Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет102/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   140
      антигормондар туралы түсінік.  
      Плацента  (шарана,  бала  жолдасы)  –  ана  организмі  мен  ұрықты 
байланыстыратын ерекше құрылым. Ол көптеген қызметтер атқарады, соның 
ішінде метболизмдік және гормондар түзуі маңызды роль атқарады.    
      Плацентада екі топ гормондар түзіледі: 
      1) 
белоктан  синтезделген  –  хориондық  гонадотропин  (ХГ),     
плаценталық лактогендік гормон (ПЛГ), релаксин; 


      2) стероидтық – прогестерон, эстрогендер
      ХГ  жүктіліктің  7-12  аптасында  көп  мөлшерде  бөлінеді,  біраздан  кейін 
оның  түзілуі  бірнеше  рет  азаяды  және  бұл  гормонның  сөлінісі  гипоталамус 
пен гипофизге бағындайды, оның ұрыққа қарай тасымалы шектелген. ХГ-нің 
негізгі  қызметі  –  фолликуланың  дамуын  ұлғайту,  сары  денені  жасау, 
прогестеронның  өндірілуін  жеделдету.  Сонымен  қатар  оның  қорғаныстық 
қабілеті – ана организмінің ұрықты қабылдамаудан (ажыратудан) сақтандыру 
әрекеті бар. ХГ-нің аллергияға қарсы әсер етеді. 
      ПЛГ  жүктіліктің  6-шы  аптасынан  бастап  бөлінеді  де,  біразға  дейін  көп 
мөлшерде  көбейеді.  Ол  гипофиздің  пролактині  сияқты  сүт  бездеріне  әсер 
етеді,  ана  организміндегі  ақуыздар  алмасуын  күшейтеді.  Сонымен  бірге 
организмде  бос  май  қышқылының  мөлшері  ұлғаяды,  инсулиннің  әсеріне 
тұрақтылық жоғарылайды. 
      Релаксин  сөлінісі  жүктіліктің  соңғы  кезеңінде  байқалады,  қасағалық 
жіктесудің  байламдарын  босаңсытады,  жатырдың  тонусы  мен  жиырылуын 
төмендетеді. 
      Прогестерон  сары  денеде  жүктіліктің  4-6  аптасына  дейін  түзіледі,  одан 
әрі бұл іске плацента қосылып, гормонның сөлінісі үдей түседі. Прогестерон 
жатырды  босаңсытып,  етінің  жиыруын  төмендетеді  және  оның  эстрогендер 
мен  окситоцинге  сезгіштігін  азайтады.  Прогестерон  жатырдың  өсуі  мен  
керілуіне,  сүт  бездерінің  дамуына  және  сүттің  шығуына  (лактация)  үлкен 
әсерін тигізеді. 
      Тіндік  гормондар  –  биологиялық  белсенді  заттарға  жатады.  Олар 
көбінесе  қанға  шықпай,  бөлінген  жерінде  ғана  әсер  етеді.  Мысалы, 
простагландиндер  бүкіл  тіндердің  микросомаларында  түзіледі,  асқорыту 
сөлдерінің  сөлінісін  реттеуге,  бронхтар  мен  тамырлар  тонусын  өзгертуге, 
тромбоциттердің  агрегациясына    қатысады.  Жергілікті  қанайналысын 
реттейтін  тіндік  гормондарға  гистамин  (тамырларды  кеңейтеді)  және 
серотонин (тамырларды тарылтады) жатады. Жүйке жүйесінің медиаторлары 
норадреналин мен ацетилхолин тіндік гормондарға жатады деп те саналады. 
      Антигормондар  –  гормондарға  қарсы  әсер  ететін  белсенді  заттар.  Олар 
организмге  ұзақ  уақыт  сырттан  гормонды  пайдаланғанда  (енгізгенде)  пайда 
болады.  Әрбір  антигормонның  түрлік  өзіне  тәнділік  қасиеті  болады, 
сондықтан  ол  тек  өзіне  тән  гормонға  қарсы  әсер  етеді.  Ол  қанға  гормон 
егілгеннен  кейін  1-3  айдан  соң    пайда  болады,  сонан  кейін  3-9  ай  арасында 
жоқ болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет