Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


Дәм  талдағышының  шеткі  бөлімі



Pdf көрінісі
бет136/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   140
      Дәм 
талдағышының  шеткі  бөлімі  –  дәм  сезу  баданасынан 
құрастырылған  рецепторлардан  тұрады.  Олар  тілдің  ұшында,  екі  бүйірінде 
және  түпкі  жағында  көп  кездеседі.  Адамда  10  мыңнан  астам  дәм  сезу 
баданасы  болады.  Олардың  әрбіреуі  8-12  қабылдағыш  және  тірек 
жасушаларынан тұрады. Дәм баданалары тілдің емізікшелерінде орналасады 
және  олардың    ұшқары  жері  өте  сезімтал  микротүктерден  (микроворсинка) 
тұрады.  Дәмді  заттар  дәм  сезуші  жасушаларға  бадананың  төбесіндегі  тесік 
арқылы  өтеді.Түкті  рецепторлар  химиялық  затармен  өзара  әрекеттесуі 
нәтижесінде  мембранадағы  натрий  каналдарының  ашылуы  қозуға  кетіріп, 


рецепторлық потенциалды тудырады, әрі қарай ол әрекет потенциалына (ӘП) 
айналып таралады. 
      Дәм  талдағышының  өткізгіш  бөлімі  дәм  баданасынан  шығатын  сезгіш 
жүйке  талшықтарынан  басталады,  афференттік  серпіністер  тіл,  жұтқыншақ 
және  кезеген  (n.vagus)  жүйкесінің  құрамында  cопақша  мидың  жалқы 
будасына  (ІІ  нейрон)  келеді.  ІІ  нейронның  аксоны  медиалды  ілмектің 
құрамында  таламусқа  жетеді,  онда  ІІІ  нейрон  орналасады,  оның  аксондары 
сепіністерді ми қыртысына жеткізеді (ІVнейрон). 
      Дәм  талдағышының  орталық  бөлімі  ми  қыртысының  денесезу 
(соматосенсорлық)  аймағында,  артқы  орталық  қатпардың  төменгі  бөлігінде 
орналасады. Бұл аймақтың көптеген нейрондары көп сезімді (полисенсорлы), 
яғни  олар  дәмді  сезуден  басқа  механикалық,  температуралық  және 
ноцицептивтік әсерлерге де жауап қайтарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет