Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет58/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   140
      Әрекеттік жіктелуі: 
1.  Қоздырушы  медиаторлар  –  постсинапстық  мембранада  деполяризация 
тудырады  да,  постсинапстық қоздырушы  потенциал  (ПСҚП)  пайда  болуына 
келтіреді: ацетилхолин (АХ); глютаминдік қышқыл; аспарагиндік қышқыл.  
2.  Тежеуші  медиаторлар  –  постсинапстық  мембранада  гиперполяризация 
тудырады,  одан  кейін  постсинапстық  тежеуші  потенциал  (ПСТП)  пайда 
болуына келтіреді: ГАМҚ; глицин; «Р» зат; дофамин; серотонин; АҮФ. 
      Норадреналин,  адреналин,  гистамин  сияқты  медиаторлар  қоздырушы  да 
тежеуші де болады. 
      Ацетилхолин  (АХ)  орталық  және  шеткергі  жүйке  жүйесінде  аса  көп 
таралған  медиатор  болып  саналады.  Жүйке  жүйесінің  әр  түрлі 
құрылымдарындағы  АХ  мөлшері  бірдей  болмайды.  Мысалы,  жүйке 
жүйесінің  жаңа  бөлімдеріне  қарағанда,көне  құрылымдарында  АХ  көп 
мөлшерде  болады.  Тіндердегі  АХ  екі  түрде  болады:  белокпен  байланысқан 
немесе  бос  жағдайда  (белсенді  АХ  тек  осы  жағдайда  болады).  АХ  амин 
қышқылы холин мен ацетил-коэнзим А-дан түзіледі. 
      Адренергиялық  түйіспелердің  медиаторларына  норадреналин,  адреналин 
изонорадреналин 
(катехоламиндер) 
жатады. 
Катехоламиндер 
аксон 
соңындағы көпіршіктерде аминқышқылы фенилаланиннен түзіледі.  
 


 Дәріс №7. Орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) физиологиясы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет