Республикасының білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұО» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет5/48
Дата25.11.2023
өлшемі464,98 Kb.
#125802
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Методические рекомендации по РАС (1)

1.
 
АУТИСТІК СПЕКТРДІҢ АУЫТҚУЛАРЫ БАР БАЛАЛАРҒА 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СИПАТТАМА
 
 
АСА бар балалардың әлеуметтік бейімделуіне және құрдастарының 
ортасында табысты оқуына кедергі келтіретін негізгі мәселелер: 

әлеуметтік
-
эмоциялық өзара іс
-
әрекеттердің
айқын қиыншылықтары; 

өз
қызметін
және мінез
-
құлқын
ұйымдастырудағы
қиындықтар

әртүрлі
дәрежедегі мінез
-
құлық
бұзылыстары; 

психикалық функциялардың айқын көрінген әркелкі даму 
ерекшелігі, жалпы танымдық қабілеттерінің даму ерекшелігі; 

қоршаған
ортамен қарым
-
қатынас
орнатудағы қиындықтар [1].
Жоғарыда көрсетілген ерекшеліктер, осы санаттағы балалардың 
әртүрлілігі
оқыту мен тәрбиелеудің арнайы жағдайларында, бейімделген 
білім беру кеңістігін ұйымдастыруда, оқу кезінде арнайы тәсілдер мен 
әдістерді
қолдануда
және АСА бар балаларды психологиялық
-
педагогикалық 
сүйемелдеудің қажеттігін білдіреді

Арнайы психологияда мұндай бұзылыстар бұрмаланған дамудың түрлі 
нұсқаларына жатады. Бүгінгі күні бұрмаланған дамудың екі тобын бөліп 
отыр: 
1)
көбінесе аффективті
-
эмоциялық саланың бұрмалануы (О.С. 
Никольскаяның жіктемесі бойынша ерте балалар аутизмінің 4 тобы). Бұл 
жіктеу мінез
-
құлық
пен сананы аффективті ұйымдастырудың авторлық 
моделіне негізделген; 
2)
когнитивтік саланың бұрмалануы (атиптік немесе процессуалды
аутизм) [2]. 
Әр
нұсқада балада аффективті, танымдық және реттеушілік салалардың 
дамуы мен мінез
-
құлқының
ерекше
болуы
көрініс табады. 
Аутизмі бар балаларға арналған білім беру бағытын таңдау үшін 
педагогтар
мен психологтар жұмысындағы практикалық маңызы зор О.С. 
Никольскаяның жіктемесіне жүгінеміз. 
Автор түрлі мінез
-
құлықтары
бар аутистік
балалардың төрт тобын 
бөледі. Аутизмнің
сипатына,
ауырлығына

баланың бейімделу
дәрежесіне 
және оның әлеуметтену мүмкіндіктеріне
байланысты
әрбір нұсқа басқасынан
ерекшеленеді. Төменде көрсетілген төрт топқа
бөлу АСА бар балаларды 
оқытуды ұйымдастыруға саралап қарауға мүмкіндік береді [3].
Бірінші топ.
Бірінші топтағы балаларға терең аффектті
патология тән. 
Олар ештеңені көрмейтіндей,
естімейтіндей болады, тіпті физикалық 
ыңғайсыздық әсер етпейді, ештеңеге мән бермейді. Алайда, кейбір 
жағдайларда күтпеген нәрселерді түсінетіндей болады.
Мақсатты шоғырландыру қабілетінің айқын бұзылуы балалардың өзіне
-
өзі
қызмет
көрсету және коммуникация дағдыларын қиындықпен меңгеруіне 
әкеледі. Мутизмнің болуымен сипатталады, бірақ олардың көбі басқа да 
қызықтырған
сөзді немесе фразаны қайталай алады, ал кейде үн қатып, тіпті 
күтпеген жерден болған оқиғаны айтуы мүмкін. Бірақ бұл сөздер қарым
-



қатынасқа
жатпайды және одан 
әрі белсенді 
сөздік қорында 
пайдаланылмайды, көрген немесе естілгеннің көрінісі болып қалады. Өзінің 
белсенді сөйлеу тілі жоқ болса, олардың сөйлеуін түсіну үлкен мәселе болып 
қалады. Мысалы, балалар өзіне айтылған ең қарапайым нұсқауларды 
түсінбеуі мүмкін, бірақ, сирек жағдайларда болса да, оларға қатысы жоқ 
айналасындағылардың әңгімелерінен естіген күрделі ақпараттарды қабылдай 
алады.
Бірінші топтағы балалар сурет салынған карточкалардың көмегімен 
коммуникация дағдыларын меңгереді, кейбір жағдайларда жазбаша сөйлеуді 
компьютер клавиатурасының көмегімен меңгереді. Олар сенсомоторлы 
тапсырмаларды шешу кезінде қосымша бетбелгілері, формалар қораптары 
бар тақтайлармен жұмыс жасауда өздерінің қабілеттерін көрсете алады. 
Алайда, олар
мұндай конструкцияларды мақсатсыз бір іс
-
әрекет
арқылы 
орындайды және дұрыс аяқтайды. Бұл балалардың ақыл
-
ойы тұрмыстық 
құралдармен, телефондармен, компьютерлермен және басқа да техникамен 
әрекеттестікте
көрінеді [4].
Бірінші топтағы балалардағы аутизм дамудың
ең нашар болжамына ие, 
өйткені
ол барынша тереңдігімен және күрделілігімен сипатталады. Соның 
салдарынан балалар тұрақты күтімді қажет етеді

О. С. Никольская жетекші 
патопсихологиялық синдром ретінде сыртқы ортадан оқшаулануды 
анықтайды.
Сонымен қатар, бірінші топтың аутистік балалары қоршаған ортадан 
адамды бөліп, ажырата алады, оларда қарым
-
қатынас
қажеттілігі
мен 
жақындарына бауыр басу болады. Олар жақындары мен бөтен адамдарды 
ажыратады, бұл тактильді байланыстан және кеңістіктегі ара қашықтықтан 
көрінеді. Балалар ересектермен қарым
-
қатынасты
барынша білдіруге 
тырысады: қолдарынан ұстайды, ересектердің қолымен оларға қажетті 
нәрсені көрсете алады, сол арқылы оны беруді талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет