Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


қозғалыс  талдағышының  орталық  бөлігі



Pdf көрінісі
бет135/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   140
қозғалыс  талдағышының  орталық  бөлігі  үлкен  ми  сыңарлары 
қыртысында орталық сайдың алдыңғы жағында орналасады. Ол санаға толық 
бағынышты  мақсатты  және  ерікті  қимыл  жасау,  қимыл  ниеттерін  атқару, 
қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, үйрену сияқты әрекеттерді қамтамасыз 
етеді.  Ол  кеңістікте  дене  қалпы  өзгергенде  туатын  қимылдарды  үйлестіреді. 
Сол  сияқты  үйлесімді  қимылды  ұйымдастыруға  есту,  көру,  сипап  сезу 
талдағыштары да үлес қосады. 
      16.5.Температура талдағышы.  
      Сыртқы 
ортаның 
өзгермелі 
температурасына 
қарағанда, 
адам 
организмінің  температурасы  айтарлықтай  тұрақты  болады.  Оны  реттеуші 
механизмдері  (жүйкелік  және  гуморалдық)  әрдайым  қалпыпты  дене  қызуын 
сақтауға толық бейімделген. 
      Температура  талдағышының  шеткі  бөлімі  терморецепторлардан 
тұрады.  Олар  теріде,  көздің  қасаң  қабығында,  шырышты  қабықшаларда, 
сонымен  қатар  ОЖЖ-дегі  гипоталамуста,  таламуста,  жұлында  орналасады. 
Терморецепторлар  жылу  және  суық  қабылдағыштары  болып  екі  түрге 
бөлінеді,  мысалы  теріде:  жылу  рецепторлары  –  Руффини  денешіктері,  ал 
суық  рецепторлары  –  Краузе  сауытшалары  орналасқан. 
Кейбір 
терморецепторлар  температуралық  өзгерістермен  бірге  механикалық 
тітікендіруге  де  (бейарнамалы  қабылдағыштар)  жауап  бере  алады. 
Температуралық  тітіркендіруге  жоғары  сезімтал  тілдің  ұшы  мен  еріннің 
қызыл жиегі, өйткені тамақтану кезінде алғашқы температурлық әсерлер осы 
аймақтан  басталады.  Ішкі  ортаның  температуралық  тұрақтылығын  сақтауға 
қатысатын қабылдағыштар барлық ағзалар мен ішкі тіндерде орналасады. 
      Температура  талдағышының  өткізгіш  бөлімі  жіңішке  миелинді  Аδ 
(дельта) типті талшықтары (диаметрі 1-4 мкм, өткізгіш жылдамдығы 5-15м/с) 
мен миелинсіз С типті (диаметрі  0,5-1  мкм, өткізгіш жылдамдығы 0,5-2 м/с) 


талшықтардан тұрады. Жұлын мен бас жүйкелерінің сезгіш түйіндерінде І-ші 
нейрон  орналасады,  олардың  жүйке  талшықтары  терінің  әртүрлі  учаскелері 
мен ауыздың шырышты қабығын нервтендіреді. Жұлынның артқы ашасының 
жасушалары  мен  ми  бағанындағы  бас  жүйкелерінің  ядролары  ІІ-ші  нейрон 
болып  есептеледі.  ІІ-ші  нейроннан  шыққан  жүйке  талшықтары  жұлын-
таламус  жолының  құрамында  көру  төмпешігіне  бағытталады  да,  ол  жерде 
түйіспелер  арқылы  ІІІ-ші  нейронды  құрады.  Осыдан  сыртқы  және  ішкі  орта 
температурасы  жөніндегі  қабылданған  ақпарат  үлкен  ми  сыңарлары 
қыртысына жеткізіледі (IV нейрон). 
      Температуралық талдағыштың орталық бөлімі ми қыртысында артқы 
орталық қатпар аймағында орналасады, бұл жерде тактилдік талдағыштың да 
орталығы  бар.  ІІ  және  ІІІ  нейрондар  орындары  соматосенсорлық  сезгіш 
орталығына сәйкес болады. 
      Орталық  терморецепторлар  гипоталамуста,  ортаңғы  мидың  торлы 
құрылымында,  жұлында  орналасқан.  Олар  осы  аймақтарға  келетін  қанның 
температурасына  сәйкес  әсерленеді.  Гипоталамуста  негізгі  жылу  реттеуші 
орталық бар, ол жылу өндіретін және жылу беретін бөлімдерден тұрады. Бұл 
орталық  бүкіл  организмдегі  температуралық  өзгерістерді  қажеттілікке  сай 
үйлестіріп отырады, дененің қалыпты гомеостаздық жағдайын сақтайды. 
      16.6. Тактилдік (сипап сезу) талдағышы. 
      Адам  денесінің  сыртқы  қабатында,  яғни  теріде  орналасқан  көптеген 
қабылдағыштар  сипап  сезу,  қысым,  вибрация  (діріл),  қытық  және  басқа  да 
тітіркендіргіштердің әсерін  түйсінуге  мүмкіндік  береді.  Олар  қоршаған  орта 
құбылыстарын да сезуде және талдауда маңызды роль атқарады. 
      Тактилдік  талдағыштың  шеткі  бөлімі  орналасуы  мен  құрылысы 
әртүрлі  қабылдағыштардан  тұрады.  Қысымға  сезімтал  қабылдағыштар: 
Меркель  дискілері,  шырышты  қабаттар  мен  терінің  терең  қабатында  аздаған 
топтасып  орналасады;  Руффини  денешіктері  –  эпидермис  пен  терінің  терең 
қабатында болады; Краузе сауытшалары – эпидермистің астында, шырышты 
қабықтың  дәнекерші  тіндерінде,  тілдің  ет  талшшықтарына  жатады;  терінің 
беткі  қабатындағы  бос  жатқан  капсуласы  жоқ  жүйке  соңдары.  Сипап  сезу 
қабылдағыштарына  теріде  және  шырышты  қабықта  орналасқан  Мейснер 
денешіктері  мен  терінің  шаштары  түбіндегі  жүйке  өрімдері  жатады. 
Қытықты  сезу  терінің  бетіне  жақын  орналасқан  бос  капсуласыз  жүйке 
соңдарының қозуынан пайда болады, мұндай сезіну көбіне қолтық пен табан 
аймақтарынан  байқалады.  Дірілді  қабылдау  рецепторларына  Пачини 
денешіктері  қарайды.  Олар  дәнекер  тіндерінің  бірнеше  қабатымен  оралған 
жүйке 
талшықтарының 
соңдарынан 
құрастырылған. 
Бұл 
терінің 
механикалық ығысуына  жедел бейімделетін қабылдағыштар. 
      Тактилдік  талдағыштың  өткізгіш  бөлімі  А-типті  талшықтардың 
механорецепторларынан  басталады  да,  қозу  жұлын  мен  бас  жүйкелерінің 
ганглийлерінде орналасқан І-ші нейронға жетеді. Одан әрі ақпарат жұлыннан 
сопақша  мидың  артқы  бағаны  ядроларындағы  ІІ  нейронға  келеді  (бірінші 
ауыстыру).  Бас  терісі  мен  ауыз  қуысынан  импульстер  ұшқыл-таламус 
трактысымен    таламус  ядроларына  барады,  одан  әрі  көру  төмпешігінің 


ядроларында ІІІ нейронға ауыстырылады. Таламус ядроларының нейрондары 
өздерінің  аксондарын  орталық  (қыртыстық)  бөлімге  жібереді,  мұнда  IV 
нейрон орналасады (үшінші ауыстыру). 
      Тактилдік  талдағыштың  орталық  бөлімі  ми  қыртысының  денесезу 
(соматосенсорлық)  аймағында,  артқы  орталық  қатпардың  І  және  ІІ 
зоналарында  орналасады.  Ми  қыртысында  арнайы  орталықтарында  теріден 
келген  сезімдік  ақпараттар  қүрделі  талдаудан  өтіп  өңделеді  де,  оған  сәйкес 
жауап ұйымдастырылады. 
      16.7. Дәм талдағышы. 
      Дәм  талдағышы  –  дәм  түйсіктерінің  қалыптасуына  мүмкіндік  туғызады, 
яғни  ауыз  қуысына  түскен  тағамның  әртүрлі  дәмін,  түрін,  температурсын 
және  мөлшерін    анықтап,  организмнің  тіршілігін,  зат  алмасуын,  сыртқы 
ортаға бейімделісін қамтамасыз етеді. Дәм сезімі көп құрамды, сондықтан ол 
ауыз  қуысы  мен  жұтқыншақ  аймағында  орналасқан  механо-,  хемо-, 
температуралық 
қабылдағыштарды, 
тіпті 
ауырсыну 
рецепторларын 
тітіркендіруге  байланысты  болады.  Сонымен  қатар  дәмді  толық  түйсіну  иіс 
сезумен  тығыз  байланысты.  Дәм  сезу  жүйесінің  негізгі  мақсаты  –  тағамның 
құндылығы мен жарамдылығын анықтау және асқа тәбетті қалыптастыру. 
      Дәм  түйсіктерінің  қалыптасуында    хеморецепция  басты  роль  атқарады. 
Қазіргі  уақытта дәм сезу жасушаларындағы хеморецепторлардың  13  түрлері 
анықталған,  олар  мына  көрсетілген  заттарға  өте  сезімтал  болады:  натрий, 
калий,  хлор,  аденозин,  инозин,  глутамат,  сутек  иондары  және  т.б.  Бұл 
рецепторларды  белсендіру  төрт  түрлі  дәм  түйсінуді  тудырады:  тәтті,  ащы, 
қышқыл  және  тұзды.  Белгілі  бір  заттарға  тәтті  мен  ащы  дәм 
рецепторларының  нақты  ерекшелік  қасиеттері  анықталмаған,  керісінше, 
химиялық  құрамы  бойынша  әртүрлі  заттардың  дәмі  бірдей  болуы  мүмкін. 
Мысалы,  көтеген  спирттер  мен  қанттың  тәтті  дәмі  сезіледі.  Ащы  сезімді 
бүкіл  алколоидтар,  сонымен  бірге  глюкозидтер,  эфир,  стрихнин,  хинин, 
морфин тудырады. 
      Дәм  талдағышының  белгілі  бір  заттарға  сезімтал  табалдырығы  оның 
алғашқы  дәм  түйсігін  тудыратын  мөлшеріне  тәуелді.  Мысалы,  ащы  заттар 
үшін  ол  өте  төмен:  хинин  үшін  табалдырық  0,000  008  М,  бұл  тұзды  затпен 
салыстырғанда  5  есе  төмен  (0,01  M  NaCI).  Мұның  биологиялық  маңызы: 
жеуге  жарамайтын  және  улы  заттарды  (ащы  дәмді)  өте  аз  мөлшерде  ерте 
ажыратуға және ағзаға түсуіне кедергі жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет