегі күн энергиясын жинақтайтын және байланыстыратын ең негізгі процесс – фотосинтез. Күн энергиясын байланыстырып және жинақтау Жердегі тіршіліктің негізгі планетарлық функциясы. 1-суретте тірі ағзалар арқылы көміртегі және энергия ағымы көрсетілген. 1-сурет. Тірі ағзалар арқылы көміртегі және энергия ағымы. Жасыл және қызыл сызықтар – көміртегі ағымы. Сары – энергия ағымы. Фотосинтез процессі кезінде продуценттермен – автотрофтармен (жасыл өсімдіктермен, және кейбір бактериялармен) жинақталған энергия онымен қоса процесс кезінде пайда болған органикалық заттармен келесі трофикалық деңгейдегі организмдерге - гетеретрофтарға - консументтерге, екіншілік, үшіншілік, төртіншілік реттік (улы өсімдіктер, ет қоректілер және жыртқыштарға) және редуценттерге (өлі органикалық заттармен қоректеніп, оларды ыдыратып қайтадан бейорганикалық қосылыстарға айналдырады) 19 беріліп қоректік трофикалық тізбек түзеді. Әр трофикалық деңгейге қоректік тізбек арқылы берілген энергия негізінен зат алмасу процесіне жұмсалады, келесі деңгейге оның белгілі бір бөлігі ғана беріледі. Қоректік тізбек – бірлестікте энергияның берілетін негізгі каналы болып табылады. Қоректік зат, энергия берілуінің әр сатысында энергияның 90% жоғалады, тек қана 10% беріледі. Организмдердің қоректік байланысындағы энергия берілуінің осы қатынасы «он процент ережесі» (Линдеман принципі) деп аталады. Барлық экожүйелерде бірінші реттік және екінші реттік өнімдердің белгілі бір қатынасы болады, ол өнімдердің пирамидалар ережесі деп аталады.әрбір алдыңғы трофикалық деңгейде келесі деңгейге қарағанда уақыт бірлігінде түзілетін биомасса саны көп болады. Мысалы бір жыл ішінде өсіп шыққан барлық шөптердің биомассасының өсуі, сол бір жылдағы барлық шөппен қоректенетін жануарлардың биомассасының өсуінен артық болады, ал жыртқыштардың биомассасының өсуі шөппен қоректенетін жануарлардың биомассасының өсуінен аз болады. Бұл ережелер пирамидалар түрінде бейнеленеді және бірінші реттік өнімнің (энергияның) әрбір трофикалық деңгейлерде өзгеруін көрсетеді.(2-сурет) Сонымен қатар фотосинтез процессі кезінде ұстап алынған күн сәулесінің тек қана 1% тіршілікті қамтамасыз ету үшін
өте маңызды. Қалған 99% минералды заттардың және су айналымына жұмсалады, ортаның нақты деңгейінде температуралық режимді ұстап тұрады. Тірі заттың энергиясы биосфера дамуының қозғалыс факторы болып табылады. Ет қоректі консументтер өнімділігі 8,2 х 103 кал Шөп қоректі консументтер өнімділігі 1,2 х
106 кал Өсімдіктер өнімділігі — продуценттер 1,5 х 1010 кал 2-сурет. Трофикалық деңгейде энергетикалық байланысты сипаттайтын экологиялық пирамида. Қоректену процесі тірі организмдермен энергияның жинақталуы және берілуі биохимиялық реакциялармен жүргізіледі, фотосинтез процесі кезінде бейорганикалық қосылыстардан тірі заттардың органикалық заттары туындайды және қайтадан ыдырату жолымен органикалық заттардан бейорганикалық қосылыстар түзіледі. Осылайша биогеоценоз деңгейінде заттар айналымы жүреді, ол кіші (биологиялық) айналым деп аталады. Туылу, өзгеру және жойылу нәтижесінде тірі заттар планетамызда тіршілік етеді, олар заттардың биогеохимиялық айналымын қамтамасыз етеді – тірі организмдер мен бейорганикалық орта арасындағы химиялық элементтер алмасуын қайталайды. аттардың биогеохимиялық айналымы биосфера негізін құрайды. Заттардың биогеохимиялық айналымы жайында В.И. Вернадский ғылымында көрсетілген. Биогеохимиялық айналымды екі бөлімге бөледі: резервті фонд – 20 организмдер мен байланыссыз заттар және алмасу фонды – организмдер мен оны қоршаған орта арасында биогенді заттар алмасуы жүреді. Айналымда 60-тан аса элементтер қатысады. Олардың ішінде 40-қа жуығы тірі организмдерге қажет. Тіршілікке өте маңыздысы негізінен белокты молекуладан тұратын заттар. Оларға көміртегі, азот және оттегі жатады. Күкірт, фосфор, темір айналымдары да маңызды. Жеке заттар айналымын В.И.Вернадский биогеохимиялық цикл деп атады. Биогеохимиялық цикл процесінде атомдардың биогенді миграциясы болады, ол 2 принципке негізделген: жеткілікті пайда болу және тіршілік етуді қамтамасыз ету, олар миграцияны күшейтеді. Табиғатта көптеген айналымдардың болуы табиғи экожүйелердің өзіндік реттелуіне алып келеді, оларға тұрақтылық береді. Экожүйе осы бөлім үшін: биогенді заттар қоры және оларды пайдаланатын организмдер қажеттілігін енгізген жағдайда ғана заттардың айналымын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, экожүйе осы бөлім үшін барлық төрт қажеттілікті: биогенді элементтер қоры, продуценттер, консументер және редуценттерді енгізген жағдайда ғана заттар айналымын қамтамасыз етеді. Олардың күрделі және үнемі әрекеттестігінен экожүйелердің топталуының алғашқы принциптері құрылған: барлық элементтер айналымы шекарасында өтетін, қорларды алу және қалдықтарды жою. Бұл принцип массаны сақтау заңдылығымен үйлеседі. Жер бетінде экожүйенің және заттардың үнемі айналымда болуы өз кезегінде үнемі күн энергиясының ағымымен жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет