Соққы толқыны - ауаның бірден қысылысынан пайда болады. Ол дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынның пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайда болуы. Соққы толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағылардың бәрін
қирата талқандап өтеді. Соққы толқынның күші эпицентрінен қашықтаған сайын бәсеңдей береді. Адамдар соққы толқыннан тек арнайы панаханаларға, шұңқырларға, таса жерлерге жасырынып сақтанады .
Жарықтық сәуле бөлу - ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады. Оның құрамында ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер
бар. Жарықты сәуле бөлу жарылыстың күшіне байланысты бірнеше секундқа ғана созылады.
Жарықты сәулелену - бұл жарылыс кезінде болатын сәулелердің қуаты. Бұның қызуы миллион градусқа (жарылыс барысында бірнеше мыңға) дейін болады (жарылыстың аяғында).
Ол күннен алдеқайда анық, өткір, ашық сондықтан алыстан көрінеді.
Сәуленің мөлшері - калориямен өлшенеді.
Жарықты сәулелену - адам денесін, жан-жануарды күйдіреді, соқыр қылады Күйдіру сатысы бірнеше дәрежеде болады:
- ші дәрежелі - 4 кал/см;
- ші дәрежелі - 4-7,5 кал/см;
- ші дәрежелі - 7,5 - 12 кал/см (тері сыдырылады);
- ші дәрежелі - 12 - ден жоғары кал/см (терінің күйігі тереңдеп, жапырықтанып, бөлшектеніп
Жердіңрадиоактивтіластануы - ядролық жарылыс бұлттарынан радиоактивті заттардың түсуі нәтижесінде болады.
Радиациялық қауіптілік.
Радиациялық апат - радиоактивті өнімдердің тасталуына немесе иоңдаушы сәулеленудің РҚО аумағын қалыпты пайдалануға арналған жобада қарастырылғандағыдан артық мөлшерде шығуына байланысты болған авария.
Радиациялық апаттың салдары олардың зақымдаушы факторына байланысты. Радиациялық апаттың негізгі зақымдаушы факторлары радиациялық әсер және радиоактивті ластану болып табылады.Апаттар жарылыстар мен өрттерді тудыруы мүмкін. Ядролық реакторы бұзылған атом станцияларындағы апаттың зардабы өте ауыр.
Радиациялық апаттардың салдары негізінен радиациялық әсер және радиоактивті ластанудың көлемімен және деңгейімен сондай-ақ радионуклид құрамымен және тасталған радиоактивті зат мөлшерімен бағаланады.
Апат барысында және одан кейін оның салдарының деңгейі мен ұзақтығына, сондай-ақ радиациялық ахуалға мыналар айтарлықтай ыкпал етеді:
радиоактивті заттардъң табиғи ыдырауы, осы заттардың қоршаған ортаға таралуы;
Апаттан кейінгі бастапкы кезеңде жалпы радиоактивтілікке жартылай ыдырайтын қысқа мерзімімен (әдетте екі айға дейін) радионуклидтер айтарлықтай үлес қосады. Мұндай радионуклид, атап айтқанда радиоактивті йод (йод- 131) болып табылады.
Радиоактивті ластанудың нәтижесінде шаруашылық айналымынан өнеркәсіп кәсіпорындары, инфрақұрылым элементтері, тұрғын үй, әлеумет
тұрмыс нысандары, ауылшаруашылығы мен орман алқаптары, суаттар мен жер асты су көздері, әртүрлі табиғат объектілері бар бірталай аумақ шығарылады.
2.Радиоактивті ластану
Радиоактивті ластану – жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары көтеріліп жетмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп ластайды. Ол 3 зонадан тұрады:
Жер бетінің рельефінен (таулы, жазық дала) радияцияға қарсы паналар (РҚП) және қарапайым панаханаларда жатады.
Арнайы қорғану құрылымы бұл соғыс және бейбіт уақыттағы ядролық және химиялық қауіп қатерде пайдаланатын герметикалық қорғау құрылымы. Арнайы қорғану құрылымында паналайтын адамдар тері мен тыныс жолдарын қорғайтын құралдарды пайдаланбайды. Радиацияға қарсы панахана бұл адамдарды жедел сәуле мен радиоактивті заттар және биологиялық аэрозольдерден қорғайтын құрылым. Қарапайым панахана, бұл жер қабатындағы саңлау, арық, траншея, арнайы қазылған үңгір (землянка). Бұларды жасауға көп уақыт кетпейді және оларда адамдар тиімді қорғана алады.
Қорғаныс құрылымдары қызметіне, орналасу уақытына, қорғану қасиетіне және сиымдылығына байланысты топталады.
Радионуклеидтердіңтопырақпенөсімдіктергеәсері Радионуклидтердің айтарлықтай мөлшері топырақта қалыптасқан, олар беткі қабаттарында да төменгі жерлерінде де бар.
Негізінен біздің аймақта радионуклидтік ластанудың 2 көзі бар. Олар: цезий
137, стронций - 90. Стронцийдің топырақта қалыптасуы ең алдымен ионды зат алмасумен байланысты, ал цезийдің қалыптасуы ионды сорбезия процестерімен байланысты.
Радионуклидтердің өсімдіктерде жиналуы топырақ пен өсімдіктің түріне байланысты. Қышқыл топырақтарда радионуклидтер өсімдіктерде көбірек жинақталады. Топырақтың қаншалық қышқылдығы аз болса, радионуклидтердің өсімдіктерге енуі соншалық төмен болады. Сондықтан да топырағына байланысты стронций - 90 мен цезий - 137 өсімдіктерде 10-15 есе өзгеруі мүмкін. Тың аймақтарда, жайылым жерлерде, цезий 0-5 см аралық қабатта орналасады. Ал аударылған жерлерде цезий - 132 беткі қабаттарында болады.
Суды көп қажет ететін өсімдіктер суды аз қажет ететін өсімдіктерге қарағанда, цезий - 137 өз бойына көбірек сіңіреді. Радионуклидтердің шөптектес өсімдіктерде жиналуы оның құрамына байланысты. Дәнді дақылдар өсетін жерде радионуклидтің мөлшері шөптектес өсімдіктер өсетін жерлерге қарағанда 3-4 есе жоғары.
Құрамында калий мөлшері аз өсімдіктер өз бойына цезийді аз жинайды. Топырақтарға қарағанда өсімдіктер өз бойына радионуклидтерді аз жинайды, бірақ соған қарамастан кейбір өсімдіктер азық-түлік ретінде пайдалануға жарамсыз.