Республикасы


Ядролық қару, шығу тарихы, түрлері



бет85/121
Дата03.12.2022
өлшемі1,42 Mb.
#54649
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   121
Байланысты:
Мусина Р. Т., Кейкин Е. К., Сарсембаева А. Ш

Ядролық қару, шығу тарихы, түрлері.


Атом бомбасы (Атомная бомба) — авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтез реакциясына негізделген сутек бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық бомба" деген термин орнықты.
Ядролық қарудың өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол – ядролық және термоядролық болып бөлінеді.
Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде, қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді.
Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді. Арнайы әдебиеттерде ядролық қарудың қуаты килотоннамен (кт) және мегатоннамен (мт) де көрсетіледі. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді.
Ядролық қару жарылған кезде пайда болатын факторлар:

  1. екпінді толқын;

  2. жарықтық сәулелену;

  3. өтпелі радиация;

  4. радиоактивті зақымдану;

  5. электр-магниттік импульс.

2.Ядролық зақымдау ошағы


Ядролық зақымдау ошағы шартты түрде төрт шеңберлі аймаққа бөлінеді: Бірінші аймаққа (жарылыс кіндігіне жақын жердегі толық қираушылық)
сыртқы шекараға 0,5кг/см2 жоғарырақ артық қысыммен соққы толқынының әсеріне ұшыраған зақымдану ошағының аумағы жатады.
Екінші аймақ (қатты қирау) 0,5 - 0,3кг/см2 соққы толқынының артық қысымымен сипатталады. Бұл аймақта тас ғимараттар мен жер төлелер қатты қирап, ағаш ғимараттар толық қирауы мүмкін, үйінділер пайда болып, өрт шығуы да мүмкін. Панаханалардың көбісі сақталады, алайда кейбіреулерінің кіреберісі мен шығаберісін үйінді басып қалуы мүмкін. Панаханадағы адамдар зардап шекпейді.
Үшінші аймақ (орташа қираулар) 0,3 - 0,2кг/см2 соққы толқынының артық қысымымен ғимараттар мен тұрақжайлармен ішінара қирауымен сипатталады. Оларды жаппай өрт жайлауы мүмкін. Көптеген қорғаныс ғимараттар сақталынады, ал онда тұрған адамдар зардап шекпейді. Қорғаныс ғимаратының сыртында қалған адамдардың бір бөлігі жарақат алып, жедел медициналық көмекті қажет етеді.
Төртінші аймақ (болмашы қираулар) 0,2 - 0,1кг/см2 толқын соққысының артық қысымымен сипатталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет