8
игереді және оларды болжамды жағдайларда қолданады. Қалыптасқан
дағдылары өте берік, бірақ олар қалыптасқан әдеттегі жағдайларға өте қатты
байланысты және жаңа өмірлік жағдайларға қиындықпен ауыстырылады.
Сөйлеу тілі штамптармен сипатталады. Баланың талаптары мен
өтініштері
сөздермен және сөз тіркестерімен екінші немесе үшінші жақта
айтылады. Бұл сөздер эхолалиялар немесе әндер мен мультфильмдерден
алынған сөздер негізінде қалыптасады. Сөйлеу тілі стереотипті,
коммуникативтік қызметке жатпайды және белгілі бір жағдаймен
байланысты болады.
Моторлы және стереотиптік сөйлеу әрекеттері, аутостимуляциялар
екінші топтағы балаларда айқын білінеді. Бұл қарапайым стереотиптік
әрекеттер, сондай
-
ақ күрделі математикалық операциялар болуы мүмкін. Кез
келген жағдайда, бұл стереотипті түрде бір әрекеттің қайталана беруі.
Баланың стереотиптік іс
-
әрекеттері
оған ішкі күйлерді тұрақтандыру және
сырттан келген қауіпті әсерлерден қорғау үшін маңызды. Сәтті түзету
жұмысы кезінде мұндай аутостимуляцияға қажеттілік бала үшін
маңыздылығын жоғалтуы мүмкін, тиісінше стереотиптік әрекеттер барынша
азайтылады. Баланың іс жүзінде іске асырылмайтын мүмкіндіктері бар, олар:
бірегей жады, музыкалық есту қабілеті, әртүрлі
сипаттағы дарындылық
болуы мүмкін. Түзете оқыту жағдайында балалардың бір бөлігі
бағдарламаны арнайы ғана емес, сонымен қатар жалпы білім беретін
мектептерде де меңгере алады. Алайда, бұл білімді нақты өмірде бала
пайдалана алмайтын механикалық білім болуы да мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: