Гуморалдық басқару үдерісі - организмнің сұйық ортасында болатын
және оның физиологиялық белсенділігін өзгеріске келтіретін химиялық
заттар әсері қарастырылады. Ақпаратты беру көзі химиялық заттар –
утилизондар, зат алмасу өнімдері (көмірқышқыл газы, глюкоза, май
қышқылдары), информондар, ішкі сөлініс бездерінің гормондары, жергілікті
немесе тіндік гормондар.
Жүйкелік үдеріспен басқару - физиологиялық әрекеттердің өзгерістері
жүйке талшықтарындағы қозу потенциалын тудырып, одан әрі қарай
ақпаратты өткізу жүйке жүйесінің бөлімдерімен орындалады.
Жүйкелік реттеудің ерекшеліктері:
1) эволюциялық дамуда кешірек пайда болған үдеріс;
2) жедел реттеуді қамтамасыз етеді;
3) әсер ететін нақты (дәл) орны бар;
4) реттеу үнемді (экономды) тәсілмен жасалады;
5) ақпаратты өткізу өте жоғары сенімділікте (надежность) жүреді.
Организмде жүйкелік және гуморалдық механизмдер нейрогуморалдық
басқарудың біртұтас жүйесі ретінде жұмыс атқарады. Бұл реттеудің
біріктірілген түрі, мұнда бір мезгілде бір-бірімен тығыз байланыстағы және
бірін-бірі қолдайтын басқарудың екі механизмі пайдаланылады.
Жүйке жүйесі нейрондар немесе жүйке жасушаларының қауымдастығы.
Орналасымы бойынша ажыратылады:
1) орталық бөлімі – бас миы мен жұлын;
2) шеткергі (перифериялық) – бас миы мен жұлынның жүйкелік
жасушаларының өсінділері.
Әрекеттік ерекшеліктіері бойынша ажыратылады:
1) денелік (соматикалық) бөлімі – қозғалыс белсенділігін реттейді;
2) вегетативтік бөлімі – ішкі ағзалар, ішкі сөлініс бездері, тамырлар,
бұлшықеттің трофикалық нервтенуі және т.б. қызметтерді реттейді;