Республики казахстан


CҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ «ҚАМАР СҰЛУ» РОМАНЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет31/38
Дата06.03.2017
өлшемі3,87 Mb.
#7742
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38

ЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ «ҚАМАР СҰЛУ» РОМАНЫНЫҢ  
КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Аннотация.  Бұл  мақалада  С.  Торайғыровтың  «Қамар  сұлу»  романының 
көркемдік ерекшеліктері қарастырылды. Аталмыш туындыдағы өмір құбылыстарын 
суреттеудегі,  сондай-ақ  адамның  ішкі  жан  дүниесін,  көңіл-күйді  бейнелеудегі 
ерекшеліктері  мен  суреткердің  көркем  ойды  астарлап  жеткізудегі  тілдік-стильдік 
шеберлігі сараланды. 
Кілт  сөздер:  роман,  көркем  бейне,  композициялық  құрылым,  реализм, 
пейзаж, пролог, мәтін, кеңістік, уақыт, сюжет.  
 
«Қамар  сұлу»  –  Сұлтанмахмұт 
шығармашылығындағы  ғана  емес, 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
247 
XX  ғасырдың  бас  кезіндегі  қазақ  әдебиетінің  де  кесек  туындысы,  алғашқы  қазақ 
романдарының  бірі.  Сұлтанмахмұтты  көп  толғандырған  әйел  теңдігі,  болыс  болуға 
ұмтылушылық,  білім  беру  туралы,  орыстың  қазаққа,  казақтың  қазаққа  зорлық-
зомбылығы  туралы  өзекті  өмірлік  маңызы  зор  мәселелер  «Қамар  сұлу»  (1914  ж.) 
романында көркем бейнелермен сомдалды. С.Торайғыров романда ХХ ғасырдағы ел 
өмірін  нақты  суреттей  отырып,  ондағы  әділетсіздікті  реалистік  әдіспен  анық 
бейнелеген.  Жазушы  романын  прозалық  шығарма  етіп  жасауда,  әдебиеттің 
көркемділігін  арттыру  мақсатында  поэзиямен  романның  көркемдік  деңгейін, 
композициялық  құрылымын  көркейте  түскен  көркем  туындыны  ұлттық  әдебиетке 
әкелді.Жазушының  «Қамар  сұлу»  романының  көркемдік  жүйесі  реализмге 
негізделген.  ХХ  ғасырдың  шындығынан  туындаған  жаңалықтар  жазушы 
шығармасының  тіліне  елеулі  әсер  етіп,  публицистикалық  сарын  басым  орын  алған. 
Қаламгердің  «Қамар сұлу» романының мазмұнында тікелей астарлы ой мен көркем 
образды  нышандар,  кейіпкерлердің  әңгімесі,  ішкі  толғанысы  және  мінез-құлқы, 
сыртқы  факторға  бағыты  шығарманың  өн  бойынан  жақсы  көрінеді.  Мұнда  сыртқы 
фактордың  басты  белгісі  –  әлеуметтік  жағдайлар,  халықтың  өмір-салты. 
Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың  аталмыш  шығармасында  көтерілген  ұлттық 
деңгейдегі  басты  мәселе:  халықтың  өз  мүддесін  өзі  қорғауына  жол  бермеген 
надандық пен саяси құқықсыздық романдағы оқиға дамуының жеке адам қасіретіне 
айналған махаббат трагедиясының әлеуметтік негізі арқау болған. 
«Жазушының «Қамар сұлу» романының басты тақырыбы – қазақ қоғамында 
ХХ  ғасырдың  басына  дейін  кең  орын  алып  отырған  әйел  теңсіздігі»  [1,  102  б.]. 
Сұлтанмахмұт  болып  жатқан  уақиғаға,  өмір  ағымына  жауапкершілікпен  қарайды. 
Қоғамдағы  жеке  адамның  тағдыры,  оған  деген  басқа  адамдардың  қатынасы,  етек 
алып  отырған  зорлықтар,  әсіресе  әйел  теңсіздігі  Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың 
өлеңдерінде жетекші орын алып келсе, енді алғашқы қазақ романында осы жағдайлар 
үлкен  эмоционалды  екпінділікпен  проза  тілінде  баяндалып,  көркем  образ  ретінде 
сомдалды.  Автордың  «Қамар  сұлу»  романындағы  оқиғаның  қайғылы  сыны  мен 
ғибраттық  мәні  қаламгер  айтпақ  болған  ақиқат  идеяны  публицистикалық  сарынмен 
жан-жақты  тереңдетіп,  айқын  көрсетілген.  «Қамар  сұлу»  романының  алғашқы 
жолдары  әсерлі,  есте  тұтарлық  суреттеулерден  басталады.  Романда  халық  өмірінің 
әлеуметтік  жағдайы  толық  суреттеліп,  негізгі  кеңістік  аясы  мен  уақыт  өлшемінде 
кейіпкерлерінің  табиғи  тіршілік  ортасы  рухани  өмір  нәрімен  сабақтас  келуі 
туындының  көркемдік  құндылығын  тереңдете  түскен.  Қаламгердің  осындай 
көркемдік  шеберлігінен  романдағы  табиғат  суреттерінің  уақыт  пен  кеңістікке 
байланысты  нанымды  әрі  нақты  өрнектегенін  романнан  алынған  үзіндіден  көреміз: 
«Осындай  дуылмен  жазды  алды.  Бір  заманда  үйдің  іші  тым-тырыс,  әркімді  қапалы 
мұнар  торлағандай,  бір  түрлі  белгісіз,  уайым-қайғы  да  қаптап  алған.  Қара  күңгірт 
қаһарлы тұман ішінде түнерісіп томсарысқан түрлі аянышты көрінесте еді.  Біраздан 
соң  Қамардың  басына  түскен  қайғы  секілді  түйдектелген  ызғарлы  ұшпаның 
бұлтымен  аралас  мейірімсіз  кешқараңғысы  келіп  жайылды.  Әкесін  екі  аршын 
шүберек  кәде  өлтірген  қатындар  да  даладан  күзгі  ақша  қардың  аязы  қысып,  үйден 
Қамардың  жылағаны  қысып,  не  қыларын  біле  алмай,  құр  шыпжалаңдап,  жүгірісіп 
кіріп-шығып берді» [2, 118 б.].    
Демек,  романнан  алынған  үзіндіде  табиғат  суреттері  кең  тарапты  тіршілік 
тынысында кеңістік аясы мен уақыт өлшеміне байланысты тұрмыс-салт дағдыларына 
тән ерекшеліктерімен көрсетілгені ықшам да әрі мағыналы шыққан. Кеңістік аясына 
байланысты  жер  аты  мен  иелері,  олардың  өмір-күйі,  уақыт  өлшеміне  байланысты 
жыл  көлеміндегі  ахуалы,  қазіргі  күн  мен  байырғы  күнгі  рәсімдердің  ара  қатынасы 
арқылы  көрсетілген.  Бұл  жайында  табиғат  суреттерінің  шығармадағы  орны  туралы 
профессор  Бақытжан  Майтанов:  «Табиғатты  суреттеудегі  ...автор  -  қаһарман  сана 
аясы  арқылы  көрінуімен  ерекшеленеді. 
Жазушы  кейіпкер  жан  дүниесінде 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
248 
үңілер  сәттерде  пейзаждың  жекелеген  бөлшектері  субьективті  қызмет  атқара 
бастайды»               [3, 203 б.] – дейді.  
С. Торайғыров «Қамар сұлу» романында қазақ халқының көп ғасырлы әдеп-
ғұрпын аз сөзге көп мағына беріп баяндаған оқиға желісі жалғасын тауып отырады. 
Ақыл,  білім,  парасаты  бір-біріне  тең  –  Қамар  мен  Ахмет  сынды  сауатты,  саналы 
жастардың  ескілік  ғұрпын  бұза  алмай,  сүйіспеншілігін  тежеуге  мәжбүр  болғаны, 
елдің аузына сұлулығымен, ақылдылығымен ілінуі.  Осы бір дәстүрлі сюжет он бес 
жастағы  Қамарды  әкесінің  қарсылығына  қарамай,  Қалтан  қажы,  Оспан  би  деген 
туыстары  қатыны  өлген  Нұрым  болысқа  айттырып,  қалыңмал  алуымен  шиеленісе 
түседі.  Айналасынан  түсіністік  таба  алмаған  Қамар  бүкіл  сырын  ішкі  дүниесіне 
бағыттайды.  Оның  сенімді  серігі  –  Ахметке  арналған  хаттарынан  автор  айқындап 
береді. Сюжеттің өрістеуі барысында Қамардың жазған хатының елдің қолына түсуі, 
қыздың көнбейтінін көрген соң, Жорға Нұрымның зорлап алып кетуімен оқиға тіпті 
одан ары шиеленісе түседі. Мұндай қорлыққа шыдамаған Ахмет оқуды сылтауратып 
басқа  қалаға  кетіп  қалады.  Бақсының  дырау  қамшысы  нәзік  денесін  осып  өткен 
сайын  Қамар  әлсіреп,  естен  танып  қалады.  Басқа  түскен  қасіреттен  аурулы  болған 
Қамарды  надан  бақсы-балгерлердің  «емдейміз»  деп  көрсеткен  азабынан  өлгені, 
мұншама озбырлыққа шыдамаған Ахметтің Қамарды іздеп келіп, зорлықшылдан кек 
алмақ болып әрекеттенгенімен, өзі де ажал тұзағына душар болғаны секілді оқиғалық 
өрілімдерге саяды. Сұлтанмахмұт  шығармасындағы қорлыққа түсіп, бақытсыздыққа 
душар болған қазақ әйелі жөніндегі қысқаша оқиға желісі осындай. «Қамар сұлудың» 
көркемдік кестесі қазақ халық поэзиясының дәстүріне жақын. Қамардың 
Жіңішке сымға тартқан әні қандай, 
Балауыз балбыраған тәні қандай?!  
Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп, 
Толықсып  толып  тұрған  сәні  қандай?!  [2]  –  деп 
таныстырудан бастап, Ахметтің «Сұңқардың баласындай бітімі жақсы, көзге түсерлік 
көркі де бар, сөзге шешен, ойдан шығарғыш ақын, жарып салма өткір еді. Той секілді 
жұрт  жиналған  жерлерде  өлең  болсын,  ойын  болсын,  газет,  журнал,  кітап  оқып, 
шариғат-насихат  айту  болсын,  ең  арты  –  біреуді  сықақтаған  қулық  болсын,  бас  бәйге  Ахметтікі  еді. 
Тартынбай тамылжытып сөйлегенде де өзінен үлкен-кішілердің аузынан суын ағызып, көңілдеріндегі уын 
шығара жаздаушы еді... Қамарды үлгі қылатыны секілді бозбалаға Ахметті үлгі қылып ұрсушы еді. Міне, 
осылай  Ахмет...  «тоғыз  кырлы,  тоқсан  сырлы жігіт  атасы  деуге  лайық  болып  жүрді»  [2]  деп 
мінезделуі  осыны  көрсетеді.  Шығармада  өлең  мен  қарасөздің  аралас  келуі  де 
ғашықтық  қисса,  дастандарда  қалыптасқан  тәсіл  болатын.  Суреттеу  орнына 
тұжырымдау,  талдау  орнына  әңгімелеу  де  дәстүрлілік  сипаты  басым  фольклор 
туындыларына тән белгілер еді. 
«Қамар  сұлуда»  ескі  қазақ  өмірінің  шытырман  қарым-қатынастары,  ғұрып-
салттары, жаңалыққа оңай жол бермейтін қатып-семген қағидалары, осыдан туатын 
қайшылықтар,  күрестер,  қайғылы  да,  қасіретті  де  халдер  көрініс  береді.  Қамар 
сұлудың  сүймеген  адамына  бармай,  бас  еркіңдігін  сақтағысы  келгенінің  өзі  қиян-
кескі  оқиғалар  тудырып,  ақыры  азапты  өлімге  душар  етеді.  Адам  құқынан  мансап, 
байлық,  дүние-мүлік  мүддесін  жоғары  қойған  ортада  қандай  сорақылықтар  орын 
алатынын  жазушы  жеріне  жеткізе  әшкерелей  алған.  Романның  мәнділігі  қазақ 
қоғамындағы ескі ұғымды мықтап ұстаған жандар мен жаңаша өмір сүруге ұмтылған 
жастардың арасындағы бітіспес тартысты өмір шындығына сәйкес көрсете білуінде. 
Бір дәуірде өмір сүріп отырғанымен, Қамар, Ахмет, Омарлар мен Қалтан қажы,  Оспан  би,  Нұрым 
болыс,  ишан,  молдалар  екі  түрлі  көзқарастың  адамдары.  Міне,  осы  екі  топтың  өз  ұғымына,  сеніміне 
беріктігі  романның  тартыстық  табиғаты  бастан-аяқ  шымыр  өрбуіне  себепкер.  Романда  қазақ 
ауылындағы құдалық дәстүрден туындайтын ырым, ұғымдар көрінісі бар. 
Шығармада  қаһармандар  арасындагы  тартыстың  бір  мезет  те  әлсіремей, 
барған  сайын  ширыға,  шиелеленісе  түсуі 
бір-бірімен 
ымыраға 
келмес 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
249 
жандардың  мінез  ерекшелігін  дәйекті  түрде  ашуға,  көркем  бейнелердің  неғұрлым 
айқындалған  типтер  болып  жасалуына  мүмкіндік  береді.  Суреткер  қыздарды  малға 
сатып,  құдандалық  құру  жастардың  шын  бақытты  өмір  сүру  тілегімен  мүлде 
үйлеспейтін  есірген  салт  деп  ашық,  батыл  айыптайды.  Жазушының  осындай 
көзқарасы қаһармандар сөзі арқылы тікелей айтылатын тұстар жиі. Қамардың: 
Жұртым-ау, құдайыңды ойлаймысың, 
Ұстап сату әдетін қоймаймысың? 
Көптен бері зарлаттың аямастан, 
Жетер енді содағы, тоймаймысың? 
Шыныңмен сол Нұрымға қиғаның ба? 
Бесқара сатыпалғаниманың ба? 
Әділдік, құдай, құран естеншығып, 
Жауыздыңжалмауынасыйғаныңба? 
Жұртым-ау, Қамарқандай, Нұрым қандай? 
Құрым сақал, қоңқиған мұрынқандай? 
Нұршашып, жалт-жұлтетіпжайнаған жүз, 
Қарашы,  бүгінқандай,  бұрынқандай?  [2]    -  деген  сөздері 
осы айтылғанға мысал. 
Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың  «Қамар  сұлу»  романының  әдеби  құндылығы 
көркемдік  шешіммен  анықталады.  Біріншіден,  шығарманың  көркем  мәтінінде  осы 
оқиғаның  драмалық  өрбуін  көзімен  көрген  адамның  атынан  баяндаушы  бар. 
Екіншіден,  жазушының  өз  кейіпкерінің  ішкі  дүниесін  көрсетуге  деген  ұмтылысы 
байқалады.  Үшіншіден,  әрбір  кейіпкердің  көркем  шығармада  өз  орны,  өзінің 
айналысатын  ісі,  өз  болмысы  бар.  «Қамар  сұлу»  романы  өлеңмен  жазылған 
прологтан  (авторлық  толғау)  басталып,  бірінші  тарауында  жазушы  ендігі  жерде 
думанды  күндердің  бірінің  түс  кезін,  ертеңгі  сәскесінен  бергі  уақытты  бөле-жарып 
көрсеткен.  Романда  әңгімені  жүргізіп  және  бағыттап отыратын  баяндаушы  ойын  өз 
сөзімен айтқызу үшін көбіне сөзді бас кейіпкерлерге беріп қояды. Ол кейде бір-біріне 
өлеңмен  жазылған диалог ретінде немесе  Қамардың өмір тауқыметіне бағыттталған 
монологы  формасында  беріледі.  Шығарма  мәтінінде  автордың  өзінікі  емес,  «бөтен 
сөздер»  тырнақшаға  алынған.  Ол  романның  идеялық  мазмұнын,  зәрулігін  күшейте 
түскен.  
«Қамар  сұлу»  романының  екінші  тарауында  авторлық  шегініске  орын 
берілген.  Романдағы  оқиғаның  кейінгі  жалғасы  шиеленіске  жалғасады.  Үшінші, 
төртінші тараулар болашақтағы Қамар қыздың мінез-қылығы мен отбасындағы әдеп, 
тәрбие,  білім  алу  тарихынан  мәлімет  береді.  Сұлтанмахмұт  Торайғыров  «Қамар 
сұлу»  романында  әйел  теңдігі  мәселесін  жалаң  түрде  қозғаумен  шектелмеген. 
Романда ХХ ғасыр басындағы күрделі әлеуметтік мәселенің күрмеуі мен қазақ елінің 
рухани өміріндегі  белгілі ата салттан аттағысы келмейтін жасқаншақтықпен, жарық 
әлемге  жол  ашатын  оқу-білімге  деген  ынтасыздықты  сан  алуан  кемшіліктермен 
сабақтастырып,  реалистік  әдіспен,  публицистік  стильмен  жазған.  Сұлтанмахмұт 
Торайғыров  романында  кейікерлеріне  баға  беруде  бірден  ақтарыла  салмай,  сөз 
тізгінін тарта ұстап, ұстамдылық көрсетеді. Романдағы Қамарға қатысты оқиғаларды 
жазушы  сюжет  деңгейіндегі  уақыт  мөлшерімен  дәл  келтіріп  отырады.  «Қамардың 
сүйгені    Ахмет  –  айналасына  мақтаулы,  беделді  жігіт.  Қамардың  әкесі  Омар  жерге 
қарап  отырған  жан  емес»  [2]  –  деген  автор  сөздерінен  кейіпкерлерінің  болмысын 
айқын  танытқан.  С.Торайғыров  кейіпкерлерін  түптеп  зерттеп,  романдағы 
трагедиялық  жағдайдың  шиеленісуіне  қатысты  ХХ  ғасырдағы  әлеуметтік, 
психологиялық себептерді аз сөзбен реалистік нақышта терең астармен бейнелеген.  
«Қамар  сұлу»  –  өзінің  тақырыбы  мен  мазмұны  жағынан  әлеуметтік  роман» 
[4, 85 б.]. Жазушы қазақ әйелінің теңсіздіктегі жай-күйін роман оқиғасының негізіне 
алып,  сол  арқылы  өз  дәуірінің  қоғамдық 
шындығынәлеуметтік 
тұрғыда 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
250 
талдайды.  Қоғамдық  топтардың  Қамар  тағдыры  туралы  әр  түрлі  түсінігін,  әрекет 
тіршілігін жан-жақты суреттей отырып, шығарма идеясын өзі өмір сүрген қоғамның 
негіздерін  сынауға  бейімдейді.  Қалың  малға  сатып  шалдардың  жас  қыз  алуын, 
әлділердің  әлсіздерге  зорлығын,  халықтың  қараңғыдағы  қапас  тіршілігін  өткір 
сынайды.  Сол  негізде  феодалдық-патриархалдық  салт-сананың  күйреуін  және  оны 
ұға алмай отырған елдің надан мінез-құлқын әшкерелейді.  
Сұлтанмахмұт  –  адам  құқын  қорғаушы,  азат  өмірді  аңсаушы.  Жастардың 
теңіне  қосылып,  білім  алуына,  халқын  өрге  сүйрер  қатардағы  азамат  болуына 
тілекші.  Романда  жазушы  өз  ортасынан  талпынып,  бостандық  іздеген  осындай 
жастардың  әр  қилы  кедергілерге  кездесіп,  ескі  салттың  құрбаны  болғанын  тебірене 
жазады.  Сол  арқылы  аянышты  тағдырға  ел  назарын  аударуды,  халық  сезіміне  әсер 
етуді көздейді.  
Романның негізгі идеясын Сұлтанмахмұт әр қилы тағдырлар, адам бейнелері 
арқылы  ашуға  ұмтылады.  Оның  кейіпкерлері  көзқарасы  әртүрлі  адамдардың 
қақтығыстары  негізінде  жіктеледі.  Қамар,  Ахмет  және  оларды  жақтаушы  Омар 
ұнамды  кейіпкерлер  ретінде  танылып,  Жорға  Нұрым,  Қалтан  қажы,  Оспан  би,  т.б. 
жаңалыққа қарсы іс-әрекеттерімен көрінеді. 
 
Романның  негізгі  кейіпкері    Қамар  –  жазушының  суреттеуінде,  аса  сұлу, 
ақылды, ұстамды, сөзге шешен, ақын қыз. Сұлтанмахмұт оны романтикалық бейнеде 
алып, сирек туатын жан етіп суреттейді. Қыздың портреті мен мінездемесі  де соған 
лайық  берілген.  Түр-тұлғасы,  мінез-құлқы  тең  келген  Қамарды  ел  әсемділіктің, 
ақылдылықтың белгісіндей көреді. «Бір нәрсені көңілдері ұнатып, мақтағысы келсе, 
«Уай, шіркін, мынау Қамардай екен!» десуші еді» [2], – дейді. 
Әрі өткір, әрі сөзге ұста Қамар – ауыл жігіттерінің де қол жетпейтін асылы. 
Олардың көбі қызды көргеніне мәз болып, бір ауыз тіл қатса, оны аузынан тастамай 
айтып жүреді. Сырттай ғашық болып жүргендердің кездесе қалса, тіл-аузы байланып, 
үндей алмай қалатыны тағы бар. Сұлтанмахмұт  бұл арқылы Қамарды өз заманынан 
артып туған биік бейне ретінде таниды.  
Қамар  өзіне  тең,  жар  боларлық  адамды  сұлудан,  байдан  іздемейді,  ақылды, 
сырлас,  мұңдас  адамдардан  іздейді.  Мұндай  адам  деп  Ахметті  таниды.  Бірақ  қыз 
ғашықтық  сезіміне  беріліп,  күйректікке  түспейді.  Сезімді  ақылға  жеңдіріп,  алды-
артын ойлайды. Сол дәуір жағдайында Қамар мен Ахметтің қосылуына мүмкіндік те 
жоқ  еді.  Қамар  –  ауқатты  ортадан  шыққан  қыз.  Ахмет  –  кедей  жігіт.  Екеуі  –  екі 
ортаның адамдары. Оның үстіне қалыңсыз қыз берілмейтін қатал әдет заңы тағы бар. 
Қалың  мал  берерлік  Ахметте  әл  жоқ.  Осы  жайлар  Қамарды  да,  Ахметті  де  қатты 
толғандырады. Сондықтан Қамар теңім еді деп, Ахметке құлап түспей, екеуі қосыла 
алатын  мүмкіндік  жоғын  айтып  түсіндіреді.  «Ахметті  сүйемін-ақ...  Сүйгенім  үшін 
осынша  күйемін-ақ.  Ал,  енді  шыдамадым...  Қараландым...  Күні  ертең  ел-жұртым 
екеумізді екі айырып жібереді... Онда не болдым... Әке, ағаларым болса, оған бермек 
тұрсын,  бұл  жазғанын  сезсе  де,  бұл  күнімізді  өзімізге  көп  қылады  ғой»  [2]  –  деп 
ойлайды  Қамар  Ахметтен  хат  алғанда.  Қыз  ойының  қорытындысы  мынау  болады: 
«Қой,  бүйтіп  күйік  үстінде  күйік-жалқын  салмайын:  өзімдікі  қабірге  бірге  түсетін 
күйік  қой,  енді  тағы  Ахметті  күйдіріп,  кәрі  әке-шешесінің  обалына  қалмайын; 
бірдеңеміз елге сезіліп қалса, Ахмет байғұстың талқанын шығарады ғой... Обалымыз 
қиюы жоқ, қисыны қашқан дүниеге, оңға баспай солға басқан қазақтың қара ғұрпына 
болсын!»  [2].  Ең  алдымен  зорлыққа  көнбейтінін  Жорға  Нұрымға  бетпе-бет  отырып 
айтады. 
Жазушы  романда  әуелде  кейіпкердің  ішкі  мінез-құлқының  беріктігін,  бір 
бетті  қайсарлығын,  күйініш-сүйінішін  суреттеу  арқылы    көрсетсе,  кейін  Нұрым 
үйінде зұлымдықпен бетпе-бет кездесу үстінде іс-әрекеті арқылы ашады. Ол жоғары 
сөздерді  Нұрымның  бетіне  айтса,  неке 
қимақ  болған  молдамен  айтысып, 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
251 
оны  масқаралап  жеңеді.    Бірақ  әділетсіз  ортада  надан  қара  күштің  қолына  түскен 
Қамар  босанып  шыға  алмайды.  Мұнды  қызды  жыңданған,  оның  басын  Ахмет 
айналдырған  деп  ұққан  қожа-молдалар  Қамарды  соққыға  жығып,  төбесін  ойып, 
өлімге жеткізеді. 
Жазушы  Қамар  бейнесі  арқылы  қазақ  қызының  басындағы  ауыр  халді 
көрсетіп,  елдің  ең  ардақтысы  Қамарды  осындай  ит-қорлықпен  өлтіргенде,  басқа 
қыздардың  күйі  не  болмақ  деген  сұраққа  жауап  іздейді.  Осы  мысал  негізінде  ескі 
ауылды құрт аурудай жайлап, есеңгіретіп бара жатқан әдет-ғұрып заңын айыптайды. 
Автордың бұл ойы – Қамардың өлердегі айқын көрінеді. 
Тоқтау бер, мұнан былай қазағыңа, 
Шалдардың қызды салмай мазағына. 
...Сонан соң жұртты аздырған ишаныңды ал, 
Соңынан судай ақсын жөні жоқ мал. 
Майысып пісіп тұрған дер кезімде, 
Малды шал анталады иттей тартып. 
Ғибрат ал мен сорлыдан, қазақ қызы, 
Түйіретін мал менен шал – саған бізі. 
Оңбайды  бұл әдетпен қазақ халқы 
Бұл себеп ақырында қалмаса ізі [2]. 
Бұл үзіндіде Сұлтанмахмұт  қазақтың феодалдық салтына қарсы шығып, ескі 
қоғамдық  құрылысқа  айтар  лағынатын  Қамар  аузына  салған.  Ол  жалғыз  жастарды 
қалдырып  (өйткені  келешекті  жастарда  күтеді),  ескішіл  топты    түгелдей  ескілікпен 
бірге жоюды жақтайды. 
Романның негізгі тақырыбы қыз тағдыры болғанмен, жазушы онда XX ғасыр 
бас  кезіндегі  қазақ  өмірінің  шындығын  жан-жақты  суреттеуге  ұмтылады.  Негізгі 
оқиға  қабатында  қарашы  халықтың  тағдырын  байлап  отырған  феодалдық  салт-
дәстүрге  қарсы  үн  көтереді.  Сол  қараңғылық  пен  надандықты  ата  жолы  деп  берік 
ұстап,  елді  зар  жылатуға  пайдаланған  ел  билігіндегі  адамдарды  әшкерелейді. 
Өздерінің  келешегін  ойламай,  ішкен-жегенге  мәз  болып  жүрген  елдің  қалың  надан 
тобын да сыңға алады. Жоққа алданып жүрген қараңғы көпті әрі аяйды, әрі олардың 
ісін  көріп  ызаланады.  Нұрымның  Қамарды  алу  тойы  кезінде  өзінше  мәз  болып 
«қызықтап»  жүрген  топты  суреттей  отырып, Сұлтанмахмұт  «бір  күн  тойса  есектер, 
ми  жоқ  алдын  есептер»  дейді.  Қамардың  аянышты  жайын  түсінетін,  оған  жаны 
ашитын жан таппай күйінеді. 
Сондықтан  «Қамар  сұлу»  романының  өткен  өмірді,  ондағы  әділетсіздікті 
реалистікпен суреттей отырып, еңбекші  халықты надандыққа, феодалдық кертартпа 
салт-санаға қарсы күреске үндеуде ерекше маңызы бар. 
Жазушы  қоғамдағы  әділетсіздік  туралы,  әйел  тағдырына  немқұрайды 
қарайтын мінез жайлы, дін мен діни оқудың схоластикалық сыпаты жөнінде айтады. 
Оларға  өз  ұғымындағы  әділеттілік,  адамдық,  ар-иман  туралы  түсініктерді  қарсы 
қояды.  
«Қамар  сұлу»    С.Торайғыров  шығармашылығының  ғана  емес,  бүкіл  XX 
ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиетінің  табысы.  Роман  тақырыбының  өзектілігі  мен 
идеясының сонылығы суреткерлік шеберлікке ұласып, әдеби дамуымызға дер кезінде 
қосылды» [5, 110 б.]. 
 
Шығармадағы лирика, эпос, драма белгілерінің аралас келуі көркем прозасы 
қалыптаса қоймаған әдеби үрдіс үшін жат құбылыс емес. 
Фольклорлық  қоштасу,  айтыс,  жар-жар  («зар-зар»)  бақсы  сарындарының 
қолданылуы, этнографиялық салттық  ғұрыптық жоралғылар қол ұстатар, неке қияр, 
үшкіру, құрмалдықтың суреттелуі уақыт тынысын зердеңе ұялатады. 
Романда  кейіпкерлер  саусақпен  санарлықтай.  «Қалың  малда»  жетпістен 
артық кейіпкер іс-әрекеткеараласса, «Қамар 
сұлуда» небәрі жеті-сегіз. Мұның өзі 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
252 
образдың  ашылуына,  ажарлы  қалыпқа  түсуіне  мүмкіндік  берген.  XX  ғасыр 
басындағы  роман,  повестердегі  Жамал,  Ғайникамал,  Мариям,  Ғайша,  Шұға 
бейнелерімен бір тұста Қамар үлкен әлеуметтік жүк арқалай келді. 
С. Торайғыровтың образ  жасаудағы, кейіпкердің  ішкі әлеміндегі алай-түлей 
сезімді, психологиялык иірімдерді өрнектеудегі жетістігі күмәнсіз. Сөзіміздің дәлелі. 
«Қамар хатты оқып болған соң бір қызарып, бір сұрланып, кеудесіне сыймай, не ашу 
емес, не қуану емес, белгісіз қысылып, қарап тұрып бір тынышсыздыққа қалды»  [2]. 
Сүйгені Ахметтен тұңғыш хат қолына тиген Қамар сезімі. Қандай әсерлі, шынайы. 
«Жалғыз-ақ  өлейін  деп  өле  алмай,  өз  жанын  қия  алмай,  қайғылы  қапада, 
күндіз-түні жапада, жылау да еңіреу бәрінен де көңілі қалып, жүрегі  от боп жанып, 
жылаудан  басқа  шама  жоқ,  құдайдан  басқа  пана  жоқ,  жылағанмен  өнері  жоқ, 
қолынан келері жоқ болып жүрген сорлы Қамар...» [2].  
Болыс  «күйеу»  Омар  аулында.  Қан  жұтып,  қасірет  жамылған  Қамар 
психологиясы қарымы мол қаламгердің шеберлігімен дір-дір еткен қалпында сенімді 
суреттелген.  Қамардың  көңіл  сарайындағы  сезімнің  түрлі  психологиялық  толқында 
көрініс  табуы  суреткер  қиялының  кейіпкер  жан  дүниесіндегі  қым-қуыт  өзгерістерді 
реалистік өнер деңгейіне көтеруінен. 
 
 
Көркем  шығарманың  жаны  шұрайлы  тіл.  «Қамар  сұлудағы  тілдік 
қолданыстар,  стильдік  ньюанстар  жазушы  мәдениетінің  озықтығына  сілтейді.  Өлең 
сөздің роман бойына сіңісіп кетуі жарасымды, өйткені басты кейіпкерлер Қамар  да, 
Ахмет те ақындар. 
Халық  ауыз  әдебиетін  жетік  меңгерген  қаламгер  мақал-мәтелдер,  қанатты 
сөздер, шешендік толғамдарды молынан араластырады. «Жақсыдан жаман туса, емі 
болмас,  жаманнан  жақсы  туса,  теңі  болмас»,  «Суға  кеткен  тал  қармайды»,  «Соқыр 
тауыққа  бәрі  бидай»,  «Қасқырдан  қайрат  кетсе,  ешкіні  апа  қылады»  тектес  мақал-
мәтелдерді кейіпкер характерін даралай сипаттауға тиімді түрде пайдаланады. 
«Қамар  сұлуда»  С.Торайғыров  өмір  сырын  танығыш,  ой  көзі  көреген, 
дарынды  жазушы  екенін  көрсетті»  [6,  116  б.],  –  деген  еді  білімдар  әдебиетші 
Шерияздан  Елеукенов.  «Қамар  сұлу»  романын  жазумен  С.Торайғыров  суреткерлік 
мүмкіндіктерін  ғана  әйгілеп  қойған  жоқ,  XX  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиетінде 
роман аталатын күрделі жанрдың қалыптасуына зор ықпалын тигізді. 
Қорыта  айтқанда,  қазақ  әдебиетінің  кең  тынысты  саласы  саналған  роман 
жанрына  тың  екпін  әкелген  С.Торайғыровтың  көркем  прозасы  шын  мағынасында 
көркемдік пен шынайылықтың  берік тоғысынан туған өнер туындысы десек артық 
айтқандық емес.  
Әдебиеттер: 
1. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыров. – Алматы: Ғылым, 1992. – 200 б. 
2.  Сұлтанмахмұт  Торайғыров:  Екі  томдық  шығармалар  жинағы.  1  том.  – 
Алматы, 1993. – 453 б. 
3. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау.  – Алматы: Санат, 
1996. – 335 б. 
4. Ысқақұлы Д. Әдебиет өрнектері. – Алматы: Мектеп, 1996. – 158 б. 
5.  Тұрысбеков  Р.  Дүниетаным  және  шығармашылық.  –  Алматы:  Қазақ 
университеті, 1993. – 143 б. 
6. Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. – Алматы: Жалын, 1997. – 336 б. 
*** 
Секей Ж., Доскеева Ш.А. 
Художественные особенности романа «Камар сулу» Султанмахмуда 
Торайгырова 
В 
данной 
статье 
рассматриваются  художественные 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
253 
особенности  романа  С.Торайгырова  «Камар  сулу».  В  вышеназванном  произведении 
отмечается  языковое  мастерство  передачи  писателя  в  описании  жизненных  
явлений,  изящная  передача  мыслей,  а  также  особенности  описания  внутреннего 
мира человека, его настроения. 
Ключевые слова: роман, художественный образ, композиционное строение, 
реализм, пейзаж, пролог, текст, пространство, время, сюжет.  
*** 
Sekey Zh., Doskeeva Sh.А. 
Artistic features of the novel «Kamarsulu» SultanmahmudaTorajgyrov 
This  article  discusses  the  artistic  features  of  the  novel  S.Toraigyrov  "Kamar 
Sulu."In  the  above-mentioned  works  issued  linguistic-stylish  skill  transfer  writer  in 
descriptions  of  life  phenomena,  graceful  transfer  of  thoughts,  as  well  as  features 
describing the inner world of man, and his mood. 
Keywords:  novel,  artistic  image,  compositional  structure,  realism,  landscape, 
prologue, text, space, time, plot. 
*** 
 
 
 
 
ӘОЖ 82/821(100-87)  
Қобланов Ж.Т. – филология ғылымдарының кандидаты, доцент,  
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және  
инжиниринг университеті 
Е-mail: koblanov64@mail.ru 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет