Тірі организмдердің өзі – тіршілік ортасы. Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдердің ішінде көптеген олардың өкілдері екінші бір организмдерді мекен ретінде пайдаланады. Оларды паразиттер немесе арамтамақтар деп атайды. Барлық паразиттер: эктопаразиттер (иесінің сыртқы денесінде кездесетін – кенелер, сүліктер, бүргелер, масалар, т.б. ) және эндопаразиттер (иесінің ішкі мүшесінде кездесетін-құрттар, бактериялар, вирустар, қарапайым паразит өкілдері,т.б.) деп жіктеледі.
Шынайыпаразиттер иесімен өмір бойы байланысты болып келеді.
Жалған паразитизм еркін тіршілік ететін түрдің жеке даралары басқа түр дараларының ағзаларына кездейсоқты түсіп, сонда уақытша тіршілігін сақтап қалып иесінің қалыпты өмір сүру әрекеттін бұзады.
Уақытша паразиттерөмірінің бір бөлігі иесімен байланысты (қоректенген кезде) болады.
Тұрақты паразиттер өмірінің бір бөлігін иесінің денесінде немесе денесінің үстінде өткізеді, ал қалған өмірін еркін тіршілік етеді.
Эктопаразиттер – бұл иесінің денесінің үстінде тіршілік ететін сыртқы паразиттер (кенелер, сүліктер, бүргілер, биттер және т.б.).
Эндопаразиттер – бұл иесінің денесінің ішінде тіршілік ететін ішкі паразиттер.
Ағзалық тіршілік ортасында ағзалар паразиттік және жартылай паразиттік тіршілік етеді.
Негізгіәдебиеттер:
1.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000. 2.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.-292 бет. 3.С.Ж. Колумбаева, Р.М. Бильдебаева. Общая экология: Учебное пособие.
Под. ред. А.Б. Бигалиева.-Алматы: Қазақ университеті; 2005.-126 с.
Экология и устойчивое развитие /журнал/ Астана, 2004, № 1-12.
Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология. Человек-Экономика-Биота-Среда: Учебник для вузов.-2-е изд., перераб. И доп.-М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001. – 566 с.
А.М. Никаноров, Т.А. Хоружая. Экология.-М.: 2001.-304 с.
Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы.