Республикасы


Ұзақ уақыт ауыр салмақ басу синдромы (жарақатты токсикоз)



бет106/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   121
Байланысты:
Мусина Р. Т., Кейкин Е. К., Сарсембаева А. Ш

Ұзақ уақыт ауыр салмақ басу синдромы (жарақатты токсикоз) аяқ - қолдың жалпақ ұлпаларының ұзақ уақыт (4-8) бойы жаншылуы салдарына бұлшық еттер жансызданып, ұлпалардың ыдырау өнімдері-улы заттар қанға сіңіп бүйрек-бауыр қызметі жеткіліксіздігін тудыратын өзінше бір потологиялық жағдай. Синдром, зақымданған дене бөлігін құлаған нәрсенің, яғни құлаған үй үйіндісі, құрылыс жабдықтары сияқты заттардың астынан босатқан соң пайда болады.
Жарақатты токсикозды клиникалық өту кезеңін үшке бөледі:

  1. Ісінудің ұлғаюы мен қан-тамыр жүйесінің жетімсіздігінің 1-3 күнге созылу кезеңі.

  2. Өткір түрдегі бүйрек қызметінің жетімсіздігінің үш күннен 9-12 күнге дейін созылу кезеңі.

  3. Сауығу кезеңі.



3.Сынық, түрлері, белгілері.


Ықтимал және нағыз сынықтың белгілері.
Сынық (fractura) – сүйек бүтіндігінің бұзылуы. Пайда болуына байланысты
туа біткен және жүре пайда болған сынық болып бөлінеді.
Туа біткен сынықтар нәресте сүйегінің құрсақ ішінде патологиялық процестер немесе анасының жарақат алуы себептерінен болады.
Жүре пайда болатын сынықтар себебіне қарай патологиялық және жарақаттық сынық болып ажыратылады. Жарақаттық сынық – сау сүйектің оқыстан күшті механизмі зақым алуы (соққыдан, құлап қалудан, тағы басқа), ал патологиялық сынық көбінесе жеңіл жарақаттың асқынуы не сүйек тінінің өзінен-өзі ауырып, өзгеріске түсуі салдарынан (остеомиелит, ісік, тағы басқа) болады.
Ет пен терінің зақымдануына қарай ашық және жабық сынық болып ажыратылады.
Ашық сынық кезінде сүйектің майдаланып сынуы, тері мен бұлшық еттің үлкен көлемде мыжылып, жаншылуы; сонымен қатар жұмсақ тіндердің қанталап, ашық жараға шаң-тозаң, инфекция түсіп жара іріңдейді. Мұндай Сынықты емдеу ұзаққа созылады.
Жабық сынық – терісі аман сынық түрі. Терісі бүлінбеген жабық сынық тез жазылады.
Нағыз сынық - сүйектердің ұштары бір-бірімен түйіспейтін сынық түрі.
Ықтимал сынық - сүйектерді шытынап, жартылай сынуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет