Ресурстарын


университеті, 2013. – 234 бет.  ISBN 9965-29-701-0



Pdf көрінісі
бет2/142
Дата12.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#23976
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142
 
университеті, 2013. – 234 бет.
 ISBN 9965-29-701-0 
       0503020905 - 201
     460(05) - 13
     
© Жұмамбаев С.К., 2013
 
  ISBN 9965-29-701-0                                                  © Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2013 


Сейсембай Жұмамбаев  
 
3
 
 
 
 
 
 
АЛҒЫ СӨЗ 
 
Көптеген  мамандар  өмірдің  барлық  саласында  ілгерілеу  үшін 
сыртқы факторларға сүйену, оның ішінде шетел инвестицияларын 
тарту керек екенін баса айтады. Бұл дұрыс, бірақ ішкі резервтерді 
жұмылдыру  мүмкіншіліктерін  жете  есепке  алмайды.  Осы  ішкі 
резервтер жүйесінің басты құрамасы – ұйымның адам ресурстарын 
тиімді пайдалану болып келетіні хақ. 
Өкінішке орай, біздің ел қызметкерлерді басқару теориясы мен 
тəжірибесі жағынан нарықтық экономикасы дамыған елдерден осы 
уақытқа  дейін  едəуір  артта  қалып  отыр.  Ол  елдерде  кадр  басқару 
мəселесі бұрыннан-ақ түбегейлі өзгерген. Ал біздің ғалымдар мен 
мамандар  осы  мəселенің  маңыздылығына  əлі  де  толық  көңіл 
бөлмей келеді. Осының дəлелі ретінде мынаны келтіруге болады: 
аталған  мəселе  бойынша  нəтижелі  зерттеулердің  болмауы, 
кəсіпорындарда  қызметкерлерді  басқару  бұрынғы,  дəстүрлі 
жолмен  жүруі,  академиялық  мекемелер  мен  университеттерде, 
іскерлер қатарынан бұл мəселеге қызығушылықтың болмауы жəне 
с.с.  Тек  былтыр  ғана  Білім  жəне  ғылым  министрлігі  осы  бағытта 
алғаш  қадам  жасап, «Еңбекті  ұйымдастыру  жəне  мөлшерлеу» 
бойынша жаңа мамандарды дайындауға кірісті. 
Бұл  оқу  құралында  басты  үш  мақсат  көзделінді:  біріншіден, 
қазіргі  жағдайда  біздің  ұйымдар  мен  кəсіпорындар  үшін  адам 
ресурстарын  басқару  қаншалықты  көкейкесті  мəселе  екенін 
көрсету.  Кадрларды  басқарудың  бұрынғы  жүйесі  бірте-бірте 
жойылуда,  қазір  кəсіпорын  корпоративтік  стратегия,  адам 
ресурстарын  басқару  стратегиясы,  қызметкерлер  маркетингі, 
қызметкерлерді  жұмысқа  тарту,  ұтымды  пайдалану  жəне  жұмыс-
тан  босатуды  жоспарлау  жəне  с.с.  категориялармен  айналысады. 
Екіншіден,  оқулықтар  мен  оқу  құралдарының  мазмұнын  осы 
 


Адам ресурстарын басқару 
 
4
 
 
өзгерістерге сай дайындау керек. Үшіншіден, адам ресурстарын 
басқаруға арналып қазақ тілінде жазылған оқу құралдары жоққа 
тəн.  Автор  осы  кемшіліктің  орнын  толтыру  мақсатымен  беріл-
ген оқу құралын ұсынып отыр. 
Оқу құралында дамыған елдердің адам басқару саласындағы 
озық  тəжірибелері  жинақталып,  оларды  отандық  өндірістерде 
қолдану  мүмкіншіліктері  қарастырылған,  оны  игеру  ұйым 
басшыларына қазіргі қатаң нарық жағдайында өз істерін тиімді 
жүргізуге оң ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сонымен қатар отандық 
тəжірибеде,  ғылыми  жəне  оқу  əдебиеттерінде  жеткілікті  баян-
далмаған.  Германия  кəсіпорындарында  қолданылатын  қызмет-
керлерді  басқарудың  нақты  əдістері  туралы  қосымша  материал 
келтірілген. 
Берілген  оқу  құралында  қызметкерлер  (персонал),  кадрлар, 
адам  ресурстары  бірімен-бірі  ауысатын  сөздер  болып  қолда-
нылған,  себебі  олардың  айырмашылықтары  арнайы  зерттеу 
мақсаты ретінде қарастырылмаған.  
Оқу  құралы  экономикалық  жоғары  оқу  орындары  мен 
факультеттерінің  бакалаврлары,  магистранттары  мен  оқытушы-
ларына  арналған.  Сонымен  қатар  адам  ресурстарын  ғылыми 
басқару  негізінде  ұйымның  тиімділігін  арттыру  мəселесімен 
шұғылданып жүрген мамандарға пайдасын тигізеді. 
Автор  оқырмандардың  айтатын  сын  пікірлеріне  жəне 
берілген  кітаптың  мазмұнын  жақсарту  бағытында  жасалатын 
ұсыныстары үшін алдын ала өз алғысын білдіреді. 
 
С.К. Жұмамбаев  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет