Рылыс академиясы


Технологиялық сҥректік ҥгінділер



Pdf көрінісі
бет131/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   149
Технологиялық сҥректік ҥгінділер. Ұсақталған сүректің бұл түрін 
целлюлоза, ағаш материалдары мен гидролиз ӛндірісінде, сүректік плиталарды 
жасауда пайдаланады. Ағаш материалдарын арамен кесу нәтижесінде алынған 
гидролиз үшін қолданылатын технологиялық үгінділер МемСТ 18320-78 
бекітілген бірқатар талаптарға жауап беруі тиіс. Спирттік және ашытқы 
бағытындағы гидролиз зауыттары үшін тек қылқан жапырақты немесе тек 
жалпақ жапырақты ағаш тұқымдастарынан алынан үгінділер ғана қолданылуы 
мүмкін; қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты ағаш тұқымдастарының 
үгінділернің қоспасын пайдалануға рұқсат етілген (алайда спиртті ӛндіру үшін 
қылқан жапырақтылардың үлесі 70% кем болмауы тиіс). Фурфороль бағытын-
дағы зауыттар үшін тек жалпақ жапырақты ағаш тұқымдастарының үгінділері 
қолданылады. 
Үгінді құрамында 8% артық қабық, 5% артық шірік және 0,5% артық 
минералды қоспарлар болмауы қажет. Үгінділер ішінде диаметрі 1 мм болатын 
саңылаулары бар елеуіштен ӛткен 10% артық емес сүректің ұсақ түйіршіктері, 
және диаметрі 30 мм саңылаулардан тұратын електе қалған 5% да кӛп 
болмайтын ірі түйіршіктері болуы қажет. Технологиялық үгінділерді ӛтпелі 
коффициенттерді пайдала отырып, тығыз массаның кубтық метрінде ӛлшейді. 
Сҥрек жоңқасы. Жоңқа дӛңгелек ағаш материалдарынан, кесілген ағаш 
материалдарының кесек қалдықтарынан, ағаш ӛңдеуден, фанер және сіріңке 
ӛндірісінің қалдықтарынан жасалады және тағамдық және ӛндірістік тауарлар-


214 
дың қораптары үшін, фибролитті плиталарды жасау үшін және т.б. тағайын-
далады. МемСТ 5244 – 79 бойынша жоңқаның тағайындалуына байланысты 
алты маркасы қарастырылған. Жоңқаның қалыңдығы 0,05-тен 0,5 мм-ге дейін, 
ені 2-ден 8 мм-ге дейін, ұзындығы 200-ден 530 мм-ге дейін жетеді. Кӛптеген 
жағдайда қылқан жапырақты және жұмсақ жалпақ жапырақты ағаш тұқым-
дастары қолданылады. Мысалы, жемістерді қаптау үшін тек шырша, жӛке, 
кӛктерек сүрегінен жасалған жіңішке және енсіз жоңқа, ал жұмыртқаларды 
қаптау үшін – шырша мен майқарағайдан алынатын едәуір ірі жоңқа 
қолданылады. Жоңқа сүрегінде шірік пен кӛгергендікке жол берілмейді. 
Саңырауқұлақ дақтары мен ятролық реңдерге қойылатын талаптар жоңқаның 
тағайындалуына байланысты дифференцияланған.
Ағаш ҧны. Бұл кесілген ағаш пен ӛңделген ағаш қалдықтарын құрғақ 
механикалық ұнтақталған ӛнімі. Ағаш ұны толтырғыш, сүзгіш материал, 
жұтқыш ретінде пайдаланылады және пласмассалар, линолиум, ӛндірістік 
жарылыс заттары және басқа да мақсаттарда қолданылады. Ағаш ұнының 
тағайындалуына байланысты оның дайындалуына қылқан жапырақты не 
жалпақ жапырақты ағаш тұқымдастарының сүректері не болмаса олардың 
қоспасы қолданылады. Ағаш ұнының физика-механикалық қасиеттеріне, оның 
гранулометриялық құрамына және басқа да кӛрсеткіштеріне қойылатын талап 
МемСТ 16361-87 айтылған, ал ағаш ұнын сынау МемСТ 16362-86 регламент-
телген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет