Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


 Торлы құрылым (ТҚ) мен лимбиялық жүйе физиологиясы



Pdf көрінісі
бет75/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   140
8.4. Торлы құрылым (ТҚ) мен лимбиялық жүйе физиологиясы. 
      Торлы  құрылым  ми  бағанының  ортаңғы  бөлімінде  пішіндері  әртүрлі, 
үлкенді-кішілі,  көп  тармақталып  орналасқан  нейрондардан  құрастырылады. 
Олардың  тармақталған  аксондары  арасында  көптеген  түйіспелер  болады, 
мысалы бір нейрон басқа 25-30 мыңнан астам нейрондармен түйіспе арқылы 
байланыста  болады  және  әртүрлі  қабылдағыштардан  келетін  импульстерді 
қабылдайды.  Көбіне  тармақталған  аксондары  Т-тәрізді  болады,  оның  бірі 
төмен қарай, екіншісі жоғары қарай бағытталады. 
      Торлы құрылым  (ТҚ) нейрондарының физиологиялық ерекшеліктері: 
1. 
Көп  сезімталдығы  (полисенсорлы)  –  ТҚ  нейрондары  әртүрлі 
рецепторлардан  шығатын  көптеген  сезімтал  жолдарының  жанама 
тармақтарымен байланыста болады. 
2.  ТҚ  нейрондары  әрқашан  өз  бетінше  тонустық  белсенді  жағдайда  болады 
(импульстер жиілігі 5-10 Гц). 
3. ТҚ нейрондары қандағы кейбір заттарға  (мысалы, адреналинге, СО
2
) және 
дәрілерге (аминазинге, барбитураттарға, т.б.) өте жоғары сезгіш болады. 
4.  ТҚ  нейрондары  басқа  нейрондарға  қарағанда  қозғыштығы  мен  лабилдік 
қасиеттері жоғары (500-1000 имп/с) болады.  
      ТҚ  ядролары  мен  нейрондары  ішкі  ағзалардың  қызметерін  реттеуші 
орталықтардың құрамына кіреді  (қанайналысы, тыныс, асқорыту т.б.), қаңқа 
еттерінің  тонусын  реттеуге  және  ми  қыртысы  белсенділігін  өзгертуге 
қатысады.  ТҚ-ның  ми  қыртысына  белсендіруші  әсері  американдық  ғалым 
Мегун  Х.  (1948)  мен    итальяндық  физиолог  Морруци    Дж.  (1949)  тәжірибе 
жүзінде анықтаған болатын. 
      ТҚ 
нейрондарының  төмен  қарай  әсері  жұлынның  қозғалтқыш 
орталықтарына    бағытталған.  Сопақша  мидан  төмен  ретикуложұлын  тракті 
жұлынның  қондырғы  (интернейрон)  нейрондарына  түйіспе  арқылы 
жалғасады.  Одан  қоздырушы  интернейрондар  көмегімен  олар  бүгілдіретін  
еттердің  α-  мен  γ-мотонейрондарын  қоздырады,  сонымен  қатар  тежегіш 
нейрондардың көмегімен  жазылдыратын еттердің α- мен γ-мотонейрондарын 
тежейді.  Ал  Варолий  көпірінен  төмен  бағытталған  ретикулярлық  жолдар 
керісінше  әсер  етеді  (бүгілдіретін    еттердің  α-  мен  γ-мотонейрондары 
тежеліп,  жазылдыратын  еттердің  α-  мен  γ-мотонейрондары  қозады). 
Сонымен  ТҚ    жұлынға  төмен  бағытталған  әсерімен  бұлшықеттер  тонусын 
(ширақтығын)  реттеуге  қатысады,  бүкіл  қимыл-қозғалыстың  қалыптасуын 
қамтиды. 
      ТҚ-ның  жоғары  бағытталған  әсері  бас  миының  қызметін  көбінесе 
белсендіретін  болады.    Сопақша  ми  (алыпжасушалы,  латералды  және 


вентралды  ретикулярлы  ядролар),  көпір  (әсіресе  каудалды  ядролар)  және 
ортаңғы  ми  ТҚ  нейрондарының  серпіністері  таламустың  бейарнамалы 
ядроларына  келеді  де,  одан  әрі  ми  қыртысының  әртүрлі  аймақтарына 
таралады.  Егер  тәжірибеде  торлы  құрылым  мен  ми  қыртысы  сыңарларын 
қосатын жолын кесіп жіберсе, жануар қатты ұйқыға кетеді («ұйқыдағы ми», 
Бремер бойынша). Ұйқыдағы жануардың торлы құрылымын тітіркендірсе, ол 
оянып  кетеді.  Бұл  кезде  мидан  тіркелген  ЭЭГ-мада  белсенді  жағдайды 
сипаттайтын  альфа  мен  бета  толқындары  байқалады.  Мұның  бәрі  ТҚ 
нейрондарының  ми  қыртысын  ширатып,  оның  қызметін  күшейтетінін 
көрсетеді. 
      ТҚ    ұйқы  мен  сергіктік  оралымын  реттеуге  және  ауырсыну  сезімін 
тудыруға  да  қатысады.  ТҚ,  гипоталамус,  таламус  және  көне  ми  қыртысы 
қосылып  лимбиялық  жүйе  құрайды.  Бұл  жүйе  эмоция  мен  мотивацияны 
тудырып адамның ісәрекетіне, мінез құлқына ықпалын тигізеді. 
      Лимбиялық жүйе – (лат. limbus – жиек) деп мінез-құлықтың эмоциялық-
меселдік  құрамбөлігін қамтамасыз ететін орталық ми, аралық ми және соңғы 
мидың әртүрлі құрылымдарының әрекеттік бірлестігін айтады. 
      Лимбиялық жүйенің  құрылымдық бірлігіне  қарайды – иіс сезу баданасы, 
иіс  сезу  төмпешігі,  мөлдір  қалқа,  гиппокамп,  парагиппокамп  қатпары, 
миндаль  тәрізді  ядролар,  алмұрт  тәрізді  қатпар,  тісті  және  белдеуше 
қатпарлары,  гипоталамустың  емізікше  денелері,  таламустың  алдыңғы 
ядролары.  Қазіргі  кезде  оның  құрамына  жаңа  ми  қыртысының  кейбір 
бөлімдерін жатқызады. Осы аталған  құрылымдардың қызмет бірлігін, оның 
аса күрделілігін көрсету үшін американ ғалымы П. Мак-Лин (1952 ж.) оларды 
бір лимбиялық жүйеге біріктірді. 
      Лимбиялық жүйенің негізгі қызметтері: 
1)  күрделі  туа  біткен  мінез-құлық  жиынтығы  –  инстинктердің  (тағамдық, 
жыныстық, қорғаныстық) қалыптасуына қатысуы; 
2) түрлі вегетативтік және ішкі ағзалардың  қызметтерін реттеуі (жүрек соғу 
жиілігі,  тыныс  жиілігі,  ішек  қимылы,  шайнау,  жұту  қимылдары,  сілекей 
бөлінуі және т.б.);  
3)  ішкі  ортаның  мұқтаждығын  қамтамасыз  ететін  іс-әрекеті  мен  эмоцияның 
қалыптасуына катысуы (Пейпец шеңбері); 
4)  қысқа  және  ұзақмерзімді  зерде  механизмдерінің  қалыптасуына  қатысуы 
(гиппокамп); 
5) иіс сезу қызметінің орындалуына  қатысуы; 
6) шартты рефлекстерді тежеу, шартсыз рефлекстерді күшейтуі; 
7) сергектік-ұйқы оралымының (цикл) қалыптасуына қатысуы. 
      Лимбиялық жүйенің аса маңызды құрылымдарына жатады: 
1) гиппокамп. Оның зақымдалуы ақпаратты өңдеу, есте сақтау үдерістерінің 
бұзылуына  келтіреді,  эмоцияның  белсенділік  дәрежесін  төмендетеді, 
жүйкелік  серпіндер  жылдамдығы  бәсеңдейді.  Гиппокамптың  кейбір  жерін 
тітіркендіргенде  жануарларда  себепсіз  ашу,  ызалану,  бой  бермей  шабуыл 
жасау нмесе қорғаныс қимылдарының күшеюі байқалады. 


2)  миндаль  (бадамша)  тәрізді  ядролар.    Олардың  зақымдалуы  үрейдің 
жойылуына,  қатты  озбырлық  (агрессиялық)  мінездердің  тоқталуына 
келтіреді.  Оларды  тітіркендіргенде  –  тыныс  алу,  жүрек  –тамырлар  және 
асқорыту жүйелерінің қызметтеріне парасимпатиқалық
  
әсерлер байқалады.  
3) иіс сезу баданасы мен иіс сезу төмпешігі. 
      Гиппокамп арқылы лимбиялық жүйе жаңа ми қыртысының самай, маңдай 
бөлімдерімен  байланысады.  Сөйтіп  лимбиялық  жүйе  ескі  құрылым 
болғанымен  жаңа  қыртыспен  қызметі  тығыз  байланысты  және  онымен 
қосылып  бүкіл  вегетативтік  және  дене  қызметтерін  реттеу,  үйлестіру 
жұмыстарына қатысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет