113
кезінде, жарылған мұз үстінде су ағынына кету (Мәселен,
Жел
терістіктен
көтерілді де,
ыққан
мұзды теңіздің ортасына қарай айдады
(Т.Құрманғалиев, Теңіз). 3. ауыс. жасқану, қаймығу, тайқу (Мәселен,
Қылмысы болмаса, несіне
ығады
ол
(М.Гумеров, Хазірет)). Міне, бұл
сөздің мағыналарының шығу төркіні бір екенін аңлау қиын емес. Егер
жас
сөзінің мағыналық ыдырау процесі аяқталған, мағыналық байланыс
сезілмейтін күйге жетті десек,
ық
сөзінің
мағыналарының ыдырау
процесі әлі аяқтала қоймаған. Өйткені бұлардың арасындағы
мағыналық байланыс әлі де болса сезілуі мүмкін.
Сонымен, сөздер негізгі мағынасының үстіне қосымша
мағыналар үстеп алады. Ал ол мағыналар ұзақ қолданудың
нәтижесінде кей жағдайда тілімізде өз дербестігін алып кетеді.
Соның негізінде (көп мағыналы сөздің есебінен) омоним сөздер
жасалады.
Соған орай, тіл білімінде омонимдерді үлкен екі топқа
бөліп қарастырамыз: гетрогенді (әр текті) омонимдер және
гомогенді (бір текті) омонимдер.
Гетрогенді (әр текті)омонимдер
деп шығу тегі бөлек-бөлек
тұлғалық жақтан сөздік құрамда кездейсоқ сәйкес келетін
лексикалық единицаларды айтамыз.
Бұл грек тілінің
heteros –
«басқа» деген мағына беретін сөзінен алынған термин. Ал
гомогенді
омонимдер
дегеніміз о бастағы бір сөзден мағыналық дамуы
нәтижесінде туындап, ара қатынасы алыстап, бара-бара екі сөзге
айналып кеткен лексемалар. Қазіргі кезде бұлар да сырттай
дыбыстық формалары жағынан сәйкес
келетін сөздер ретінде
қабылданып жүр. Алайда олар қазақ тілінің ішкі даму зандылықтары
бойынша пайда болған.
Сөйтіп, сөздердің мағыналық жақтан дамуы нәтижесінде
омонимдер жасалады. Метафора мәселесін егжей-тегжейлі
қарастырған Б.Хасанов өз еңбегінің «омонимдердің пайда
болуындағы метафораның дәнекерлік қызметі» деген тарауында
былай деп түсініктеме береді: «...
Сөздердің мағыналық жақтан
дамуы нәтижесінде омонимдер жасалады. Дәлірек айтсақ,
ауысқан мағынаның өзінің тағы да метафорлануы көбіне оны
полисемант жүйесінен әбден бөлініп шығуына, басқа бір
лексикалық единицаға, омонимге айналуына әкеліп соқтырады.
Бұл құбылыс тіл-тілде кездесе береді» [66, 31].
Сондай-ақ ғалым: «Ғ.Мұсабаев бұрынғы бір еңбегінде кейбір
сөздердің метафорлық мағыналарының
ауыс немесе тұрақты
мағынаға айналатынын, сөйтіп, лексикалық омонимдік қатар
114
кұратынын айтқан болатын» дей келе, мына сияқты мысалдарды
берген:
мойын
зат.
Басты кеудемен жалғастыратын дене мүшесі.
Енді біз адамның мойынын алып
соған форма жағынан ұқсас
келгендіктен
шамның мойны, бөтелке (шөлмектің) мойны
деп те
айтатын болдық.
Өңеш
зат
1. жұтқыншақ пен асқазан арасындагы ас
жүретін жол. 2. бір нәрсе өтетін кез келген тар жер; пештің түтін
шығаратын бөлігі, яғни, заттың үңгір қуысы
деген ауыс мағынаға ие
болады.
Біздіңше, бұл алынған мысалдар сәтті шықпаса керек.
Өйткені, жоғарыдағы сөздердің беріп тұрған мағыналары басқа-
басқа заттардың атауы болып ауысқанмен де, олар өз ара омоним
бола алмайды. Бұл тек бір сөздің мағыналарын дамытып,
көп мағыналық тудырудың жолы ғана.
Бұдан метафора омоним
жасауға негіз бола алмайды деген ұғым тумаса керек. Біз
Б.Хасановтың пікірімен әрине, келісеміз. Метафораның негізінде
жасалған семантикалық омонимдердің пайда болуы дамудың ұзақ
жолынан өтеді. Мәселен,
Достарыңызбен бөлісу: