Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


 Ішкі сөлініс бездер қызметінің реттелуі



Pdf көрінісі
бет86/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   140
10.4. Ішкі сөлініс бездер қызметінің реттелуі 
      1)  жүйкелік.  Көптеген  гормондардың  түзілуі  мен  қанға  немесе  лимфаға 
шығуы  ОЖЖ-нің  бақылауында  болады.  Барлық  ішкі  сөлініс  бездер 
вегетативтік  жүйке  жүйесінің  талшықтарымен  жабдықталған.  Сонымен 
қатар,  қазіргі  кезде  ішкі  сөлініс  бездердің  сөл  бөлу  қызметіне  ОЖЖ-нің 
жоғарғы бөлімдерінің әсері де (ми қыртысы, гипоталамус, лимбия жүйесі т.б. 
бөлімдері)  толық  дәлелденген.    Олардың  ішінде  гипоталамус  ерекше  орын 
алады. 
      2)  нейроэндокриндік  -    гипоталамус  пен  гипофиздің  арасындағы 
жүйкелік-гуморалдық  байланыспен  реттелу.  Гипоталамуста  жүйкелік 
серпіністер  арнайы  эндокриндік  үдеріске  айналып,  гормонның  синтезделуі 
мен  оның  гипофизбен  жүйкелік-тамырлық  байланыстарының  ерекше 
аймақтарына бөлінуіне келтіреді. Бұл әсерленістің екі түрі бар: 
а)  гипоталамустың  нейросекрециялық  жасушаларында  гипофиздің  алдыңғы 
бөліміне  әсер  ететін  босатушы  факторлардың  (ағыл.  release-босатушы) 
түзілуі.  Бұл  нейропептидтер  либерин  және  статин  деп  аталады.  Либерин  – 
босатушы,  күшейтуші,  ал  статин  –  тоқтатушы,  тежеуші  факторлар.  Олар 
аденогипофиздің  тропты гормондарының (СТГ,  АКТГ, ГТГ, ТТГ  т.б.) пайда 
болып бөлінуін қамтамасыз етеді. 
б)  гипоталамустың  супраоптикалық  және  паравентрикулярлық  нейрондар 
аксондары  гипофиздің  артқы  бөліміне  (нейрогипофизге)  өтеді  де,  олардың  
нейросекрециялық  гормон  тәрізді  заттары  сонда  жиналады.  Бұл  гормондар 
(вазопрессин,  окситоцин)  гипоталамуста  түзіледі  де,  нейрогипофизде 
жинақталып, жалпы қан айналысына түсіп шеткі ағзаларға әсер етеді. 
      3)  өзін-өзі  реттеу.  Қандағы  гормондардың  мөлшеріне  және  реттелуге 
жататын  заттардың  деңгейіне  байланысты.  Мысалы,  қандағы  Са
2+
дің 
шамасының  өзгеруі  қалқанша  және  қалқансерік  бездерінің  гормондарының 
шығуын  реттейді.  Ал  қандағы  глюкокортикоидтар  мөлшерінің  көбеюі 
аденогипофиздан  АКТГ  шығуын  тежейді.  Тироксин  мөлшері  көбейгенде 
гипофизден  тиреотропиннің  шығуы  тежеледі.  Сонымен  бездер  мен  олар 
реттеуге  қатысатын  ағзалар  қызыметі  арасында  екі  жақты  –  тура  және  кері 


байланыс бар. Солардың арқасында реттеуші тек қана реттелетін үдерістерге 
әсер етәп қоймай, ондағы өзгерістер бездердің қызметіне әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет