Байланысты: Мусина Р. Т., Кейкин Е. К., Сарсембаева А. Ш
Гипертонияауруы асқыну мүмкіндігімен (миокард инфаркті, инсульт, бүйрек сырқаты) қатерлі және ұзақ уақыт бойы табандылықпен емдеуді талап етеді, ал емнің қонуы аурудың сатысына, науқастық құлқына байланысты. Науқас дәрігерге неғұрлым ерте көрінсе, дәрігердің ақыл-кеңесін неғұрлым қалтқысыз орындаса, емдеу соғұрлым тез пайда береді. Режимнің зор маңызы бар: науқас денеге және әсіресе жүйкеге күш түсуінен мүмкіндігінше аулақ болғаны, еңбек ету мен тынығу режимін қатаң сақтағаны, темекі мен спирт ішімдіктерінен бас тартқаны жөн; күніне кемінде 8 сағат ұйықтау керек.
Артериялық қысымның көтерілуі бүйректің хлорлы натрийді бөлуінің азаюымен тікелей байланысты болғандықтан, гипертония ауруы үдеуінің алдын алатын және науқастық жай күйін жақсартатын маңызды шаралар қатарына мыналар жатады: тамақ рационында тұзды шектеу, тұзды тағамдарды, маринад тарды рационнан шығарыл тастау, солдай-ақ дәрігердің тағайындауы бойынша организмнен тұздық бөлінуін ұлғайтатын, несеп айдайтын дәрі-дәрмектер ішу. Қозғалыс белсенділігін. жаяу серуен, спорттық жеңіл түрлері, дене еңбегі гипертония ауруының үдеуінен сақтайды және оның алдын алатын маңызды фактор болып табылады. Дәрігер тағайындаған емдеу комплексі, оның ішінде артериялық қысымды түсіретін дәрі-дәрмектер ішу науқастық жай-күйін тез жақсарта алады. Алайда, бұл уақытша әсер, ол аурудан жазылғандық емес, сондықтан дәрігердің айтқандарының бәрін орындау қажет. Емдеу ді негізсіз үзіп тастау, режимді бұзу, психиялық-қызбалық жасау аурудың барысын нашарлатуы, гипертония асқынуына — миды, бірсыпыра реттерде басқа да органдарды қанмен жабдықтаудың бұзылуына т. б. әкеліп соғуы мүмкін. Науқастық жағдайы қатты нашарласа, дереу дәрігер шақыру керек. Ол келгенге дейін науқас төсекте немесе ыңғайлы креслода жантайып отыруы қажет. Табаны мен тізесін қыздырып, (грелка қойып, орап тастау), 30-35 тамшы корвалол немесе валокордин ішу, сондай-ақ, бұрын тағайындалған, қысымды түсіретін дәріні ішу керек. Тамақ ішпеу қажет. Кеуде ауырса, тілдің астына нитроглицерин салған жөн.Гипертония ауруымен сырқаттанғандар диспансерлік байқауда болады. Көп жылғы тәжірибеге қарағанда үнемі емделіп, режимді дұрыс сақтаған жағдайда науқас ұзақ жылдар бойы жұмыс қабілеттілігін сақтайтыны дәлелдейді.