Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет115/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   140
калориялық  коэффициенті  деп  аталады.  Организмде  белок  толық 
тотықпайды, себебі оның тотығу барысында мочевина, несеп қышқылы және 
т.б.  жылу  шығаратын  заттар  пайда  болады.  Сондықтан  ағзадағы  белоктың 
калориялық  коэффициенті  4,1  ккал  (17,17  кДж);  май  үшін  –  9,3  ккал  (38,39 
кДж); көмірсу  үшін  –  4,1  ккал  (17,17  кДж).  Сонымен  белок  пен  көмірсудың 
жылу  шығару  қабілеті  бірдей,  ал  тотыққан  май  бөліп  шығаратын  жылу 
мөлшері оларға қарағанда екі есе көп.   
      Организмнің  энергия  шығыны  екі  түрлі  калориметриялық  әдіспен 
анықталады.  Олардың  біреуі  –  денеден  шыққан  жылу  энергиясын  тікелей 
калориметрмен өлшеу (тікелей калориметрия), бұған Этуотер-Бенедикт және 
В.В.Пашутин  әдістері  жатады;  екіншісі  –  жанама  калориметрия:  газдар 
алмасу арқылы өлшеу  (Крог, Шатерников, Дуглас-Холден әдістері). 
      Тікелей  калориметриялық  әдіспен  энергия  шығынын  өлшеу  үшін  камера 
қолданылады.  Бұл  камераның  қабырғасы  қоршаған  ортадан  оқшауланған, 
жылу  сақтайтын  материалдан  жасалған.    Сыналушы  адам  денесінен  бөлініп 
шыққан  жылу  камераның  төбесінде  өтетін  сулы    түтікті  жылытады.  Демек, 
жылынған  судың  температурасын  белгілі  бір  уақыт  ішінде  өткен  судың 


көлемі  арқылы  біле  отырып,  денеден  шыққан  энергия  мөлшерін  есептеп 
шығаруға  болады.  Бұл  әдіс  өте  қымбат  және  қолайсыз  аспаптармен 
жабдықталған,  сондықтан  оны    арнайы  ғылыми  зерттеу  жұмыстарында 
пайдалануға болады. 
      Жанама  калориметрия  әдісімен  энергия  шығынын  анықтау  тыныс 
жүйесіндегі газ алмасуға негізделген, яғни денеге сіңген оттегінің мөлшерін 
не  денеден  шығарылған  көмірқышқыл  газ  мөлшерін  өлшеу  арқылы 
анықтауға  болады.  Организмдегі  қоректік  затардың  тотығуында  бөлінетін 
энергия,  тағам  құрамындағы  белок,  май,  көмірсу  мөлшеріне  байланысты 
әртүрлі болады. Сондықтан тотығу кезіндегі оттегінің әр литріне жұмсалатын 
энергия жеке тағамдық заттарда бірдей емес.  Жанама калориметрия әдісімен 
энергия  шығынын  есептеу  үшін  тыныс  коэффициенті  (ТК)  мен  оттегінің 
калориялық эквиваленті (ОКЭ)деген зерттеулерді пайдалау керек.  
      Тыныс  коэффициенті  дегеніміз  белгілі  бір  уақыт  ішінде  организмнен 
шығарылған  көмірқышқыл  газының  көлемі  мен  ағзаға  сіңірілген  оттегі 
мөлшерінің  аралық  қатынасы.    ТК-тің  шамасы  денедегі  тотыққан  ақуыздар, 
майлар  және  көмірсулардың    ара  қатынастарына  тәуелді:  ақуыздар 
тотыққанда 0,8; майларда – 0,7; көмірсуларда - 1,0 тең болады. 
      Оттегінің  калориялық  эквиваленті  дегеніміз  организмдегі  1л  оттегін 
пайдаланғанда бөлінетін энергия мөлшері. Оның шамасы ақуыздар үшін 4,48 
ккал (18,8 кДж); майлар үшін – 4,69 ккал (19,6 кДж); көмірсулар үшін – 5,05 
ккал (21,1 кДж).       
      13.4. Тамақтану 
      Ұтымды  тамақтану  –  адамның  жақсы  хал-күйін  сақтауға,  қиындықтарды  
жеңуге, ұзақ өмір сүруге және қалыпты денсаулықты сақтауға жағдай жасап, 
еңбек  ету  қабілетін  қамтамасыз  ететін  өте  маңызды  фактор.  Ересек  адамда 
тамақтану  дене  салмағының  тұрақты  болуын,  балалардың  қалыпты  өсуі  мен 
дамуын  қамтамасыз  етеді.  Тағамның  немесе  оның  құрамындағы  жеке 
қоректік  заттардың  жеткіліксіздігі  дене  салмағының  төмендеуіне,  тез 
шаршауға,  әртүрлі  ауруға  соқтыруы  мүмкін,  ал  балаларда  –  бойының  өсуі 
мен  ағзасының  дамуы  тежеледі.  Ал  тамақты  шамадан  көп  пайдалану, 
асқорыту  жүйесінде  қолайсыз  жағдайды  сезінуге,  ұйқышылдыққа,  жұмыс 
қабілеттілігінің  төмендеуіне,  тіпті  әртүрлі  науқастың  дамуына  кетіреді. 
Соның ішінде, тағамның қалориясы жоғары болуы мен гиподинамия семіздік 
жағдайына  келтіреді,  бұл  артериялық  қан  қысымын  көтеріп  (гипертония) 
ағзада қауыпты аурулар тудырады және өмір сүру ұзақтығын қысқартады. 
      Теңдестірілген 
тамақтанудың  негізгі  физиологиялық  принциптері 
мынадай болады:   
1) адамның жынысы, жасы, физиологиялық жағдайы мен атқаратын қызметін 
ескере  отырып,  ішілген  тағам  организмді  жеткілікті  энергиямен  қамтамасыз 
етуі тиіс; 
2)  тағам  құрамында  организмдегі  синтездеу  үдерістеріне  қажет  жеткілікті 
санды  және    жиынтығы  әртүрлі  құрамбөліктері  болуы  керек  (қоректік 
заттардың пластикалық ролі); 


       Теңдестірілген  тамақтану  концепциясын  алғашқы  рет  ұсынған  Ресей 
ғалымы,  академик  А.А.Покровский  болатын.  Ал  бұл  теорияны  әрі  қарай 
дамытып,  нақтылы  әртүрлі  жағдайларда  еліміздің  белгілі  бір  аймақтарында 
қалай  пайдалану  керек  екенін,  тамақтану  академиясының  президенті,  МҒА 
академигі Т.Ш.Шарманов зерттеп ұсынған. 
      Осы  концепцияға  байланысты  тамақ  құрамында  организм  тіршілігі  үшін 
қажетті  мөлшерде,  белгілі  бір  қатынаста  энергия,  белок,  май,  көмірсу, 
витамин, минералды заттар, су болуы қажет. 
      Тәуліктік тамақтанудың оңтайлы мөлшері қазір баршаға белгілі, онда жас 
ерекшелігі,  жыныс,  знергия  жұмсалу  мөлшері  т.б.  көрсеткіштер  есепке 
алынған. Ересек адамдар үшін қажетті белок мөлшері тәулігіне 80-120 г, май 
– 70-100 г (оның 50-60% жануар майы болу керек), көмірсу – 400-500 г дейін 
болуы  қажет.  Жұмыс  және  тұрмыстық  жағдайларға  байланысты  тамақ 
құрамының  өзара  қатынасы  өзгеріп  тұрады.  Дені  сау  адам  үшін  ұтымды 
тамақтанудағы  белок,  май,  көмірсудың  өзара  қатынасы  1:  1,2  :  4,6 
(бұрынғысы 1:1:4) жақын болады. Тағам құрамында қоректік заттармен бірге 
витаминдер мен минералды заттар жеткілікті болу керек. 
      Адам  денсаулығын  сақтауда  ұтымды  тамақтанумен  қатар,  тамақ  ішу 
уақытын  дұрыс  белгілеу,  тамақ  ішуді  ұйымдастыру  жағдайы  үлкен  роль 
атқарады.  Тамақты  бір  тәулікте  3-4  рет  бөліп  ішкен  пайдалы  екені 
анықталған. Оның ішінде: таңғы асқа  тәуліктік  рационның 25%, екінші асқа 
– 15%, түскі асқа – 45%, кешкі асқа – 15% бөлінеді. Тамақтану адамға үлкен 
қанағаттыратын  сезім  тудыру  үшін  ол  әртүрлі  тағамдардан  құрастырылған, 
әрі  дәмді  болу  керек,  сонымен  бірге  тамақ  ішетін  жер  таза,  әдемі  жиналған, 
адам тәбетін ашатындай ұйымдастырылған болуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет