Республики казахстан


БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН



Pdf көрінісі
бет18/38
Дата06.03.2017
өлшемі3,87 Mb.
#7742
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38
    Бұл бет үшін навигация:
  • E-mail

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ 
 
Аннотация. ұсынылып отырған ғылыми мақала көкейкесті мәселеге арналған. 
Болашақ  педагогтардың  зерттеушілік  құзыреттілігін  қалыптастырудың  ғылыми-
педагогикалық  алғы  шарттарын  анықтау  жолдары  қарастырылған.  «Ғылым», 
«зерттеу»,  «ғылыми зерттеу» ұғымдары негізге алынып талданған. Ғылыми әдістер, 
олардың түрлері, ЖОО-да зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың жолдары  және т.б. 
келтірілген. 
Кілт  сөздер:  ғылым,  зерттеу,  ғылыми  зерттеу,  зерттеу  әдістері,  зерттеудің 
эмпирикалық және теориялық әдістері, құзыреттілік, құзыреттіліктің түрлері. 
 
Елбасы 
Н.Ә. Назарбаев 
«Қазақстан-2050» 
стратегиясы: 
қалыптасқан 
мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Жолдауында  «Білім  және  кәсіби  машық  – 
заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. 
Бәсекеге  қабілетті  дамыған  мемлекет  болу  үшін  біз  сауаттылығы  жоғары  елге 
айналуымыз  керек.  Барлық жеткіншек  ұрпақтың  функционалдық  сауаттылығына  да 
зор көңіл бөлу қажет», – деп атап көрсетті [1]. 
Қазіргі  замандағы  білім  берудің  негізгі  мақсаты  -  еңбек  нарығында  бәсекеге 
қабілетті,  құзыретті,  өз  жұмысын  жақсы  білетін,  жан-жағына  бағыт-бағдармен 
қарайтын, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, әлеуметтік-
саяси  оңтайлы  тез  әрекет  жасауға,  болып  жатқан  өзгерістерге  тез  бейімделуге 
қабілетті  білікті  маман,  индустриалды-инновациялық  жағдайды  шешуге  лайық,  өз 
қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, өз ойын еркін айта алатын, 
жоғары  білімді,  ұлттық  тілді,  тарихты  жетік  меңгерген,  отандық  және  әлемдік 
мәдениетті бойына қалыптастырған, шығармашыл, оңтайлы кәсіби маман даярлау. 
Біз  зерттеу  жұмысымызда  5B012000  –  «Кәсіптік  оқыту»  мамандығы  негізінде 
болашақ  педагогтардың  зерттеушілік  құзыреттілігін  қалыптастырудың  жолдарын 
қарастырамыз.  Сол  себептен  жалпы  ғылым  саласында  «ғылыми  зерттеу»  ұғымы 
негізгі  орынға  ие  категориялардың  бірі,  ол  «ғылым»  және  «зерттеу»  ұғымдарынан 
құралған. Төменде «ғылым» және «зерттеу» ұғымдарына тоқтала кетейік. 
Ғылым  дегеніміз  –  адамның  табиғат,  коғам  және  өзінің  танымы  туралы  білім 
алуға  бағытталған  рухани  кызметінің  ерекше  формасы  десек  болады.  Ғылымның 
негізгі мақсаты акиқатқа жету және табиғат, коғам, ойлау заңдыльщтары, танымның 
өзі  туралы  шынайылық  объективтік  заңдылықтарын  ашу  болып  табылады.  Кейбір 
дерек  көздері  бойынша  ғылым  ежелгі  заманда  (Қытайда,  Үндістанда,  Грекияда) 
пайда болды, – делінген [2]. Ал басқа деректерге сүйенсек ғылым – адамның табиғат 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
138 
пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымының 
ең  жоғарғы  пішімі,  оның  практикалық  қызметінің  бір  саласы.  Адамзат  қоғамының 
дамуы  барысында  ғылым  сол  қоғамның  маңызды  әлеуметтік  институтына  және 
тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты  – ғылым заңдарының 
негізінде  ашылып отырған  болмыс  құбылысы  мен  процесін  болжау,  түсіндіру  және 
жүйелеп мазмұндап беру. 
XVI - XVII ғасырлардан бастап Батыс Еуропада ғылым куатты күшке айналып, 
индустриялы  қоғамның  құрылуы  мен  дамуына  септігін  тигізді.  Содан  бері  ғылым 
практикамен тығыз байланыста, өзінік өмір сүруі мен дамуы үшін одан әсер алады.  
Ал,  жалпы  ғылым  -  білім  алуға  бағытталған,  білімнің  жинақылығы  мен 
тұтастығынан  көрінетін  адамның  шығармашылық  қызметі  және  сол  қызметтің 
нәтижесі.  Ғылым  қарапайым  тәжірибенің  тарихи  дамуында  жинақталған 
акпараттардың,  сілтемелердің,  қызмет  пен  пән  нұсқауларының  жиынтығы  болып 
табылатын  стихиялы,  тәжірибелік  білімдермен  салыстырғанда  жүйелілігімен 
ерекшеленеді. Ғылым - табиғат (материалдық) дүниесі мен коғамның заңдары туралы 
білім  жүйесі  ретінде  көрініс  береді.  Ғылым  біртұтас  бола  тұра  жеке  ғылымдар  деп 
аталатын бірқатар білім салаларына жіктеледі. Олай бөліну бізді коршаған дүниенің 
көптүрлілігінен  болады,  сондықтан  ғылымның  жеке  саласы  көпқырлы  кызметтің 
белгілі  бір  жақтарын  зерттейді.  Ғылыми  білімдегі  жіктелу  мен  ыкпалдастық 
үдерістерінің  үйлесуі,  ғылымның  математикалануы  және  компьютерленуі, 
диалектіленуі  және  теориялануы,  казіргі  ғылымның  әлеуметтік  және  этикалық 
мазмұнының күшеюі болып табылады [3]. 
Зерттеу – жаңа ғылыми білімді жасау, әлем танымын кеңейту процесі, адам іс-
әрекетінің  бір  түрі.  Ғылыми  нәтижелер  объективтілігі  және  сенімділігі  зерттеу 
процестерінің  және  құбылыстарының  мәнін  түсінуге  байланысты.  Ғылыми 
зерттеудің әдіснамалық платформасы  – таным теориясы. Ғылыми танымның жалпы 
әдісі бағыттаушы функциясын атқарады [4]. 
Кез-келген ғылыми зерттеу ғылыми жұмысты жүзеге асыруда шығармашылық 
ойлаудан соңғы рәсімдеуге дейін жеке орындалады. Бірақта оны өткізу үшін жалпы, 
яғни ортақ әдіснамалық әдісты анықтауға болады. 
Зерттеу бойынша педагог К.Д. Ушинскийдің берген анықтамасына тоқталайық: 
«Зерттеу  дегеніміз  –  жаңа  бір  өнім,  нәтижеге  қол  жеткізу  мақсатындағы  ізденіс, 
танымдық іс-әрекет» [5]. 
Баланың  ізденушілік  қасиеті  кішкентайынан  бастап  көріне  бастайды,  себебі 
бала бойындағы ізденушілік баланың дамуының қалыпты жағдайы. Зерттеу – ізденіс 
іс-әрекеттері  кезінде  өзіне  көптеген  жаңалықтар  ашып,  білімді  дайын  күйінде  емес, 
өзі  іздене  отырып  білімін  толықтырады.  Зерттеуге  бірнеше  талаптар  қойылады:                 
1)  тақырып  зерттелген;  2)  жазылуы  ғылыми  стильде;  3)  болжамы  дәлелденген;  4) 
қорытындысы нақты. 
Зерттеу  –  іздену  жұмыстарында  дәлелдеулердің  орны  ерекше  болып  келеді. 
Студенттерді  зерттеу  –  ізденушілік  жұмыстарға  үйрету  үшін,  оларды  әртүрлі 
психологиялық  сауалнамалар  арқылы  зерттеп  алу  қажет.  Студенттердің  танымдық 
және тұлғалық даму қабілеттерін анықтау, болашақтағы жұмыстарды ұйымдастыруға 
бағыт – бағдар береді [4]. 
Зерттелетін  заттардың  әртүрлілігінен  пайда  болатын,  жаратылыстану  ғылымы 
мен гуманитарлық танымның әдіснамалары арасында бірқатар айырмашылықтар бар. 
Жаратылыстану  ғылымы  әдіснамасында  заттың  жеке  ерекшіліктері  ескерілмейді, 
себебі  ол  баяғыда  қалыптасып  зерттеушінің  назарынан  тыс  қалған.  Мысалы,  тарих 
ғылымында  заттың  пайда  болуын,  оның  жеке  ерекшіліктерінің  толығымен 
қарастырады.  Әлеуметтік  танымның  әдіснамасы  жаратылыстану  әдіснамасынан 
пәннің өзіндегі айырмашылықтары бойынша ажыратылады:  
1)  әлеуметтік  таным  өзін-өзі  жоюшы 
нәтижеге  алып  келеді  («биржаның 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
139 
заңдарын  білу  осы  заңдардың  өзін  жоюға  әкеліп  соғады»  -  деп  жазды 
кибернетиканың негізін салушы Н. Винер); 
 
2)  егер  жаратылыстану  ғылымдары  танымында  жекелеген  фактілер  бірдей 
болса,  әлеуметтік  танымда  ондай  емес.  Сондықтан,  әлеуметтік  таным  әдіснамасы 
фактілерді жалпылап қана қоймай, сонымен бірге ол аса үлкен маңызға ие жекелеген 
фактілермен  жұмыс  істейді.  Осы  фактілерден  объективті  үрдіс  пайда  болып, 
солармен де түсіндіріледі. Гуманитарлық таным әдіснаамсының өзіне тән ерекшелігі 
осында. 
Ғылыми  зерттеуде  бәрі  де  мәнді.  Ғылымда  тек  жаңа  ғылыми  фактіні  белгілеу 
жеткіліксіз,  оған  қазіргі  заман  ғылым  тұрғысынан  түсінік  беру,  оның  жалпы 
танымдық, теориялық немесе практикалық мағынасын түсіндіру қажет. 
Ғылыми-зерттеу  жұмысын  бірнеше  кезеңге  бөлуге  болады.  Мұнда  әр  қилы 
зерттеу әрекеттері және әр қилы материалдар құрастырылады: 1) зерттеу тақырыбын 
таңдау;  2)  проблемалармен  әдеби  дерекнамалар  арқылы  танысу;  3)  тақырыпты 
дәлелдеу  және  ғылыми-зерттеу  жұмысының  жоспарын;  4)  ұсынылған  гипотезаның 
негізділігін;  5)  материалды  статистикалық  түрде  өңдеу;  6)  зерттеу  нәтижелерін 
талдау; 7) ғылыми-зерттеу жұмысын рәсімдеу; 8) зерттеудің тиімділігіне баға беру. 
Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді. 
Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған: 
-
 
бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау; 
-
 
суреттеу  –  объектілер  туралы  мәліметті  табиғи  және  жасанды  тілдің 
көмегімен бекіту; 
-
 
өлшеу - объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру; 
-
 
тәжірибе  жасау  –  құбылыс  қайталанған  кезде  қажетті  жағдайлар 
қайталанғанына  байланысты  өзгерістерді  арнаулы  дайындалған  орындар  арқылы 
бақылау. 
Зерттеулердің  теориялық  деңгейіндегі  ғылыми  әдістерге  төмендегілер 
жатқызылады: 
-
 
қалыптастыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын 
абстрактілі-математикалық модельдер құру; 
-
 
аксиомаландыру  –  дәлелдеуді  керек  етпейтін  аксиомалар,  яғни  дәлелдеуді 
қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру; 
-
 
гипотетикалық  -  дедуктивтік  әдіс  –  нәтижесінде  эмпирикалық  фактілер 
тұжырымдалатын  бір-бірімен,  дедуктивті  байланыста  болатын  гипотезалардың 
жүйесін жасау [5]. 
Зерттеу әдістерінің жіктемесі аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі 
түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интерғылыми және жеке ғылыми әдістерге 
бөлу  қабылданған.  Жалпы  ғылыми  әдістер  барлық  ғылым  салаларына  тән  және 
оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: 
бақылау  мен  тәжірибе,  анализ  бен  синтез,  жорамал  мен  гипотеза,  индукция  мен 
дедукция,  аналогия,  классификация  мен  систематизация,  генетикалық  әдіс,  т.б. 
біріктіреді.  Интерғылыми  әдістерге  –  экстрополяция,  интерполяция,  модельдеу, 
ретроспекция,  эксперттік  бағалау,  т.б.  жатады.  Жеке  ғылыми  әдістердің  көптеген 
ғылыми топтары бар. 
Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады [5]: 
-
 
талдау – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге 
(жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу; 
-
 
синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру; 
-
 
абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен 
қарым-қатынастарынан  зерттеуге  керек  қасиеттері  мен  қарым-қатынастарын  бөліп 
алу; 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
140 
-
 
жалпылау  –  объектілердің  жалпы  белгілері  мен  қасиеттерін  анықтауға 
мүмкіндік беретін ойлау әдісі; 
 
-
 
индукция  –  жеке  қорытулар  негізінде  жалпы  тұжырым  жасауға  мүмкіндік 
беретін зертеу мен талқылау әдісі; 
-
 
дедукция  –  жалпы  тұжырымнан  жеке  тұжырым  жасауға  мүмкіндік  беретін 
талқылау әдісі; 
-
 
аналогия  –  объектілердің  бірдей  белгілерінің  ұқсастығы  негізінде  олардың 
ұқсастығы туралы айтуға мүмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия 

ғылымның  бір  саласындағы  қатынастардың,  оның  екінші  саласына 
транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б 
-
 
жіктеме  -  зерттелетін  пәннің  зерттеушіге  қажетті  маңызды  белгілері 
бойынша  түрлі  топтарға  бөлу  (әсіресе,  биология,  геология,  география, 
кристаллография, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері). 
Зерттеу процесі барысында төмендегідей интерғылыми әдістер қолданылады: 
-
 
экстрополяция  –  ойдың  дамуы  немесе  белгілі  бір  тарихи  кезеңдегі 
тенденциялардың  ашылуы,  яғни  жасалған  заңдар  мен  тұжырымдардың  бақылау 
аймағынан басқа аймаққа ауысуы; 
-
 
интерполяция  -  құбылыстардың  динамикалық  қатарында  көрінбейтін,  бірақ 
осы  қатар  мүшелерінің  арақатынасын  ашу  негізінде  параметрлерді,  функцияларды, 
көрсеткіштерді табу; 
-
 
модельдеу  –  шынайы  түрде  бар  процестер  мен  құбылыстардың  логикалық, 
информациялық  және  графикалық  құрылымын  жасау,  яғни  объектілерді 
жеңілдетілген  түрінде  бейнелеу;  модельдеу  –  түпнұсқаның  зерттеушіні 
қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме – дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу; 
-
 
ретроспекция  -  объектінің  жүйелі  түрдегі  сипаттамасын  алу  үшін  зерттеу 
объектісінің  тарихи  дамуын  зерттеу,  яғни  оның  әртүрлі  уақыт  кезеңдеріндегі 
дамуының динамикалық қатарын зерттеу; 
-
 
эксперттік  бағалау  -  эксперттің  немесе  эксперттердің  тұжырымдары  мен 
ойлары. 
Жоғарыда айтылып өткен әдістердің немесе тәсілдің ешқайсысы да, дара түрде 
зерттеудің  негізіділігін,  дәлділігі  мен  дәйектілігін  қажетті  деңгейде  қамтамасыз  ете 
алмайды.  Сол  себепті  зерттеуде  жоғары  нәтижеге  жету  үшін  олардың  бірнеше 
түрінің жиынтығын пайдалану ғана тиімді бола алады. 
Зерттеу  құралдарына  түрлі  процедуралар,  әдістер,  тәсілдер,  әдістемелер, 
жүйелер мен әдіс 
намалар кіреді. Бұл түсініктер төмендегі логикалық қатарды 
құрайды.  Әдіс  -  зерттеу  барысында  белгілі  бір  қорытынды  алуға  бағытталған,  бір 
немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе 
практикаға  негізделген  түрі.  Процедура  –  белгілі  бір  операциялар  жиынтығының 
орындалуын  қамтамасыз  ететін  іс-әрекеттердің  жиынтығы.  Тәсіл  –  күрделі  әдіс 
болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше нысаналы әдістердің жиынтығы. 
Әдістеме  –  бір  немесе  бірнеше  әдістер  жиынтығына  негізделген  зерттеу  жолдары, 
немесе  олардың  жиынтығына  негізделген  әдістер.  Әдіснама  -  зерттеу  әдістері, 
жүйелері мен методтары жөніндегі білімнің жиынтығы. Жүйе – күрделі құбылыстар 
мен  процестерді  зерттеу  үшін  қажетті  техникалық  құралдар  мен  методикалардың 
жиынтығы [6]. 
Болашақ  педагогтардың  ғылыми  зерттеу  жұмыстарымен  (ҒЗЖ)  айналысуын 
барлық оқу кезеңінде үздіксіз қамтамасыз ету өте маңызды міндеттердің бірі болып 
есептеледі. Мұнда негізгі зерттеу жұмысының қиындығы студенттердің оқу үрдісінде 
зерттеу  қиындықтарын  біртіндеп  жоғарылатып  отыруы.  Сондықтан  олар  барлық 
деңгейдегі  конференцияларға,  байқауларға  қатысу,  колледж  қызметкерлерінің 
жетекшілігімен 
ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын 
жүргізу, 
диплом 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
141 
жұмыстарының байқауына қатысуы керек. 
 
 
Болашақ ғылыми-зерттеу жұмысы міндетті есеп берумен, конференция, үйірме 
отырысында баяндаумен, курстық жұмыс және т.б. жазумен аяқталады. 
Болашақ  педагогтардың  сабақтан  тыс  уақытта  табысты  орындалған  және  оқу 
бағдарламасының 
талаптарына 
жауап 
беретін 
ғылыми-зерттеу, 
жобалау-
конструкторлық  және  шығармашылық-орындаушылық  жұмыстары  сәйкес  келетін 
курстық, 
лабораториялық 
жұмыстар, 
дипломдық 
жобалармен 
басқа 
да 
тапсырмалардың орнына есептелуі мүмкін. 
Оқу  орындарындағы  білім  берудің  зерттеушілік  ұстанымы  болашақ 
педагогтарды  ғылым  саласында  қолданылатын  зерттеудің  негізгі  әдістерімен 
таныстыруға, зерттеу әдістемесінің тиімді элементтерін меңгеруге және құбылыстар 
мен үдерістерді зерттеу арқылы өз бетінше жаңа білімдерді игеруге мүмкіндік береді. 
Зерттеушілік  қағидасын  қолдану  болашақ  педагогтардың  танымдық  қабілеттерін 
дамытады, білім алушылардың белсенділігін және өзбеттілігін арттыруға, танымдық 
қызметтің  әдіс-тәсілдерін  игеруге,  қызығушылығын  арттыруға  септігін  тигізеді. 
Ғылыми-зерттеу әлеуеті  бар ғылым адамының, ғылыми ұжым мүшесінің қалыптасу 
үдерісінің  бастапқы  кезеңі  –  оқу  орнына  дейінгі  және  кәсіптік  оқу  орны 
кешендерінде  жүзеге  асырылады.  Білім  беру  саласындағы  алға  қойылған 
мақсаттардың бірі  - білім беру интеллектуалдық белсенділігін  арттыру, сол арқылы 
білім беру жүйесінің дамуын жетілдіру. 
Ғылыми-зерттеу жұмыстары саласында: 
-
 
мемлекетіміздің 
және 
біздің 
аймақтың 
ерекшелігіне 
байланысты 
гуманитарлық, әлеуметтік, экономикалық, техникалық бағыттарын зерттеп, мәдениет 
және  өнер  саласында  өзекті  мәселелерін  шешуде  ғылыми-зерттеуді  ұйымдастыру; 
мәдениет  керектілігн  қамтамасыз  ететін  кәсіби  мектепті  қалыптастырып,  дамыту 
және аймақтың ерекшелігіне байланысты әр аспектілі ғылыми жүйелерді тәжірибеде 
іске асыру; 
-
 
өзіндік,  сонымен  қатар,  белгілі  бір  жетістікті  шығармашылық  жұмыстар, 
ғылыми-зерттеулерді оқу-тәрбие үрдісіне кірістіру; 
-
 
студенттердің  ғылыми-зерттеушілік  және  шығармашылық  жұмыстарын 
дамыту: көрмелер, концерттер, шебер кластар ұйымдастыру; 
-
 
оқу  орындары  арасында  ғылыми-зерттеушілік  және  шығармашылық 
жұмыстарынан тәжірибе алмасу. 
Ғылыми  зерттеуге  қатыса  отырып,  студент  алған  білімдерін  бекітеді, 
толықтырады  және оны  жоғары  сатыға  көтереді.  Олар  өз  бетімен  жұмыс  жасаудың 
әдістерін  меңгереді,  ғылыми  эксперименттің  техникасын  игереді,  оның 
қорытындысын  түсінікті  әдіспен  өңдеуді  жүргізеді  және  алынған  мәліметтерден 
қорытынды жасайды. Сонымен, ғылыми-зерттеу жұмыстары аясындағы білім, білік, 
дағды  болашақ  мамандарды  дайындаудың  іргетасы  болып  табылады  және  жеке 
тұлғаның дамуында маңызды орын алады. 
Болашақ ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі ұйымдастырылып жүргізілетін 
тиімді  түрлеріне  келесілер  жатады:  оқу  жоспары  негізіндегі  оқу-зерттеу  жұмысы; 
ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  кей  мәселелерін  (элементтерін)  жүргізілетін 
дәрістерге  қосу;  ғылыми  бөліктерден  немесе  толықтай  ғылыми-зерттеуден  тұратын 
дипломдық  жұмыстар;  оқытушылардың  нақты  жетекшілігімен  белгілі  бір  ауқымды 
мәселелерді  шешудегі  студенттердің  өзіндік  зерттеу  жұмыстары;  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын  іс-тәжірибелерге  қосу;  берілген  тақырыпқа  байланысты  орындалатын 
ғылыми  реферат  жұмыстары;  студенттердің  ғылыми  үйірмелері;  белгілі  бір  мәселе 
төңірегінде жинақталған студенттік ғылыми топтар немесе лабораториялық не басқа 
да 
шығармашылық 
бірлестіктер; 
студенттердің  әр  түрлі  деңгейлерде 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
142 
өткізілетін  айтулы  іс-шараларға  қатыстырылуы  (оқу  орнындагы,  ЖОО-дағы, 
аймақтық, республикалық, халықаралық). 
 
Мұндай  іс-шаралар  студенттердіңғ  яғни  болашақ  педагогтардың  ғылыми-
зерттеу  жұмыстарының  жүйесін  тұрақты  дамытуға,  сондай-ақ  әрбір  студенттің 
шығармашылық деңгейін арттыруға септігін тигізеді. Оларға қатыстылар: 
-
 
ғылыми-зерттеу  жұмыстарына  қабілеті  бар  студенттерден  жинақталған 
топтарға арнайы өткізілетін дәрістер; 
-
 
ЖОО оқу жоспарларында «Кәсіптік білім берудегі ғылыми зерттеу негіздері» 
атты  курстарды  ендіре  отырып,  студенттердің  өзіндік  ғылыми  жұмыстарының  өз 
қабілеті  шеңберінде  орындалуын,  жаңаша  ғылыми жұмыстарының, ғылыми-зерттеу 
жұмыстарының зерттеу әдіс-тәсілдерімен танысу; 
-
 
түрлі  ақпарат  көздері  негізінде  студенттерді  ғылыми-техникалық 
мәліметтермен қамтамасыз ету; 
-
 
студенттердің  түрлі  жаңашыл  ғылыми  ізденістерге  қатысуын  қамтамасыз 
ету. 
Болашақ  педагогтардың  ғылыми-зерттеу  әрекеті  үдерісі  және  нәтижелері 
туралы теориялық білімін жүйелеу және дамыту кезеңі қандай да бір білім саласында 
зерттеу  жүргізу  әдіснамасы  және  әдістемесі  мәселелері  бойынша  білімді 
қалыптастыруға бағытталды [4]. 
Ендігі ретте жалпы «құзыреттілік» ұғымына қатысты деректерді қарастырайық. 
Біз  өз  зерттеу  жұмысымызда  осы  материалдарды  негізге  ала  отырып, 
зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастыру жолдарын қарастырғанды жөн көрдік. 
«Қазақстан  Республикасындағы  білім  беруді  дамытудың  2015-2020  жылдарға 
дейінгі  тұжырымдамасында»  қазіргі  заманғы  жоғары  білімнің  мақсаты  мен  басты 
стратегиялық  бағдары  айтылған, онда  білімге  бағытталған  мазмұнды  құзыретттілік, 
яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігі көрсетілген [7]. 
«Құзыреттілік» ұғымы бүгінгі күні оқыту үрдісінде білімді қолданудың ақырғы 
нәтижесі  ретінде  қарастырылуда.  Оқыту  үрдісінде  «құзыреттілік»  ұғымы 
студенттердің білімі мен тәжірибесін, дағдылары мен біліктерін белгілі бір мәселені 
шешуде қолдануы болып табылады. 
«Құзыреттілік» 
терминін 
ХХ 
ғасырдың 
ортасында 
американдық 
ғалымН. Хомский енгізген болатын, бастапқыда ол ана тілінде нақты тілдік қызметті 
орындау үшін қажет қабілеттіктер деген түсінік берді. 
Ақпараттық құзыреттілік: 
-
 
сыни тұрғыдан ұғынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға; 
-
 
өз  бетінше  мақсат  қоюға  және  оны  негіздеуге,  мақсатқа  жету  танымдық 
қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға; 
-
 
ақпараттарды  өз  бетімен  табуға,  талдауға,  іріктеу  жасауға,  қайта  құруға, 
сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға; 
-
 
логикалық операцияларды қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге; 
Коммуникативтік құзыреттілік: 
-
 
нақты  өмір  жағдайында  өзінің  міндеттерін  шешу  үшін  қазақ  және  басқа 
тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға; 
-
 
коммуникативтік  міндеттерді  шешуге  сәйкес  келетін  стильдер  мен 
жанрларды таңдауға және қолдануға; 
-
 
жалпы  нәтижеге  қол  жеткізу  үшін  түрлі  көзқарастағы  адамдар  тобында 
қатынас құруға мүмкіндік береді. 
Құзыреттіліктің  түрлерімен  қатар,  оны  құрайтын  негізгі  элементтер  де 
кездеседі. 
Олар: 
әдістемелік 
құзыреттілік; 
психологиялық-педагогикалық 
құзыреттілік;  дифференциалдық-психологиялық  құзыреттілік;  аутопсихологиялық 
құзыреттілік. 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
143 
«Құзырлық»  ұғымы  педагогика  саласында  тұлғаның  субъектілік  тәжірибесіне 
ерекше  көңіл  аудару  нәтижесінде  ендіріліп  отырған  ұғым.  Құзырлылықтың  (латын 
тілінде «competens») тікелей аудармасы белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар, 
білгір  деген  мағынаны  қамти  отырып,  қандай  да  бір  сұрақтар  төңірегінде  беделді 
түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді [6]. 
Құзырет  -  нақты  әлеуметтік  қоғамдық жағдайларға  талдау  жасай  білуді,  түрлі 
өмірлік  жағдайларда  жеке  және  қоғам  пайдасына  сәйкес  шешім  қабылдауды  және 
ықпал етуді қалыптастырады. 
Құзыреттілік тәсіл- қазіргі таңда оқу орындарында жаңа тәсіл болып табылады 
және  студенттердің  өзгермелі  жағдайда  әлеуметтік  икемділігі  мен  әрекетін  жүзеге 
асыру қабілетінде пайда болатын студенттердің сапалық кешенін дамытуды көздейді. 
Құзыреттілік – болашақ педагогтардың (студенттердің) іс-әрекетін меңгеруден 
көрінетін білім нәтижесі. Білім мазмұнын жаңалау – негізгі мақсат болып табылады. 
Басты  мақсаттың  бірі  –  білім  игеру  кезінде  күтілетін  нәтижеге  қол  жеткізу.  Негізгі 
бағыт оқытушы жеке тұлғаға ауысады, яғни, жеке тұлға бұрын білімді қабылдаушы 
рөлін  атқарса,  ал  жаңа  талап  бойынша  өздігінен  білім  алушы,  үйренуші  ретінде 
танылады.  Сондықтан  жеке  тұлғаның  бейнесін  бүгінгі  заман  талабына  сай 
дайындауымыз керек. Бүгінде білім беру стратегиясын «құзыретті білім беру» деп те 
атап  жүр.  Құзыреттілік  жеке  тұлғаның  танымы  мен  тәжірибесіне  қатысты  нәрсе. 
Болашақ  педагогтардың  кәсіби  құзыреттілік  мәселелері  туралы  пікірлер  отандық 
және  шетелдік  ғалымдар,  педагогтар,  психологтар  еңбектерінде  көрініс  табуда. 
Оқыту үрдісіндегі құзыреттіліктерге ғалымдар әртүрлі анықтамалар берген [10]. 
Айталық,  ғалым  С.М. Вешниякованың  «Кәсіптік  білім  беру»  сөздігінде: 
«Құзыреттілік (латын сөзі) competenens – қабілетті, қатысты деген мағынада. Белгілі 
бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері» 
деген  анықтама  берілген  болса,  А.В. Баранниковтің  айтуынша:  «Құзыреттілік 
дегеніміз өз  бетінше  іске асырылатын қабілеттілік, ол студенттің алған білімдеріне, 
өмірдегі  тәжірибелеріне,  құндылықтарына  негізделеді».  Ал,  ғалым  Дж.  Равен 
«құзыреттілік»  терминіне  жеке  тұлғаның  көп  қасиеттерін  топтайтын  ұғым  деген 
анықтама  береді.  Ғалымдардың  пікірлерін  басшылыққа  ала  отырып,  біз 
«құзыреттілік»  ұғымына  –  студенттердің  жеке  тұлғалық  психологиялық 
ерекшеліктеріне  байланысты  меңгерген  білімдерін,  дағдылары  мен  біліктерін, 
танымдық және тәжірибелік іскерлігін өмірде дұрыс қолдануы деген анықтама бере 
аламыз [3]. 
Ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, біз «құзыреттілік» ұғымына 
–  студенттердің  жеке  тұлғалық  психологиялық  ерекшеліктеріне  байланысты 
меңгерген  білімдерін,  дағдылары  мен  біліктерін,  танымдық  және  тәжірибелік 
іскерлігін өмірде дұрыс қолдануы деген анықтама бере аламыз. 
Құзыреттілік  –  бұл  алынған  білімдер  мен  біліктерді  іс-жүзінде,  күнделікті 
өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу 
қабілеттілігін  айтады.  Сонымен,  оқытудағы  құзыреттілік  тәсіл  білім  беру  нәтижесі 
ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді 
жүзеге  асыруды,  оқыту  сапасын  бағалаудың  біртұтас  жүйесін  құруды  талап  етеді. 
Демек  «құзырет»  және  «құзыреттілік»  ұғымдарын  педагогикалық  үдеріске  енгізу 
білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап 
етеді. 
Аталған  «құзыреттілік»,  «құзыр»  ұғымдарының  қолданыстағы  білім,  білік, 
дағдыдан айырмасы бар. 
Айталық,  білімнен  айырмасы  –  қызмет  жөніндегі  ақпараттық  сипатта  емес, 
өнімді  қызмет  формасы  түрінде  байқалады;  дағдыдан  айырмасы  –  оқыған 
материалды  топтастыра,  құбылыстарды,  заңдылықтарды  шығармашылықпен 
пайдалана  отырып  өзгерте  алатын  саналы 
қызмет;  біліктіліктен  айырмасы  – 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
144 
бірнеше пән дағдыларын кіріктіру, жалпы қызмет негіздерін сезіну. 
 
 
Қоғам  талабына  қарай  оқытушының  білім  берудегі  міндеті  нәтижеге 
бағытталған  іс-әрекетті  құзыреттілік  тұрғыдан  жүзеге  асыру.  Қазіргі  уақытта 
оқытушымен  бірге,  студенттердің  алдына  қойылатын  талаптар  да  өсуде.  Талап 
студенттердің бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады. 
Құзыреттілік  ең  алдымен  студенттердің  ақпараттық  сауаттылығы  мен  кез-
келген мәселені дұрыс шеше білу қасиетінен көрініс табады. Сыртқы ортадан ақпарат 
алу,  оны  өңдеу  студент  мінезін  қалыптастырудың  қайнар  көзі  болып  табылады. 
Ақпараттарды  өз  бетімен  алуға,  талдауға,  қайта  өңдеуге  үйрету  ақпаратық 
құзыреттілікті  қалыптастыруға  негіз  болады.  Мұнда  студенттердің  өз  бетімен 
жұмысына  көп  мән  беріледі.  Студенттер  өз  беттерінше  жаңа  ақпараттық 
технологиялардың  көмегімен  ғаламтордан,  түсіндірме  сөздіктерден,  түрлі  тарихи 
ақпараттар  алып,  сабақ  барысында  пайдаланады.  Бұл  құзыреттілік  студенттің  оқу 
пәндеріндегі  және  білім  аймақтарындағы,  сонымен  бірге  қоршаған  дүниедегі 
ақпараттармен  жұмыс  істей  білу  дағдыларын  қамтамасыз  етсе,  ал  оқытушының 
мақсаты  –  студентке  білімді  өздігінен  игеру  амалдары  мен  тәсілдерін  үйретіп,оның 
өзіндік дүниетанымын қалыптастыруына жағдай жасау, кеңестер және бағыт-бағдар 
беру. 
Негізгі  құзыреттіліктер  түріндегі  күтілетін  нәтижелер  [2]:  студенттерді  өз 
бетінше  талдауға;  өз  қызметіне  мақсат  қоюға;  жоспарлауға,  жинақтауға; 
қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге; өзін-өзі бағалауға; өз әрекетінің әлсіз және 
күшті  жақтарын  көрсете  білуге;  нені  меңгергенін,  нені  меңгермегенін  анықтауға 
көмек көрсету. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңының  8-бабында  «Білім  беру 
жүйесінің  басты міндеттерінің  бірі  – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім 
беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу» 
деп атап көрсеткен. Сондықтан, қазіргі даму кезеңінде білім беру жүйесінің алдында 
оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытушылар білім беру 
жүйесінде  жаңа  оқу  технологияларын  және  интерактивті  әдістерін  қолдану  арқылы 
студенттің  қазіргі  заман  талабына  сай  білім  алуына  мүмкіндік  береді.  Ол 
оқытушының  ізденісі,  жан-жақтылығы  құзыреттілік  арқылы  айқындалады.  Даналы 
қытайлықтар  осыған  орай  бұны  келесі  мақалда  ажыратқан:  «мың  ұстаздар  –  әр 
қайсысы  мың  әдістерімен»  қолданылады,  яғни  мұғалім  өзінің  әдістемелік  шеберлік 
қасиеттері  негізінде  өзіне  лайықты  педагогикалық  технологиялық  әдісін  тандауға 
құқылы [8]. 
Құзыретті  маман  даярлау  мақсатында  ғылыми  міндеттерді  шешудің  тиімді 
жолы  –  ақпараттық  технологияларды  қолдану  арқылы  студенттердің  ой-өрісін,  өз 
бетімен  іздену,  логикалық  ойлау  қабілетін,  шығармашылық  әрекеті  мен 
икемділіктерін дамыту, білетіні және білмейтінінің арасындағы қайшылықтарды ашу 
әрі  проблемалық  міндеттерді  шешу  жолдарын  жүзеге  асыруға  болады.  Олай  болса, 
құзыретті білім беру арқылы оқытудағы басты міндет – студенттердің ойлау жүйесін 
өздерінің шығармашылық қабілеттері арқылы игерген білім қорын одан әрі тереңдету 
және  түрлі  проблемаларды  шеше  білетін  білімді  студент  тұлғасын  қалыптастыру 
болып  табылады.  Болашақ  педагогқа  нәтижеге  бағытталған  білім  беруде  күтілетін 
тұлға  құзыретілігін  төмендегіше  сипаттауға  болады:  өзінің  даралығын  сезініп,  өзін-
өзі  дамыта  білуі;  өзінің  қызметін  бағалай  білуі;  негізгі  мәселені  шешудің  ең  тиімді 
жолдарын таба білуі; өз алдына мақсат коя білуі, оны жүзеге асыра білуі және т.б. 
Қорыта  айтқанда,  болашақ  педагогтардың  зерттеушілік  құзыреттілігін 
қалыптастырудың  ғылыми-педагогикалық  алғы  шарттарын  анықтау  жолдары 
қарастырылды. 
Келешекте 
болашақ 
педагогтардың 
зерттеушілік 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
145 
құзыреттілігін  қалыптастырудың  жолдарын  келесі  зерттеу  жұмысында  өз  жалғасын 
табатынына сеніміміз мол. 
 
Әдебиеттер: 
 
11.
 
Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан-
2050»  Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты 
Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 14 желтоқсан, 2012. 
12.
 
Асқаров  Е.С.,  Балапанов  Е.Қ.,  Қойшыбаев  Б.А.  Ғылыми  зерттеулердің 
негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Алматы, 2005. – 188 б. 
13.
 
Жексенбаева 
У.Б. 
Организация 
научно 
– 
исследовательской 
деятельности школьников. – Алматы, 2006. – 36 с. 
14.
 
Садуакаскызы  К.  Педагогикадағы  ғылыми  зерттеу  әдістері  және 
педагогикалық зерттеудегі логика. // Молодой ученый. – 2014. – №20 (1). – Б. 44-46. 
15.
 
Самашова  Г.Е.,  Егоров  В.В.,  Құрымбаев  С.Ғ., Готтинг  В.В., Абильгазин 
Б.И.  Кәсіптік  білім  берудегі  ғылыми  зерттеу  негіздері.  –  Қарағанды:  ҚарМТУ 
баспасы, 2014. – 96 б. 
16.
 
Аманжолов С. Құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық негіздері.  – 
Өскемен, 2007. – 369 б. 
17.
 
Қазақстан  Республикасының  2015-2020  жылдарға  дейінгі  білім  беруді 
дамыту тұжырымдамасы // Орталық Қазақстан, 27 желтоқсан, 2003. 
18.
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Алматы, 2010. 
 
*** 
 
Самашова Г.Е., Ударцева С.М., Абильгазин Б.И. 
Научно-педагогические предпосылки формирования исследовательской 
компетентности будущих педагогов 
 
Представленная 
научная 
статья 
посвящена 
актуальной 
проблеме. 
Рассмотрены научно-педагогические предпосылки формирования исследовательской 
компетентности  будущих  педагогов.  Проанализированы  понятия  «наука», 
«исследование», 
«научное 
исследование». 
Приведены 
пути 
организации 
исследовательской работы в ВУЗе, научные методы, их виды и т.д. 
Ключевые  слова:  наука,  исследование,  научное  исследование,  методы 
исследования,  эмпирические  методы  исследования,  компетентность,  виды 
компетентности. 
 
*** 
 
Samashova G.Е., Udartseva S.M., Abilgasin B.I. 
Scientific-pedagogical conditions of formation of research competence of the 
future teachers 
 
the presented scientific article is devoted to an actual problem. Reviewed scientific-
pedagogical  conditions  of  formation  of  research  competence  of  the  future  teachers.  The 
concepts  "science",  "research",  "scientific  research"  are  analysed.  Ways  of  the 
organization of research work are given in HEI, scientific methods, their types, etc. 
Keywords:  science,  research,  scientific  research,  research  methods,  empirical 
methods of research, competence, types of competence. 
 
*** 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
146 
 
 
УДК 374.7 
 
Ержанов М.Е. – доктор педагогических наук, 
профессор, ЗКГУ им. М.Утемисова 
Серікқали А.С. – магистрант ЗКГУ им. М.Утемисова 
E-mail: maral_kaz@mail.ru 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет