Республикасы



бет89/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   121
Байланысты:
Мусина Р. Т., Кейкин Е. К., Сарсембаева А. Ш

Табиғи шешек, безгек және де әртүрлі басқа аурулардың қоздырғыш микробтарын қолданады.
Биологиялық қаруды құрғақ және сұйық, аэрозол рецептура түрінде қолдана алады. Оларды әртүрлі оқ - дәрілерге толтырып, жерге, су қоймаларына таратады. Бұлардың ішіндегі ең қауіптісі - аэрозол түрі, өйткені бұл жағдайда адамға және жануарларға әдетте ауа арқылы жұқпайтын аурулардың қоздырғыштары тарайды.
Биологиялық қарудың нысанаға жеткізу үшін: авиациялық бомбалар, ампулалар, пакеттер, қапшықтар, әртүрлі радиусқа жететін ракеталар, ағызып шашуға арналған приборлар, әеу шаралары (аэростаттардан) тастауға болады.
Биологиялық қарудың әсеріне тікелей ұшыраған және жұқпалы аурудың түрлерін тарататын аймақ (территория) - зақымдаушы ошақ ортасы болып табылады.Ондай жердің ойпаты мен үлкен - кішілігі қолданылған қару түріне ауру қоздырушылардың биологиялық ерекшелігіне және оларды қолдану тәсіліне, эффектісіне байланысты болады.
Биологиялық зақымдау жерінің пайда болуына ауа-райының жағдайлары, жер рельефі әсер етеді. Бактериялық зақымдау жердің аймағы жүздеген тіпті мыңдаған квадрат километрге жетуі мүмкін, ал бактериялогиялық қарудың адам және жануарлар организіміне әсерінің тұрақтылығы ауру қоздырушының және таратушының түріне, ауа-райының жағдайына (желдің жылдамдығы, ауа температурасына, ылғалдылығына, күн радиациясына т.с.с) байланысты болады. Мысалы: температура төмен жерде бактерияның зақымдау қаупі ұзақ сақталады. Ал жазда күні, күн ыстық және күн радиациясы қарқынды кезде
патогендік микробтар тез өледі.
Бактериялық бұлт сай-сала, ойпат жерде,аулада,жабық жерлерде т.с.с жиналып тұрып қалуы мүмкін.
Қорғаныс шараларын дер кезінде қолдану үшін төмендегідей белгілерін ажырата білу керек:

  1. Оқ-дәрі жарылған орындарды, топырақта, өсімдіктерде және т.б заттарда сұйық зат тамшылары немесе ұнтақ тәрізді заттар қалады (бактериялық оқ-дәрі жарылғанда кәдімгі оқ-дәрі жарылған кездегіге қарағанда бәсеңдеу дыбыс шығарады).

  2. Оқ-дәрі жарылған кезде аздаған түтін бұлты немесе тұман пайда болады.

  3. Ұшып бара жатқан ұшақтың соңында созылып шыққан күңгірт пайда болады. Олар біртіндеп шөгеді және сейіліп кетеді.

  4. Насекомдар мен кемірушілер, жәндіктер жерде көбейіп кетеді.

  5. Ауыл-шаруашылық жануарлары мен жабайы аңдар жаппай ауырып өле бастайды.

  6. Адамдар арасында да жаппай ауру тарайды.

Осы аталған белгілердің біреуі білінсе, дереу қорғаныс шараларын қолданады. Газқағар, респиратор, маска және тері мен көзді қорғаушы құралдарды киеді және басшыларға хабарлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет