20
жиынтығы етіп қоймай, оларды жүйеге келтіреді.
Лексикадағы
жүйелілік тек қана синонимдік қатар, антонимдік сыңар, лексика-
семантикалық топтарда (ЛСТ) ғана емес, сол сияқты қандай да бір
негізгі ортақ тақырыпқа біріккен тіліміздің сөздік құрамындағы сөздер
жиынтығынан да көрінеді. Сөздердің ондай тобын тақырыптық топ деп
атайды.
Тіл білімінде тақырыптық (тематикалық) топ және лексика-
семантикалық топ деген екі термин қатар өмір сүреді.
Көптеген
зерттеушілер
сөздерді
тақырыптық
топқа
топтастыруда
лингвистикалық қағидат негізге алынбайды, зерттеулердің табиғи
белгілері, объективтік қатынастары тағы сондай-сондайлар негізге
алынады. Ал лексика-семантикалық топ сөздердің лексикалық
мағынасына негізделеді, яғни сөздердің антонимдік,
синонимдік не
ұштас мағыналары есепке алынады дейді. Шынында да бір
тақырыптық топқа біріккен сөздердің
арасында
ешқандай
мағыналық байланыс болмауы да мүмкін. Мәселен,
үй
жиһаздарының атаулары
өз алдына бір тақырыптық топ құрайды.
Сонда ол топтың ішіндегі мүшелер, яғни сөздер өзара семантикалық
байланысқа түспейді десе де болады. Алайда, олардың арасында
мүлдем ешқандай байланыс болмайды деуге болмайды. Оны
тілші М.Оразов пен Э.В. Кузнецованың айтқан мына бір
пікірлері растай түседі: «Единство элементов тематических
групп определяется прежде
всего денотативным фактором,
общностью самих явлений. Семантические связи между словами в
рамках таких групп довольно разнообразны: часть и целое (щека-
лицо),
функциональные связи предметов (поеъзд-рельсы), а также
родо-видовые отношения (скот-корова)» [13, 71].
«Тематикалық топ сөздердің тек денотаттық мағынасына (кейде
объективті дүниедегі заттардың өзгеруіне) негізделсе, лексика-
семантикалық топ сөздердің лексикалық (әрі денотаттық, әрі
сигнификаттық, әрі ішкі лингвистикалық) мағынасына
негізделеді»,- деп көрсетеді М.Оразов [14, 8].
Лексика-семантикалық топтар мен
болмыстағы бар заттардың
қандай да бір тобын белгілейтін сөздердің бірлестігін яғни
тақырыптық топтарды ажырата білу керек. «Такого рода объединения
слов, основывающихся не на лексико-семантических связях, а на
классификации самих предметов и явлении, можно назвать
тематическими словарными группами», - дейді Ф.П. Филин [15, 526].
М.Оразов өзінің семасиология мәселесіне арналған оқулығында
21
Щурдың «Теория поля в лингвистике» деген еңбегіне талдау жасай
отырып, оның тақырыптық топтарға сөздерді
топтастырғанда өріс
теориясын қолданып, оған сөздердің парадигмалық қатынасын негіз
етіп алғандығын айта келе, автордың тақырыптық топтың (өрістің)
құрамына енген сөздер семантикалық ерекшелігіне қарай бірізді
болмай, бір жағынан синтаксистік қасиетімен, екінші жағынан
белгілі бір затты білдіретіні, әрі экстралингвистикалық әрі
лингвистикалық жақтан көрінеді
деген пікірімен келісе отырып,
«синоним болсын, антоним болсын сөздердің арақатынасынан туады,
ол заттардың өзіндік белгілерімен ғана емес тілдік заңдылықтармен де
қалыптасқан дәстүрмен де байланысып жатады», - деп түйіндейді
/Қараңыз: М. Оразов, 1991/.
Егер тақырыптық топтағы сөздердің біреуі уақыт өте келе басқа
сөздермен ауыстырылса, ондай ауыстырылу сол топтағы сөздердің
стилистикалық бояуына, мағынаның өзгеруіне әкелмейді. Мәселен,
егер
Достарыңызбен бөлісу: