Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


 Ми қыртысының  ассоциативтік (ұластырушы) аймақтары



Pdf көрінісі
бет78/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   140
2. Ми қыртысының  ассоциативтік (ұластырушы) аймақтары.  
      Үлкен  мидың  жаңа  қыртысының  ассоциативтік  аймақтары  (адамда 
неокортекстің    70-75%-ы)  сезімдік  және  қозғалтқыш  зоналармен  қатар 
орналасады,  бірақ  тікелей  сезу  және  қозгалту  қызметтерін  атқармайды.  Бұл 
аймақтың 
нейрондары 
полисенсорлы 
болады, 
олар 
бірнеше 
тітіркендіргіштерге  бірдей  жауап  береді  (көру,  есту,  сипап  сезу  және  т.б.). 
Ассоциативтік  аймақтағы  ақпараттың  өңделуі  мен  олардың  біріншілік  және 
екіншілік  сезімдік  зоналармен  өзара  әрекеттесуі  нәтижесінде  қоршаған  орта 
туралы тұтас түсінік қалыптасады. Оны үшіншілік сезімдік аймақтар деп те 
атайды. 
      
Қыртыстың  ұластырушы  аймақтары  мен  таламустың  ассоциативтік 
ядроларының  жиынтығы  мидың  ұластырушы  жүйесі  деп  аталады.  Бұл 
жүйеге кіретін құрылымдар: қыртыстың ұластырушы аймақтары, таламустың 
қайта  қосушы  және  ассоциативтік  ядролары,  сонымен  қатар  қыртыстың 
бірішілік  және  екіншілік  зоналары.  Қорыта  келгенде,  мидың  ұластырушы 
жүйесі  мидың  маңдай,  төбе,  самай,  шүйде  бөлімдерінің  қыртыстарында 


болады.  Осы  аталған  аймақтардың  бәрі  адамның  мақсатты  іс-әрекеттерін 
жоспарлауға,  психикалық  процесстердің  жетілуіне,  тіршілік  ортаға 
бейімделуіне толық қатысады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет