87
кара малдармен өріске кетсе, бұзауы бөлек бағылатынын ескерсек)
енді айрылу сөзіне
бөліну
сөзі синоним болады. Ал бөлінген
аламдар
біртіндеп бөлектеніп, тіпті жатсынып та кетуін ойласақ,
олардың ұясына енді
бөлектену
сөзін де жатқызады екенбіз.
Сөйтіп, осының нәтижесінде екі синонимдік қатар келіп шығады:
I. Ажырау - бөліну - алыстау - қол үзу
2. Ажырау айрылу - бөліну - бөлектену
Ескі - ески - әски - есхи - иски - іска - есғи
сияқты түркі
тілдерінің әр қайсысында әр түрлі дыбысталатын
ескі
сөзін алатын
болсақ, бұл сөз де көп мағыналы сөз.
Оның әр мағынасынан әр
басқа синонимдік қатар келіп шыққан.
Ескі
1) ұзақ тұрған нәрсе
жеуге келмейтіні сияқты көп тұрып қалған; 2) ескірген (затқа, киімге
байланысты) зат тозығы жетіп, өңі кетеді, бұ л, әрине, көп
ұстаған нәрсеге байланысты; көп ұсталған нәрсе көнереді,
осыған орай, бұл сөздің үшінші мағынасы келіп туады (3)
ескі -
көне - баяғдан, бағзы заманнан келе жатқан болуы ықтимал және
ол ертедегі – бұрынғы да болуы мүмкін, ал бұрыннан бар зат, я
адам бізге әбден танымал болса керек, осыдан төртінші мағына,
яки төртінші синонимдік қатар келіп шыққан (4) ескі - танымал
- таныс - байырғы. Байырғы танысың, әрине, сенің сенімді
адамың осыдан келіп, (5) ескі - сыралғы
- сырлас - сыр мінез
мағыналары туады. Сырлас адамыңмен, әрине, дағды бойынша
араласасың, осыған орай, (6) ескі – үйреншікті - дағдылы -
қалыптасқан - машықты мағыналары өз алдына синонимдік қатар
түзеді. Үйреншікті мағынасы таныс
сөзінен де келіп шығуы
мүмкін. Жоғарыда айтылғандардан көріп отырғанымыздай,
«ескі»
сөзі алты түрлі синонимдік қатар жасауға негіз болады екен. Және
бұлардың арасындағы мағыналар іліктес, бірінен соң бірі келіп
шығатындығын байқау қиын емес, яғни олар метонимия жолымен
жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: