Республикасы



бет105/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   121

Алғашқы жәрдем.


Аяқ - қолды қимылдамайтын етіп, қатты таңып байлап, алғашқы тәулікте салқын зат басады, соңынан ұйыған қанның сіңірілуі үшін жылулық процедураларын қолданады.
Байламдардың үзілуі - шапшаң әрекетті күштің әсерінен, буындардың шамадан тыс бүгіліп, жазылып және шеткі байламдардың созылуы салдарынан пайда болады. Әсіресе қол ұшы мен саусақ, иықтың ұзын екі басты бұлшық етінің және ахилова сіңірлерінің үзілуі жиі кездеседі. Мұндай жағдайда буындардың қызметі бұзылып зардап шегуші ауырсынады. Байқау кезінде үзілген жердің ауыратындығы, кішкентай іскендігі байқалады.
Буынның шығуы - бұл сүйек буындарының толығымен орнынан тайып кетуі.
Жартылай таюын аздап ығысу дейміз.
Жарақаттану механизмі: аяқ-қол, саусақ, бармақ бастарымен құлау, мысалға қолды алдына қарай соза құлау, буын бастарын икемсіз қайырып алу, буын аймағын тікелей соғып алу.
Басқа да жарақаттар сияқты жаз жайлауда жүрген малшыларда өте жиі кездесетін сырқаттың бірі, оқыс қимылдардан буынның шығып кетуі. Әсіресе иықтың, қолдың, жамбастың буындарының шығуы жиі кездеседі. Буынның шығу себептері әр түрлі. Ол еңбек үстінде, реніш, қуаныш үстінде де бола береді. Қуаныш-деп отырғанымыз, сауықшыл жұртымыздың атадан мирас қалған әдеті бойынша той-томалақта күреске түспей, күш сынаспай, ат жалында ойнап, сайыс құрмай салтанат болушы ма еді? Тіпті ұлан-асыр жиынды айтпай- ақ буынның шығуы құрбы-құрдас арасындағы ұстаса қалып шалыса кеткенде де болып жатуы ықтимал. Сондықтан болар буын шығуы аса жиі кездесетіндігіне орай ауылды жерде көп адамдардың дәрігерлік білімнің жоқтығына қарамастан лып еткізіп, ауыртпастан буынды орнына қоя қоюының өзі ескіден қалған мұра тәріздес. Осылай бола тұраса да дәрігерге көрсетуді ешкашан ұмытпаган жөн. Және де буын шығысымен-ақ көрінудің пайдасы аса зор. Өткені уақыт өтіп кешеуілдеген сайын, буын қуысының арасында сары су жиналып, қабына ісінуінің салдарынан, буын орнына түскенмен қайыра шыққыш келеді. Бұл ауруды асқындырып алу деген сөз. Бұндай жағдайда тек қана ота жасау жолымен емделіп, тәуірленуге болады. Қандай отаның түрі болмасын оның өз кемшілігі, зиянды әсерлері болатынын естен шығармайық. Олай болса барынша уақытылы көмек алудың абзалдығы түсінікті.
Сырқат адамдар буын аймақтарының жанға батарлықтай ауыратын-дығына, сондай-ақ белсенді және енжар түрде қимыл жасай алмай-тындығына шағымданады. Кейде аяқ-қол бастарының жансыздануы да мүмкін. Науқас адамды тексеру кезінде буын аймағының өзгеруі байқалады, яғни қол-аяқ бастарының әдеттен тыс еріксіз қысқаруын, сирек жағдайда созылуын немесе өсінен өзгеруі сияқты. Иықтың басы немесе сүйектің басы шыққан жағдайда буынның орны босап қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет