Құрғақ теміреткі



Дата14.02.2022
өлшемі16,6 Kb.
#25460
Байланысты:
тері аурулары


Тері ауруларының пайда болу себептері мен салдары (қышыма, теміреткі, безеу бөртпелері). Белгілері мен алдын алу шаралары

Тері аурулары түрлі факторлардың әсерінен: дұрыс тамақтанбау, дәруменнің жетіспеуі, жеке гигиена ережелерін сақтамау, күйзеліс, ішімдік ішу, сонымен қатар тері ауруларының қоздырғышынан (саңырауқұлақтар, бактериялар, қарапайымдылар, кенелер) пайда болуы мүмкін. Теміреткі мен қышыма – жұқпалы тері ауруы. Олар сырқат адамның терісіне тікелей жанасу немесе оның заттарын пайдалану арқылы жұғуы мүмкін.



Құрғақ теміреткі паразиттік саңырауқұлақтың әсерінен пайда болады. Белгілері: қызыл қабыршақталған дақ түрінде терінің зақымдануы, сондай-ақ терінің түкті бөлігінің түсіп қалуы.

Терідегі құрғақ теміреткі

Шаш түбімен түсіп қалады және зақымдалған аймақтағы шашты әдейі кескендей әсер береді.

Қыз баланың басындағы құрғақ теміреткі

Аурудың алдын алу үшін сырқат адамның киімдері мен аяқ киімдерін, оның басқа жеке заттарын қолданудан аулақ болған жөн. Мысық пен ит сияқты сырқаттанған үй жануарларымен байланыста болу ауруды тудыруы мүмкін. Иесіз жануарларды ұстағанда абай болу керек. Оларды ұстағаннан кейін қолды мұқият жуу қажет.

Мысықтың құлағындағы құрғақ теміреткі

Қышыма ауруы паразиттік қышыма кенесінің жұғуынан пайда болады. Бұл жәндіктің көлемі өте кішкентай болады, шамамен – 0,5 мм. Ол терінің үстіңгі қабатында жол салып, жұмыртқалап тіршілік етеді.

Адам терісіндегі қышыма кенесі (3D модель).

Сырқат адамның кене жұқтырған жері қатты қышиды. Көбіне саусақтардың арасы, шынтағы, табаны, тізе асты, жамбастың ішкі жағындағы терісі зақымданады.

Қышымамен ауыратын адамның аяғы

Егер ауру асқынған болса, терінің көп бөлігі зақымдануы мүмкін. Қышыма ауруы сырқат адаммен байланыста болу (қол алысу, құшақтасу) арқылы немесе оның жеке заттарын (киімі және жеке гигиена заттары) қолдану арқылы жұғады.

Қышыма кенесінің микроскоптық көрінісі

Жұқпалы тері ауруларының алдын алу үшін үйді дезинфекциялық ерітінділермен үнемі тазалап отыру қажет.

Көбіне жасөспірімдердің бетінде безеу бөртпелері пайда болады. Бұл сырқат ағзадағы гормонды өзгерістер, теріні дұрыс күтпеу және дұрыс тамақтанбау себептерінен пайда болады.

Беттегі безеу бөртпелері

Тері саңылаулары шаң-тозаң бөлшегі, май бездерімен бітеліп қалуы мүмкін. Бұл бактериялардың көбеюіне ықпал етеді, нәтижесінде сол аймақтар қызарады, іріңді қабыну мен іріңді жаралар пайда болады.

Қалыпты тері және безеу бөртпелері бар тері

Безеу бөртпелерінің алдын алу үшін теріні уақытында тазалап, дұрыс тамақтанып, қантты және майлы тағамдардан бас тартқан жөн. Безеу бөртпелерін сығуға болмайды, себебі бұл қан тамырының тұтастығының бұзылуына әсер етіп, бактериялардың терінің терең қабатына енуіне ықпал етуі мүмкін. Нәтижесінде терінің қабынуы мен қанның улануы мүмкін.

1. Ағзаның сыртқы ортаның түрлі жағдайларынан қорғайтын мүшелер жүйесі қалай аталады?

2. Жануарларда бөліп шығару мүшелеріне қандай мүшелер жатады?

3. Жануарларда бөліп шығарушы мүше тері арқылы қандай заттар бөлінеді?

4. Тері қандай қабаттардан тұрады?

5. Ағзада тері қандай қызметтер атқарады?

6. Терінің қандай мүйізденген түр өзгерістерін білесіңдер?



7. Бет терісі,шаш неліктен майланады?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет