Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


Дәріс №13. Зат және знергия алмасуы. Тамақтану



Pdf көрінісі
бет110/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   140
 
Дәріс №13. Зат және знергия алмасуы. Тамақтану. 
Дәрістің жоспары: 
13.1. Негізгі түсініктер. 
13.2. Зат  алмасуы. 
13.3. Организмдегі энергияның алмасуы. 
13.4. Тамақтану. 
13.1. Негізгі түсініктер. 
      Зат  алмасу  деп    организмге  енген  қоректік  заттарды  жасушалар 
құрамдарын  синтездеуге  пайдалану  мен  энергия  өндіруге,  сонымен  қатар 
сыртқы  ортаға  қалдық  өнімдерді  шығару  үдерістерінің  жиынтығын  айтады. 
Осыған  байланысты  зат  алмасу  негізгі  үш  кезеңнен  тұрады:  1)  заттардың  
организмге түсуі  (асқорыту жүйесімен  қамтамасыз етіледі);  2) заттарды ағза 
жасушаларының пайдалануы; 3) тыныс және шығару жүйесі арқылы ыдырау 
өнімдері қалдықтарының сыртқы ортаға шығарылуы. 
      Қазіргі  уақытта  тамақтану  деген  терминді  екі  түрлі  мағынада 
пайдаланады.  Біріншіден,  тамақтану  –  бұл  тамақпен  организмге    кіретін 
қоректік  заттар  жиынтығы.  Қоректік  заттар  -  майлар,  ақуыздар, 
көмірсулардың  гидролизден  кейінгі  өнімдері  (мономерлері),  бұлар 
пластикалық және энергиялық материалдар болып саналады. Сонымен бірге 
қоректік  заттардың  құрамына,  тек  пластикалық  роль  атқаратын,  су, 
минералды  тұздар  мен  дәрумендер  кіреді.  Екіншіден,  тамақтану  –  бұл 
қоректік  заттардың  ағзаның  ішкі  ортасына  ену  тәсілі  (энтралдық  және 
парентральдық  тамақтану). 
      Ассимиляция  деп  коректік  заттардың  ағзаның  ішкі  ортасына  кіргеннен 
кейін  ондағы  жасушалар  құрамындағы  күрделі  және  арнайы  заттардың 


жаңадан түзілуін  (синтезделуін) қамтамасыз ететін үдерістердің жиынтығын 
айтады.  Асқорыту  -  ассимиляцияның  алғашқы  кезеңі  (  тағам  құрамындағы 
ақуыздар,  майлар  және  көмірсулардың  ыдырауы).  Асқорыту  жүйесіндегі 
ақуыздың  соңғы  тотығу  өнімі  -  аминқыщқылдары  мен  нуклеотидтер, 
қөмірсулардікі  –  моносахаридтер,  майлардікі  –  май  қышқылдары  мен 
моноглицериндер болады. Асқорыту жүйесінен ағзаның ішкі ортасына енген 
коректік заттардың бөлігі (шамамен 90%) – қоректік заттардың сіңімділігі 
деп аталады.  
      Анаболизм  –  ассимиляцияның  қорытынды  бөлігі,  яғни  жасушалар 
құрамы  мен  оның  ішкі  заттарының  синтезделуін  қамтамасыз  ететін 
жасушаішілік  үдерістер  жиынтығы.  Анаболизмнің  бастапқы  өнімдері  – 
мономерлер  (аминқышқылдары,  моносахаридтер,  май  қышқылдары, 
моноглицеридтер,  нуклеотидтер)  және  су,  минералдық  тұздар  мен 
дәрумендер  (витаминдер);  соңғы  өнімдері  –  полимерлер:  организм  үшін 
арнайы ақуыздар, майлар, көмірсулар, нуклеинді қышқылдар. Анаболизм  
диссимиляция  кезінде  бұзылған  жасуша  құрылымдарын  қайта  жаңартып, 
қайтадан калыптасуын, организмнің өсіп дамуын, энергиялық потенциалдың 
артуын қамтамасыз етеді. 
      Диссимиляция 
– 
ағза 
жасушаларының 
құрамы 
мен 
басқа 
қосындыларының    энергия  бөлмей  мономерлерге  дейін  ыдырау  процесі. 
Диссимиляцияның  бастапқы  өнімдеріне  ағза  жасушаларындағы  ақуыздар, 
майлар  және  көмірсулар  жатады;  соңғы  өнімдері  –  аминқышқылдар, 
моносахарлар, май қышқылдары, нуклеотидтер және энергиясы бар басқа да 
қосындылар.  Бұл  косындылар  диссимиляция  кезінде  қанға  түседі  де, 
асқорыту  жүйесінен  келетін  мономерлермен  араласып  қоректік  заттардың 
жалпы  қорын  құрады.  Бұл  –  жалпы  зат  алмасуы.  Диссимиляция  үдерісінде 
жасуша  құрылымдарының  ыдырауынан  пайда  болатын  мономерлер  мен 
басқа да қоспалар энергия бөлінбей жүреді. 
      Катаболизм  -  бұл  қаннан  жасушаға  түскен  мономерлер  мен  басқа  да 
қоспалардың энергия бөлу арқылы ең соңғы өнімдерге дейін (Н
2
О, СО
2
 және 
NH
3
) ыдырауы. Сөйтіп, катаболизм үдерісі кезінде жасуша асқазаннан қанға 
сіңген  және  өзінде  диссимилизация  нәтижесінде  түзілетін  мономерлерді 
пайдаланады. 
      Дені  сау  ересек  адамдар  ағзасында  анаболизм  мен  диссимиляция 
арасында  әрдайым  тепе-теңдік  байқалады.  Организмнің  өсуінде,  жүктілікте, 
қарқынды  денелік  жүктемеде,  ұзақ  науқастан  кейін  сауығу  кезінде  және 
ашықтықтан  шығу  жағдайында  анаболизм  диссимиляциядан  басым  болады. 
Ал  кәрілікте,  әлсірететін  ұзақ  науқаста,  аштық  және  күйзелісте  (стресс) 
дисимиляция анаболизмнен жоғары болады. 
      Қорыта  келгенде,  анаболизм  мен  диссимиляция  үдерістері,  өзара 
байланысты  биохимиялық  өзгерістер  барысында,  организм  жасушаларының 
өздігінен жаңартылуын толық қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет