Ресурстарын


Еңбекақы төлеу бойынша АРБ мамандары мен линиялық менеджерлер



Pdf көрінісі
бет82/142
Дата12.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#23976
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   142
Еңбекақы төлеу бойынша АРБ мамандары мен линиялық менеджерлер 
арасында өкілеттерді бөлу 
 
АРБ мамандары 
Линиялық менеджерлер 
Компенсациялық саясатты жасау жəне 
оның мақсаттарын түсіндіру. 
Еңбекақы  төлеу  жəне  марапаттау  құ-
рылымын жасау. 
Еңбек  нəтижелері  мен  оларды  мара-
паттау арабайланысын белгілеу. 
Компенсациялық  бағдарламаларды  іс 
жүзіне  асыру  шараларын  бір-бірімен 
үйлестіру  жəне  олардың  орындалуын 
бақылау. 
Тиімділікті бағалау. 
Бөлімше  басшысының  қызметкерлер 
жұмысының нəтижелерін бағалауы. 
Қызметкерлерге  еңбекақы  төлеу  дең-
гейін өзгерту туралы ұсыныс беру. 
Шығындар мен жұмыста болуды бақы-
лау. 
Еңбектегі ерекше жетістіктері үшін қыз-
меткерлерді  ынталандыру  туралы  ұсы-
ныстар жасау.  
 
Жоғарыда  аталған  төлемдерден  басқа  ұйымдар  өз  жағынан 
(заңмен  қарастырылғаннан  бөлек)  əртүрлі  жеңілдіктер  мен 
компенсациялар төлеуі мүмкін. Ең кең тараған түрлері: 
-  медициналық сақтандыру; 
-  түсті асты тегін тамақтану; 
-  жеңілдетілген несиелер; 
-  əртүрлі  əлеуметтік-мəдениеттік  іс-шараларды  төлеу  жəне 
т.б. 
Бұл жерде жеңілдіктердің қай түрде берілетіні өте маңызды. 
Əдетте олар үш түрде берілуі мүмкін: 


Сейсембай Жұмамбаев  
 
165
 
 
-  бұлжымайтын, қатаң түрі; 
-  икемді түрі; 
-  аралас түрі.  
Ұйымда қатаң формасы бойынша белгілі сомаға жеңілдіктер 
жинағы бекітіледі. Жеңілдіктер қызметкерлердің нақты мұқтаж-
дығына  қарамай,  барлығына  бірдей  беріледі.  Бұл  жағдайда, 
мысалы  кейбір  қызметкерлер  медициналық қызметін  пайдалан-
байды,  əртүрлі  себеппен  ұйым  есебінен  берілетін  тегін  тамақ-
тануды елемеуі мүмкін.  
Жеңілдіктерді  икемді  түрде  (басқаша  «кафетерий  ұстанымы» 
деп  аталынады)  бергенде,  қызметкер  осы  кезде  өзіне  маңызды 
жеңілдіктерді  таңдап  алады.  Біреуі  тиісті  қаражатты  оқуға,  ал 
екіншісі,  отбасы  мүшелеріне  медициналық  қызмет  көрсетуге 
жұмсауы  мүмкін.  Жеңілдіктер  берудің  икемді  түрі  қызметкер-
лердің жеке қажеттілігін жəне оның уақыт бойы өзгеруін ескереді. 
Бірақ  бұл  форманы  іс  жүзінде  жүргізу  күрделі  болып  келеді. 
Əрине,  жеңілдіктер  тек  адамның  мүддесін  ескермей,  ұйым 
мүдделерін қанағаттандыруға бағытталуын қадағалайды. Мысалы, 
тегін  тамақтану  не  жаңа  жылды  мерекелеу  қызметкерлердің 
денсаулығына  қамқорлық  жасауды,  қызметкерлердің  бірлікте 
болуын  көздейді.  Ал  күнделікті  тəжірибеде  ұйымдар  жеңілдіктер 
берудің  аралас  түрін  жиі  таңдайды.  Бір  адамға  бөлінген  соманың 
бір  бөлігі  міндетті  түрде  белгіленген  нақты  уақытта  жұмсалуы 
керек (мысалы, медициналық сақтандыру; түстегі тегін тамақ жəне 
с.с.),  ал  басқа  бөлігін  кəсіпорын  əкімдігімен  не  бекітілген 
жеңілдіктер тізіміне сай басқа қажеттіліктерге жұмсалуы мүмкін.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет