133
барысында біз кейде тілімізге жаңа сөз енгізетін болсақ, енді бірде
сөздік қорымызда бұрыннан бар сөздің бұрынғы қалыпты,
дағдылы
мағынасының үстіне қосымша жаңа мағына үстейміз. (Оның өзі
екі заттың ұқсастық белгісіне негізделеді).
Сонымен, көп мағыналы сөздер туынды (ауыспалы)
мағынаның пайда болуынан келіп шығады. Тілде бұл құбылыс,
әсіресе, соңғы кезеңдегі еліміз өз тәуелсіздігін алып, егеменді ел
болған, тіліміздің мемлекеттік мәртебе алған шағында қатты
байқалып отыр. Атап айтсақ, соңғы жылдардың өзінде ғана
тілімізде бұрыннан бар толып жатқан сөздер жаңа бір терминдік
мағынаға ие болып отыр. Мәселен,
әкім (администратор),
мәжіліс (Парламент палатасы), даңғыл (проспект), отбасы
және жанұя (семья), әдіс (метод), әдістеме (методика), тіркеме
(прописка), безендірме (транспарант), бекіткіш (фиксаж), ғимарат
(сооружение), термеші (сборщик), топтама (серия, цикл) т.с.с.
Сондай-ақ, ақпараттық технологиямен байланысты (компьютер,
ғаламтор желісінің өріс алуына орай), тілімізге жаңа сөздер де ондап
емес жүздеп, мыңдап еніп жатыр. Оған дәлел – соңғы жылдары
жарық көрген газет-журнал бетіндегі
жаңа атаулар туралы
мақалалар мен Р.Сыздықованың редакторлығымен «Ана тілі»
баспасынан шыққан «Жаңа атаулар» кітабы.
Шынтуайтқа
келгенде,
болмыста,
қоғам
өмірінде
кездесетін заттар мен құбылыстардың, іс-әрекеттердің бәрін
бірдей жеке-жеке сөздермен атау тілді оралымсыздыққа, шамадан
тыс күрделілікке ұшыратар еді. Бұрыннан бар сөздің әуелгі
мағынасының үстіне жаңадан қосымша мағына қосу, соның
негізінде ол сөзді көп мағыналыққа айналдыру - тілімізді
неғұлым ықшамды, икемді етудің өте тиімді жолы. Түркі
тілдерінің материалдары полисемантизмнің зат есімдер, сын
есімдер мен етістіктерде көп кездесетінін көрсетеді.
Қазақ тіл білімінде көп
мағыналы сөздердің зерттелу
дәрежесі қандай дегенде, онда ірілі-ұсақты мақалалардан басқа
сүбелі сңбектердің қатары да көбейіп келе жатқандығын айтуға
болады. Солардың ішінде арнайы зерттеулер Р.Садықбековтің
«Қазақ
тіліндегі
сөздердің
көп
мағыналылығы»
және
Б.Хасановтың «Метафораның сөздің көп мағыналылығын
тудыруы» атты диссертациялық жұмыстары мен М.Оразовтың
«Қазақ тілінің семантикасы» атты еңбегі өз алдына атап
айтарлықтай жұмыстар қатарына жатады. Бұл еңбектерде көп
134
мағыналы сөздерге біршама толық анықтама беріліп, олардың
жасалу
жолдарына,
сан
алуан
ерекшеліктеріне
қатысты
мәселелердің басы ашылған. Алайда көп мағыналы сөздердің
есебінен омоним, синоним,
антоним сияқты лексикалық-
семантикалық топтардың қатары байып, кеңейетіндігі жөнінде
мағлұмат аз. Сондықтан да, біз өз еңбегімізде, осы құбылысқа
баса назар аударып, біршама нақты мысалдармен ондай
байланыстардың болатындығын, барлығын дәлелдеп көрсетуге
тырыстық.
Тіліміздегі сөздер өз мағынасына қарай түрлі топтарға
бірігіп отырады. Осындай топтардың бірі лексика-семантикалық
топтар (ЛСТ). Лексика-семантикалық топ мүшелерінің арасындағы
байланыс лексикалық мағынаға негізделеді. Бұндай лексика-
семантикалық топтардың ішінде ортақ семаға бірігетіндер: көп
мағыналы
сөздер мен синонимдер, ал мағына қарама-
қарсылығына антонимдер және дыбыстық сыбайластыққа омоним
сөздер негізделеді де тілімізде бірнеше лексикалық-семантикалық
топ құрайды. Әрбір сөз бір лексика-семантикалық топтың
құрамына еніп, белгілі бір орынға ие болады. Ондай сөздердің
мағыналарының немесе дыбыстық жамылғышы арасында белгілі
бір байланыс болуы керек. Сөздердің мағыналық сыбайластығы
оларды бір топқа біріктіріп жүйе ретінде талдауға мүмкіндік
туғызады. Ал жүйе болса, сол мағыналық қарым-қатынастың
сырын толық түсінуге мүмкіндік береді. Бір жүйеге түсіп, бір
лексика-семантикалық топтың құрамына енген сөздер ғана
бір-бірімен байланысып қоймайды. Әр түрлі лексикалық-
семантикалық топтар да өзара бірімен-бірі тығыз байланысып
жатады. Ал мұның өзі тілдің жүйелі
құрылым екендігін растай
түседі. Мұндай топтардың арасындағы байланыс лексикалық-
семантикалық топтардың бәріне де тән болғанмен де, көп
мағыналы сөздердің басқа лексика-семантикалық топтармен
байланысы мықтырақ болады. Оны жоғарыдағы тарауларда
келтірілген мысалдармен дәлелдедік. Мәселен, көп мағыналы сөздің
бастапқы (негізгі) мағынасы өзімен мағыналас сөздермен бір
синонимдік қатар құрса, сөзде екінші мағынаның дамуы негізінде
жаңа синонимдік қатар (сыңар) жасалуы ықтимал. Сондықтан
да мағыналас сөздерді белгілі бір синонимдік қатарға топтау
үстінде көптеген мәселелер сөздің негізгі (номинативті),
ауыспалы және контекстік мағыналарымен түйіседі.
135
Көп мағыналы сөздер жеке-жеке ұғымды білдіргендіктен,
олардың әрбір мағынасы бөлек-бөлек синонимдік қатар құруға
себепші болады. Мысал үшін
аудару
сөзін
алатын болсақ, ол сөз
алты түрлі мағына береді:
Достарыңызбен бөлісу: