Республикасы


Алғашқы медициналық көмек көрсету принциптері мыналардан құралады



бет108/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   121
Байланысты:
Мусина Р. Т., Кейкин Е. К., Сарсембаева А. Ш

Алғашқы медициналық көмек көрсету принциптері мыналардан құралады:


  1. оқиға орнын қарау;

  2. бірінші рет қарау, көмек көрсету;

  3. жедел жәрдем шақыру;

  4. екінші рет қарау.

Оқиға орнын қарау

  • Сіз үшін қауіпті емес пе?

  • Не болды?

  • Зардап шеккендер қанша?

  • Айналаңыздағылардың сізге көмек көрсететін жағдайы бар ма?

Қарау кезінде әрбір нәрсеге назар аударыңыз. Бұл оқиғаның немесе жарақаттың бастапқы себептерін көрсетеді. Егер зардап шеккен адам ес-түссіз болса, ал куәгерлер болмаса, түбегейлі қарау өте маңызды.
Бірінші рет қарау, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету (бірінші кезекте, өмірлік маңызды органдарға төнген қауіпті анықтауға бағытталған) ол:

  1. есін тексеру (ми жүйесі);

  2. тыныс жолдарының демалысын тексеру;

  3. тыныс алудың болуын тексеру (өкпе);

  4. пульсін тексеру (жүректің жұмысын).

Есін тексеру

  • Зардап шегушінің есінен айырылмағанын анықтаңыз.

  • Егер ол қатты айқай, иығынан жұлқылау сияқты сыртқы тітіркендіргіштерді сезбесе, оны көмек көрсетуге келісті деп есептеңіз.

Сіздің келесі әрекеттеріңіз: Тыныс жолдарының демалысын тексеру; Пульсін тексеру;
Жедел жәрдем шақыру Жедел жәрдемді келесі кез келген жағдайларда шақыру керек:

  • ес-түссіз немесе ес деңгейінің өзгермелілігі;

  • тыныс алудағы қиындықтар (тыныс алудың қиындауы немесе болмауы);

  • үздіксіз ауру сезімі немесе кеудедегі қысымды сезіну;

  • көп қан кетуі;

  • іштің қатты ауыруы;

  • қан құсу немесе қанның бөлінулер (зәрмен, қақырықпен) шығуы;

  • улану;

  • сіңір тартылу, қатты ауыру немесе түсініксіз сөйлеу;

  • бастың, мойынның немесе арқаның жарақаты, сүйек сыну ықти ЖЖҚ қолданылған кезде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек: жатады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:



    1. З.Т.Қыстаубаева, А.Ш.Сарсембаева Тіршілік қауіпсіздігі негіздері. ҚарМУ баспасы. 2012

    2. Ділдібек Д.С.,Тіршілік қауіпсіздік негіздері.Алматы,2016.

    3. Маханов Б.Б. Төтенше жағдайлардағы тіршілік қауіпсіздігі. Алматы

«Дәуір» 2011

    1. Кенжебеков Б. . Өмір-тіршілік қауіпсіздігі. №5 шығарылым, 2011.

    2. Кенесариев Ү.И., Жақашов И.Ж. Экология және халық денсаулығы. Алматы «Ғылым», 2013.

    3. Қ.М.Тұрланов, С.А.Қалқабаева. «Жедел медициналық жәрдем» Алматы, 2004.

    4. Роббинс .Дерттану негіздері. Алматы,2016.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет