аялау ет. 1.
Әлпештеу,
мәпелеу (негізгі тура мағына) 2. ауыс. құшағына алу, нұрына бөлеу.
Осындағы негізгі мағынаның антонимі бар:
аялау - қорлау. Төрт бөліп түн ұйқымды, құлынымды, Күтуден аялаудан танбаушы едім (К.Райбаев).
Жас баланы аялап, Ата-ананың көңілі шат (О.Шипин).
Баланы кемсітуге, тілдеп зәбірлеуге қорлауға болмайды. (Халық
мұғалімі).
Азy ет. 1. Арықтап жүдеу, еттен арылуы. 2. ауыс. Дұрыс
жолдан
таю, бұзылу.
Азу-оңалу. Мен сәлем жазамын, Қарағым қалқама, қайғыңнан азамын, Барушы айта ма (Абай).
Тамағы түзелсе-ақ оңалып жүре береді бұл сырқат, - дeдi Айбарша (С.Мұқанов).
Сол сияқты
аулақ сөзі үш түрлі мағынада қолданылады.
Аулақ сын. 1. Алыс, жырақ, қашық. 2. үст. ауыс. Оңаша, жеке, бөлек
және 3. од. Алыс жүр, кет әрі. Осыған антоним ретінде
жақын сөзін аламыз. Ол бірінші, үшінші мағыналарға антоним болып
келеді, ал үстеулік ауыс мағынаға «бірге, топталып» дегендерді
антоним қылып алуға келмейді. Кейде сөз негізгі номинативті
мағынасында қолданылғанда антоним болатын сөздер ауыс
мағынасында да антоним бола береді. Мәселен,
ақ сөзінің
негізгі мағынасы қардың, сүттің, бордың түсін білдірген кезде
қара сөзі оған антоним болады. Сондай-ақ бұл сөздің
адал, кінәсіз, жазықсыз, айыпсыз, таза деген сияқты ауыспалы мағынасы да бар.
Жоғарыда келтірілген түсті білдіретін
қара сөзінің де
«кіналы, айыпты, арам» деген мағынада қолданылатын кездері болады. Осы
орайда, бұл екі сөз тағы да бір-біріне қарсы мағынада жұмсалып
антоним болады.
Ақ көңіл - қара ниет дегенде де осыны
аңғарамыз.
Қара көз, қиғаш қас, Қараса жан тоймас. Аузың бал қызыл гүл, Ақ тісің кір шалмас (Абай).
Ақ -қарамды тексермедің бе, өңшең қан жұтқан, қара бет?! - деп, қанталаған көзімен Құнанбайға бұрылып атып жібергендей қарады. (М.Ә.) Бұны
сондай-ақ