Сҥректік-талшықтық плиталар (ДВП). Бұл ыстық престеу және кептіру
үрдісі кезінде алынған, сүректік-талшықты массадан жасалған кілем түрінде
қалыптасқан беттік материал. Сүректік талшықтар деп шартты түрде сүректің
(жаңқа) сынуы кезінде туындайтын үзінділерді, топтарды айтады.
Массаның кілем болып қалыптасуы немесе пресстелуі кезінде сулы немесе
ауалық ортада орналасуына байланысты ДВП-ны жасаудың ылғал және құрғақ
түрлерін ажыратады. Едәуір кең тараған әдіс, картон ӛндірісіне жақын ылғал
тәсіл, алайда соңғы кездері ДВП ӛндірудің құрғақ әдісі кең қолданыс табуда.
Ылғал әдісте плитаның беріктігін талшық аралық байланыстармен қамтамасыз
етеді, ал енгізілетін қоспалар басқа қасиеттерді, мысалы суға тӛзімділікті
арттыруға бағытталған. Құрғақ әдіс кезінде беріктендіретін плитаға
байланыстырушы-синтетикалық шайырды енгізеді, сондықтан құрғақ әдіспен
алынған ДВП ӛндірісін үлкен негізбен композициялық сүректік материалдарға
жатқызуға болады.
Сүректік-талшықты плиталар құрылыста, ағаш үйшіктерді жасауды, жиһаз
ӛндірісінде, кеме, вагон, машинажасауда және ӛндірістің басқа да салаларында
конструкциялық, оқшаулағыш және жекелеген материал ретінде қолданылады.
Ылғал әдіспен (МемСТ 4598-86) келесі тығыздықтағы плиталар
дайындалады, кг/м
3
:
220
ӛте қатты СТ...............................................950...1100
қатты Т........................................................800...110
жартылай қатты НТ....................................≥600
жұмсақ:
М1...........................................................200...400
М2...........................................................200...350
М3...........................................................100...200
Егер қатты плиталар жіңішке дисперсті сүректік массадан беттік қабатқа
ие болса марканың белігенуіне С деген әріпті қосады, егер беттік қабат
болялған болса – П; суға жоғары тӛзімділікті В әрібі кӛрсетеді. Т, Т-С, Т-П, Т-
СП маркалы қатты плиталар физика-механикалық кӛрсеткіштерінң деңгейіне
байланысты А және Б топтарына, ал беттегі ақаулардың саны мен ӛлшемдері
бойынша І және ІІ сұрыпқа жатқызады. Ӛте қатты, қатты, жартылай қатты
плиталарды қалыңдығы 2,5-тен 6 мм (5 ӛлшемде), ұзындығы 1220-ден 3660 мм-
ге дейін (10 негізгі ӛлшемде), ені 610-нен 2140 мм-ге дейін (6 ӛлшемде), ал
жұмсақтарын 8, 12, 16 мм қалыңдықта; 1220-дан 3000 мм-ге дейінгі ұзындықта
және ені 1220 мм етіп шығарады. Плитаның шартты белгіленуінің мысалы
келесідей: «Т-СП, т. Б, ІІ с., 3050х2140х3,2, МемСТ 4598 – 86».
Майыстыру кезіндегі плиталардың беріктік шегі, МПа (тӛменгі шегі):
ӛте берік......................................................47
суға тұрақты беріктік..................................40
А/Б топтағы беріктік...................................38/33
жартылай берік...........................................15
Жылу оқшаулау үшін тағайындалған жұмсақ плиталар аз беріктікке (М1,
М2, М3 маркаларда сәйкесінше 1,8; 1,1 және 0,4МПа) және тӛмен жылу-
ӛткізгіштікке (0,05; 0,07; 0,09Вт/м
0
С) ие.
ДВП-ның әртүрлі маркалары үшін ісінудің, ылғалдылықтың (3...12%), су
жұтудың және басқа да қасиеттердің талықтарға перпендикуляр созылуы
кезінде (қатты және ӛте қатты плиталар үшін) дифференцияланған нормалары
орнатылған.
Құрғақ әдіспен дайындалатын ДВП ТУ 13-444-83 сәйкес келесі маркаларда
болады: жартылай қатты – ПТс-220, қатты – Тс-300, Тс-350, Тс-400, Тс-450; ӛте
қатты – СТс-500.
Плиталарды ажарланған (бір немесе екі жағынан) және ажарланбаған
түрінде шығарады. Беттегі кездесетін ақау түрі мен ӛлшемдері бойынша
ажарланбаған плиталар А және Б тобына жіктеледі. Плиталардың ұзындығы
1200...5500 мм, ені 1000...1830 мм, қалыңдығы 5...12 мм. Плиталардың
ылғалдылығы (5±3)% құрайды. Ажарланған плиталардың кедір-бұдырлық
параметрі R
mmax
100мкм-ден артық емес. Маркалары бойынша тығыздық,
беріктік, сужұту және ісінуге қатысты, сонымен қатар, басқа да талаптардың
дифференцияланған нормасы орнатылған.
221
Ӛндірудің екі әдісіндегі сүректік-талшықты плиталарды шаршы метрде
плитаның қалыңдығын кӛрсете отырып есептейді. Қатты плиталар тозуға
тӛзімді, желімденуге және қапсырмалауға оңай бейімделеді [23]. МемСТ 8904 –
81 сәйкес беттік қабатындағы сырлы жабындысы бар плиталарды шығарады.
Плиталардың арнайы түрін: биотұрақты, ӛртке тұрақты, битумирленген,
профилактіленген және т.б. шығарудың технологиясы дайындалған. МГУЛ-де
азулы плиталарды дайындау технологиясы жобаланған. Шпонмен, пластикпен,
пленкамен қапсырмаланған плиталар да дайындалады. Соңғы уақытта, әсіресе
шет елдерде, қалыңдығы бойынша бірдей тығыздықтағы плиталардың ӛндірісі
кең таралған. Бұл плиталар МДФ белгіленуіне ие болған (Medium Density
Fireboards).
Достарыңызбен бөлісу: |