Заманауи ауыл шаруашылық ғылыми мен техникасының жетістіктері т опырақ құнарлылығын тұрақты деңгейде ғана емес, оны асыруға да, мүмкіншіліктерін жаратады.
Мәселен, Алмания және Францияда астық, жүзім және басқада техникалық дақылдардан жоғары өнім алғанына қарамастан, топырақтың құнарлылығын сақтап қалған.
Дамыған шет елдерде ауыл шаруашылықта минерал тыңайтқыштардың түрлерін, пестицидтерді т.б. кен қолдайды. Францияда 1 гектар жыртылған жерге 300 кг, Голландияда- 800 кг, Жапонияда-400 кг., АҚШ-110кг және Канадада -56 кг тыңайтқыштан енгізіледі. Бұндай жағдай көп тұтынушыларды қанағаттырмайды. Қымбат болса да, олар химиясыз өндірген экологиялық таза өнімдерді жақтырады.
Ауыл шаруашылық өндіріс көлемі бойынша АҚШ әлемде бірінші орында тұрады. Қазіргі уақытта АҚШ ауыл шаруашылығында 3,1 млн. адам еңбек етеді ол барлық тұрғындардың 1,7 % құрайды. Әр жылы онда 1 млн. гектар жер ауыл шаруашылық айналымынан шығып кетеді.
Соңғы 100 жыл ішінде эрозия нәтижесінде әлемде 20 млн км2 жер жарамсыз болып қалады, бұл барлық жыртылған жерпдің 28 % құрайды.
Тың игеру кезінде (1954-1955) Қазақстанда 18 млн га жер жыртылған, жалпы 25 млн гектар игерілген. Солтүстік Қазақстанның 5 облысы (Қостанай, Көкшетау, Ақмола, СҚО, Павлодар) 600000 км2 аумақта орналасқан. Бұл ірі Европа мемлекеттерінің бірі болып есептелетін Франция аумағынан үлкен.
Қазақстанда жел эрозиясынан қорғау қажет ететін жерлер 12 млн. гектарды, ал сумен шайылатын жерлер 5 млн гектарды құрайды. Суарылмайтын жерлер (34 млн.га) жалпы Қазақстан жер қорынан (272,5 млн.га) 12,5 % құрайды.
Соңғы 25-30 жылда жерден пайдалану нәтижесінде топырақтағы қарашірінді мөлшері 25% -ға дейін азайып кеткен.
Қазақстанда жайылым жерлер 185,7 млн. гектарды құрайды, бұл жалпы жер қоры ауданымен салыстырғанда 68% құрайды. Соның 15 млн.га жері ауыл шаруашылық айналымынан шығып кеткен.
1996 жылының шілде айында американың «Файненшал таймс» газеті бұлай деп жазған: «Қазіргі уақытта Қазақстан ауыл шаруашылық өндіріс жылына 4 млрд доллар пайда алып келеді. Бұл ЖҰӨ (ВНП)-ның 25% ын құрайды. Заманауи әдістерді қолдап және инфрақұрылымды жақсартып ол 20 млн көп астықты жинап алуы мүмкін».
Бүгінгі күнде Қазақстанда астық өнім орташа 1 т/га ға тең. Ал ЕС елдерінде астық өнімділігі 3,5 т/га –ға тең. Егер Қазақстанда еш болмаса осының жартысын өндіре алса, онда бидайдың өзінен ғана 25 млн. т дәнді алу мүмкіншілігі бар.
Қоршаған табиғи ортаның бір бөлігі ретінде жерді қорғауға, ұтымды пайдалануға, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымының жердің негізсіз алынып қойылуын болғызбауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа іс-шаралар жүйесін қамтитын іс- әркеттер жерді қорғау жұмыстары болып саналады.
Қазақстан Республикасының жер Кодексінде жерді қорғаудың мақсаттары мен міндеттері айқын көрсетілген. Осы Кодекстің 139 бабына сәйкес жерді қорғаудың мақсаттары келесідей:
өндірістің экологиялық қауіпсіз технологияларын ынталандыру, орман мелиорациясы мен мелиорация жұмыстарын және басқа іс-шараларды жүргізу арқылы жердің азып-тозуы мен бүлінуін, шаруашылық қызметтің басқа да қолайсыз зардаптарын болғызбау;
азып-тозған немесе бүлінген жерді жақсарту мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
жерді оңтайлы пайдаланудың экологиялық номативтерін тәжірибеге енгізу.
Жер Кодекснің 140- бабында жер учаскелері мен жер пайдаланушыларға жерді қорғау үшін келесідей міндеттер жүктелетіні көрсетілген:
жерді су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, қайталап сортанданудан, құрғап кетуден, тапталуынан, өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластанудан, өзге де бүлуну процесстерінен қорғау шараларын іске асыруға;
ауыл шаруашылық жерін карантиндік зиянкестер мен өсімдік ауруаларын жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шілік басып кетуден жердің жай-күйі нашарлауының өзгеде түрлерінен қорғауға;
бүлінген жердің жаңартылуына, оның құнарлылығын және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға;
жердің бүлінуіне әкеліп соқтыратын жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатын алуға, сақтауға және пайдалануға бағытталған шараларды жүргізуге міндетті.
Жердің үстінгі құнарлы қабаты-топырақтың жел және су эрозиясынан азып-тозбауы үшін оларды алдын алу шараларын, сонымен бірге бұл құбылыстарға шалдыққан жерлерде олардың әрі қарай дамымауын қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асыру керек.
Топырақты эрозиядан қорғау келесідей топтарға жататын іс-шаралар жүйесін қамтиды: ұйымды-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациясы және гидротехникалық.
Ұйымдық-шаруашылық іс-шаралары қатарына эрозияға қарсы қолданылатын жұмыстардың жоспарын жасап, негіздеу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету жатады. Осы жұмыс барысында жер аумағының эрозияға төзімділігі бағаланып, топырақтың оған шалдығу дәрежесінің картограммасы жасалынады. Осы жинастырылған деректерге сүйене отырып, эрозияға төзімді болып келетін шаруашылықтың жер аумағын ұйымдастыру жоспары жасалынады.
Топырақты эрозиядан қорғаудың агротехникалық іс-шаралары қатарына топырақтың эрозияға төзімділігін арттыратын әдістерін қолдану, көпжылдық шөптер мен бір жылдық дақылдардың топырақты қорғау қасиеттерін пайдалану, қар тоқтату және оның еруі қарқынын реттеу, топырақ құнарлылығын арттыру жұмыстары жатады.
Жел эрозиясына қарсы қолданылатын іс-шараларды зерттеу жолында А.И. Бараев атындағы Қазақтың астық шаруашылығы ғылыми институты және басқа ғылыми өндірістік мекемелер ғалымдары мен қызметкерлері бірлесіп үлкен жұмыс атқарды. Олар егіншіліктің топырақ қорғау жүйесін қалыптастырып оны ауыл шаруашылығы саласында қолданып, іске асырды. Осы жаңа егіншіліктің топырақ қорғау жүйесінің басты буыны-топырақты соқаның орнына, жазықтілгіш құралдармен өңдеп, топырақ бетінде аңыз, өсімдік қалдықтарын мол қалдыру. Сөйтіп, топырақ бетінің желге төзімділігін арттыру, қыста мол қар жинап топырақтың ылғалдылығын жақсарту. Сонымен бірге топырағы қарқынды өңделетін, эрозияға төзімсіз пар алқабында қышадн ықтырма егу және пар мен егіс алқабын әр 100-200 м сайын кезектестіріп, жолақтап оларды желдің соғу бағытына көлдеңен келтіріп орналастыру. Ал желге өте төзімсіз жеңіл гранулометриялық құрамды (құм, құмайт, жеңіл құмбалшық) топырақтарда жоғарыда аталған агротехникалық шаралармен бірге арнайы топырақ қорғау ауыспалы егісін қолдану. Яғни, дәнді-дақылдар мен пар және көпжылдық алқаптарын жолақтап 50-100 м сайын кезектестіріп орналастыру.
Жел эрозиясына өте шалдыққан топырақтарды егістіктен шығарып, оларға көпжылдықекпе шөптерді егуі.
Жоғарыда баяндалған Қазақстан ғалымдарының қалыптастырған топырақты жел эрозиясынан қорғау іс-шаралары жүйесі ТМД мемлекеттері ішінде қолдау тауып, мақұлданып осы елдердің ауыл шаруашылығы саласында іске қосылған.
Топырақта су эрозиясынан қорғау үшін де оның үстінде мол өсімдік қалдықтарын қалдырып топырақты жазықтілгіш құралдармен өңдеу қолданылады. Топырақты өңдеу, саңылаулар қалыптастыру тұқым себу, қар тоқтату жұмыстары еңістікке яғни су ағысына көлдеңен бағытта жүргізілуі тиіс.
Су эрозиясы байқалып, жырашалар қалыптасқан беткейлерде жер бетін тегістеп, көп жылдық шөп егілген болуы керек.
Орман мелиорациясы (ағаштар мен бұталар егу) шаралары жыралар, сайлар жағалауына, су қоймалары, суару жүйесінің бойына жүргізілуі тиіс. Егілген ағаштар мен бұталар жыралардың әрі қарай дамуын тежеп, топырақтың су эрозиясына төзімділігін арттырады.
Егер жоғарыда көрсетілген шаралар су эрозиясын елеулі түрде бәсеңдетпесе, онда күрделі гидротехникалық шаралар қолданылады. Олар: тау беткейлерін террасалау, жыраларды бекітіп инженерлік құрылыстар салу, ирригациялық эрозия болдырмау үшін арықтардың, каналдардың табаны мен қапталып бетондау, не басқа заттармен бекіту.
Қорыта келгенде, топырақты жел мен су эрозиясынан қорғау, оның басқа жолмен азып-тозуын болғызбау, улы заттармен, өндіріс қалдықтарыммен ластануының алдын алу үлкен маңызы бар мемлекеттік, халықтық іс, жер иелерінің, жерді пайдаланушы кәсіпорындар мен ұжымдардың, жеке тұлғалардың абройлы міндеті, келешек ұрпақ алдындағы борышы.
Асыраушы анамыз, жер бетіндегі тіршіліктің тірегі, биосфераның биологиялық тұрақтылығының негізі, күн нұрының ғасырлар бойы жерге жеткен қуатын сақтап, оны әлемдегі тіршілік иелерін үнемдеп таратушы, табиғи мұрамыз, баға жетпес байлығымыз-топырақ. Сондықтан оны қадірлеп, қастерлеп, ұтымды пайдалынып, көздің қарашығындай қорғай білуіміз керек.
Негізгіәдебиеттер:
1.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000. 2.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.-292 бет. 3.С.Ж. Колумбаева, Р.М. Бильдебаева. Общая экология: Учебное пособие.
Под. ред. А.Б. Бигалиева.-Алматы: Қазақ университеті; 2005.-126 с.
Экология и устойчивое развитие /журнал/ Астана, 2004, № 1-12.
Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология. Человек-Экономика-Биота-Среда: Учебник для вузов.-2-е изд., перераб. И доп.-М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001. – 566 с.
А.М. Никаноров, Т.А. Хоружая. Экология.-М.: 2001.-304 с.
Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы.