Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


стереотип  немесе  жүйелілік  құбылысы



Pdf көрінісі
бет107/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   140
стереотип  немесе  жүйелілік  құбылысы  болып  саналады.  Бұл  шартты 
рефлекстер жүйесіне қарағанда, мидың күрделі анализдеу және синтездеу іс-
әрекеті  нәтижесінде  қалыптасады.  Сыртқы  ортада  организмге  жүйелі  және 
дәлме-дәл  бір  ізгілікпен  белгілі  бір  мерзімде  әсер  ететін  тітіркендіргіштер 
кездеседі.  Мұндай  әралуан  тітіркендіргіштердің  өзгерместен  реттеліп 
жасалатын ықпалын сыртқы стереотип (таптаурын)  деп атайды. Осындай 
тітіркендірудің  әрқайсысы  ми  қыртысындағы  тиісті  қозу  және  тежелу 
арқылы  организмнің  белгілі  әсерленісін  туғызады.  Сондықтан  сыртқы 
стереотипті тітіркенуге сәйкес, мида осы сияқты әрекеттік қатынастың бірізді 
өзгерісі пайда болады. Олар сол тәртіппен бірнеше рет қайталанған жағдайда, 
біртұтас біріккен тізбекті  рефлекстер жүйесіне айналады. Мұндай қозу мен 
тежелудің  мидағы  бекітілген  белгілі  бірізді  қалыптасуы  жылжымалы 
(динамикалық) стереотип деп аталады. 
      Табиғи жағдайда динамикалық стереотип адам иен жануарлардың әртүрлі 
әдеттері  мен  дағдыларын,  мінез-құлығының  белгілі  жүйесін  құрайды.  Олар 
өте  қиын  құралады,  алайда  кейін  тым  берік  сақталады.  Егер  олар  бұзылса, 
жоғары жүйке қызметінің әрекеттік ауытқулары (невроздар) пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет