Резуанова ғалияпану кабиевна



Pdf көрінісі
бет39/73
Дата18.10.2023
өлшемі4,05 Mb.
#118869
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство

орна/ орун+а 
/ДТС, 
371/ пайда болып, мына сияқты мағыналарда жұмсалады: 1) 
помещаться, занимать место, садиться (орын тебу, орын алу, отыру)
/ДТС/, занимать престол, править /ДТС/ (таққа отыру, ел басқару) 2) 
поселяться, вселяться (қоныстану, кіру, орналасу) – қаз (+ 
размещаться) (араласу) – ққал; разлагаться, размещаться, находится, 
помещаться – өзб., ұйғ.; втискиваться (сығылысу, тығылысу) – қыр.; 
3) укрепляться на месте (орнында бекітілу, нығайтылу) – қыр.; қаз.; 
обосабливываться, обживаться, пускать корни (жаңа қонысқа орнығу, 
жайғасу). Яғни 
орна 
сөзінің негізгі мағынасы 
қоныс тебу. 
Адам 
белгілі бір жерге қоныс теуіп, орналасқаннан соң, сол жерге әбден 


93 
орнығып беки бастайды. Яки бұл үрдістер іле-шала болмағанымен де, 
өзара шектес құбылыстар ретінде қабылданады. Ал ол мағыналардың 
өз синонимдері бар. 
Орна - қоныс тебу - орнығу – пайда болу 
Орна - беку - қалыптасу 
Осы сөзден келіп етістіктен етістік тудырушы –лас + тұйық етіс 
жұрнағы қосылу арқылы енді 
орналасу 
деген туынды сөз пайда 
болады. 
Орналасу 
– 
орын тебу. 
Адамның белгілі бір жерден орын 
теуіп, ұзақ уақыт тұруы, сөйтіп айналасындағы адамдармен аралас-
құралас болуына ұқсас әрекет – адамның белгілі бір жұмыс орнына 
кіруі. Осыған орай:
Орналасу – орын тебу – орнығу – жайғасу 
Орналасу – кіру – жұмысқа тұру – түсу –тұру деген сияқты 
мағыналар қалыптасады. Көп мағыналы сөздің бірі – 
ел
сөзі. Бұл 
сөздің төмендегідей мағыналары бар: 1) халық; 2) өскен орта; 3) 
шыққан тегі; 4) отан; 5) дос-жар
Бұл 
мағыналар 
қашан 
және 
қандай 
әдіс-тәсілмен 
жасалғандығын анықтамас бұрын 
«ел» 
сөзінің жалпы түркі 
тіліндегі беретін мағыналары қандай деген мәселеге назар 
аударалық:
1. народ (халық) – түрк., түр. диал., қарашай балқар,
қарақалпақ, қыр., қаз.; собственный народ, свое племя, своя 
семья – алт., лоб.(өз халқы, өз тайпасы (не ұрығы), өз жанұясы; 
население (І) халық; жерге орналасу, қоныс тебу) – түрк, түр. диал., 
қаз., ноғ., ққал.; жители (тұрғылықты халық) – түрк., түр.; обитатели 
(мекендеуші) – шағ., түр.;
2. люди (адамдар) – түрк., қырым тат., қар., қбал., өзб.; 
общество (қоғам) – құм., қбал., тат.; 
3. племенной союз (тайпалық одақ) – қыр., алт. /ДТС/; 
племя (тайпа) – түр., қыр., ққал., өзб., алт.; племенная 
организация (тайпалық ұйым) /ДТС/. отделение народа - қыр., қаз.. 
4. чужой человек, человек чужой крови (бөтен адам, туысқан 
емес бөгде адам); 
5. государство (мемлекет) – қыр., тат., /ДТС/; 
административная единица (әкімшілік бірлік) /ДТС/; область;
губерния; 
деревня, 
село, селение (ауыл, қыстақ) – құм, қбал, чув.; 
6. господство, власть (үстемдік, билік).
7. подданные (қол астына қарайтын). 
 


94 
8

страна, часть страны, край; родина (мемлекет) – ног., баш. 
диал.; 
9. мир, согласие, покой (бейбітшілік, келісім, тыныштық); 
1 0 . рой (пчел).
1 1 . войско. 
Қарастырылып отырған сөздің мағынасы зерттеушілерді ерте 
кезден-ақ қызықтырған болатын. Еще Т.Ценкер предпринял 
попытку разделить 
ел-ил 
на омонимы: вост.-тюрк, со значениями 
«человек, кто-либо, чужой» и тур. 
ел 
или 
іl 
со значениями «про-
исхождение, начало», откуда Т. Ценкер выводил род, племя, 
сын, люди, народ, страна (Ц.Т., с. 150-151) 
Ел 
сөзі туралы В.В. Радлов, И.Н. Березин, П.М. 
Мелиоранский, В.В. Бартольд, Н.Н. Поппелер де сөз қылған. 
Э.В. Севортян 
ел 
сөзінің мағыналарының зерттелуі жөніндегі 
материалдарға өз еңбегінде толық тоқталған. 
Сөйтіп, бұл сөздің жоғарыда көрсетілген төрт мағынасына 
кейін келе бесінші (дос-жар) мағына қосылған. Бұл мағына да, 
асылы, бейбітшілік, тату мағынасының негізінде шыққан болуы 
керек деп түсіндік. Қалай болғанда да 
ел 
сөзінің мағыналары 
метонимия тәсілімен дамыған. Және 
ел 
сөзінің жоғарыда 
аталған осы бес мағынаның бесеуінің де қазақ тілінде өз 
синонимдері бар. 
Ел - халық - жұрт - қауым 
Ел - өскен орта - туған жер 
Ел - шыққан тегі - негізі - заты - руы 
Ел - отан - мемлекет 
Ел - дос - жар - жақтас - ұрандас - жау емес 
Тағы бір полисемиялы сөзді қарастыралық, 
өшу: 
1. жануын 
тоқтату - бұл мағына тек қазақ тілінде ғана емес, түрік 
диалектісінде, сондай-ақ алтай тілдерінде де кездеседі; 2. жазуы, 
бояуы кету – бұл қырғыз, түркімен, өзбек, ұйғыр тілдерінде де 
өшу 
сөздері арқылы беріледі; 3. құру, жоғалу –мағынасындағы 
өшу
сөзі 
татар диалектісінде, өзбек, якут, қырғыз, қарақалпақ тілдерінде 
де ұшырасады. Сонымен қатар қазақ, қарақалпақ тілдерінде бұл 
сөз 
дыбысы шықпау, дауысы жоғалу 
сияқты ауыспалы мағынада 
да қолданылады. Бұл сөздің жоғарыда келтірілген екінші мағынасы 
жануын тоқтатып, сөнген кезде оттың бірте-бірте өшіп жоқ болып 
кетуімен ұқсастырылып, салыстырмалы түрде метафора тәсілімен 
жасалып, оған 
жоғалу -жойылу 
деген сөздер синоним болып келеді. 


95 
Ал үшінші 
құру, кему, жоғалу 
деген синонимдік қатардың 
жасалуына ұйытқы болып тұрған құру мағынасы болса, біртіндеп, 
іліктес болатын процесті көрсетіп метонимия жолымен құрылған. 
Сонымен, 
ойымызды 
қортындылай 
келе 
айтарымыз, 
метафора, метанимия, синедохалар полисемиялы сөздің ғана 
жасалуына себепші болып қоймай, олар синонимдік қатардың сан 
жағынан дамуына да әсер етіп отыратын құбылыс екен. Кейбір 
тілшілердің тілдегі көп мағыналылық құбылысының пайда 
болуының синоним сөздердің де пайда болуының белгісі болып 
табылады деп айтуы тегін болмаса керек. Синонимия 
құбылысы мен сөздердің келтірінді мағынада қолданылуы 
тығыз байланысты. Жазушылар мен ақындар көркем шығармада 
жоғары эмоционалды поэтикалық стилге жету мақсатымен 
поэтикалық троптарға, ауыс мағынада келіп сөйлемді әсерлеп, 
мәнерлеп тұратын метафора, метонимия, синедохаға жүгінеді. 
Мысалы, метонимияны қолдану жолымен көркем шығарма 
жоғары пафосқа ие болады. Мәселен, 
барлық ауыл шырт ұйқыда 
дегендегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет